Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер 8 сынып

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы.

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Биология пәні мұғалімі:Тумарбаева Назым Сериковна

Сыныбы: 8 сынып

Сабақ тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.

Сабақ мақсаты: Қанның құрамын, қан жасушаларын және эритроциттерді түсіндіру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Қан плазмасы мен қан жасушалары туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ әдісі: Баяндау әдісі.

Көрнекілік: Тірек-сызба, плакат.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру (2 мин.)

2. Пысықтау сұрақтары (5 мин)

3. Жаңа тақырып түсіндіру (20 мин.)

4. Бекіту (5 мин.)

5. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

6. Бағалау (2 мин.)

7. Үйге тапсырма (1 мин.)

8. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру сәті:

1) оқушылармен амандасу.

2) мәлімдеме бойынша журнал толтыру.

2. Пысықтау сұрақтары:

1. Бұлшықеттердің ең басты қызметі.

2. Бұлшықеттерді қандай белгілеріне қарап топтастырады?

3. Қолды бүгетін, жазатын бұлшықеттер топтары қалай орналасады?

4. Бұлшықеттердің қажуы қандай жағдайларға байланысты?

5. Көкет дененің қай жерінде орналасқан және қандай қызмет атқарады?

3. Жаңа тақырып: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Қанның қызметі:

  1. Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен

өзара байланыстырады.

  1. Оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады.

  2. Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.

  3. Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.

  4. Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.

  5. Ағзаны зиянды микроптардан қорғайды

  6. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды.

  7. Жасушаларда қышқылдың, судың денгейін реттейді.

  8. Қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю қабілеті).

Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпОрганизмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпҚанның құрамы плазмадан (55%)

қан жасушаларынан (45%)

Қан плазмасы - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Плазманың құрамында 90-92 % су, 7-8 % нәруыз, 0,12 % глюкоза, 0,7-0,8 % май, 0,9 % тұз болады.

Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпальбуминдер (4,5%)

ПОрганизмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпОрганизмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныплазмадағы нәруыздар глобулиндер (1,7-3,5%)

фибриногендер (0,4%)

Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі.Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырлып, тырысып қалады.

Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпэритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары)

ҚОрганизмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпОрганизмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сыныпан жасушалары лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)

тромбоциттер (қан пластинкалары)

Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді.Пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды.

Гемоглобин - қанның қызыл түсті пигменті. Оттекпен қосылған гемоглобинді - оксигемоглобин дейді.

4. Бекіту сұрақтары:

1. Қандай сұйықтықтар ағзаның ішкі ортасын құрайды?

2. Қанның құрамында қандай жасушалар бар?

3. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

4. Қан плазмасының қан сарысуынан қандай айырмашылығы бар?

5. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

6. Гемоглобиннің өзіне тән ерекшеліктерін атаңдар?

5. Үй тапсырмасын сұрау: 6-шы тарау. Тірек-қимыл жүйесі бойынша сабақ сұрау.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма: 27 тақырыпты оқып, мазмұндау. 56-суретті салып келу.

8. Қорытынды: Қанның құрамы - плазмадан және қан жасушаларынан тұрады. Қан плазмасы - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Қан жасушаларына -

эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады.



© 2010-2022