7 сынып ашық сабақ

1.     Біздегі  қандай   құстарды  санитар  деп  атауға  болады?себебі? 2.     Ауланатын    кәсіптік  құстарға   қайсысы  жатады? 3.     Аққудың     кейбір   түрінің   дауысы   неге  ұқсайды? 4.     Қоқиқаздың  қосымша  аттары қандай? 5.     Қазақстанда   қандай   қорықтар  бар? 6.     Аңға  салатын   құстың басына  кигізетін   қалпақшаны  қазақ  тілінде қалай атайды? 7.     Құс баптап,онымен   аң аулаушының   қазақша атауы?    Аян: Көлдің көркі сән екен         Адамдар қорғап сақтаған. Ұшқанда...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Головацкий атындағы орта мектеп



ҚҰСТАР ӘЛЕМІ ЖӘНЕ АТА-БАБА ДӘСТҮРІ



Биология пәнінің мұғалімі:Г.Б.Рысбаева



2014-2015 ж

7 сынып ашық сабақ



Жасұлан: Халқымыздың ізгі армандары жүзеге асқан кезең де біз еліміздің ,жеріміздің тарихына ұлттық болмыс-бітімімізге бұрынғыдан да тереңірек үңіле бастадық.Ғасырлар қойнауынан бастау алған өткенімізді білмей турып, бүгінгімізді толық тану мумкін емес .

Көненің көзі қай жерден болсын табылады.Өзің туған ауыл шетіндегі баяу аққан өзенде шетсіз-шексіз далада ,бірде мұңды, бірде асқақ халық әндері де өткен күндердің куәсі.

Зере : Балалық жастық шақтағы оқығалар мен әсерлер адам мінезін қалыптастыратыны сияқты откенді түсінусіз, ғасырлар бойы жинақталған салт-дәстүрмен мәдениетсіз ұлттық мінезде болмайды қазақ халқының жақсы салт-дәстүрлері өте көп . Олардың ішінде жан-жануарларға байланыстысы бәр төбе. Ата-бабаларымыз құстарды бағалаған десеңші! Үйге қарлығаш ұшып келсе, ежелден жақсы ырым саналған ол шаңыраққа бақыт әкеледі. Ұя салып, балапан басып олардың қанаттары қатайып ұшқан кезде ғана қазақтар үйін жығып көшуге бет алған.

Жасұлан: Біз өткен тақырыптардың, сыныптан тыс оқығандарымыздың, құстар туралы көрген фильмдерді бақылап білгендеріміздің қорытындысы ретінде бүгінгі сабақ құстардың ғажайып әлеміне, олардың ата-бабамыздың өміріндегі маңызына арналмақ.

Зере: Ерте кезден-ақ кез- келген халық құстарды дара қасиеттеріне қарап бағалаған. Мысалы, бүркіт - қырағылықты, билік иесін; қарға - ұзақ, өмірді; қораз- шайқасуды білдіреді.

Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендік символы- туымызда көкке самғаған бүркіт бейнеленген (Қазақстан туы салынған плакатты көрсетеді).

Жасулан:Туымыздағы бүркіт бейнесі нені білдіреді?

Ерсұлтан: Бүркіт - құс патшасы. Қыран дегеніміз - ұлылық, ар-намыс,еркіндікті сүю,тәуелсіздік, бостандық,ерлік, асқақтық,биік ойлау, қырағылық.Туған жердің аспанында бейбіт қалықтаған бүркіт-біздің көп ұлтты егемен мемлекетіміздің асқақ ,еркіндікті сүйгіш рухын қадірлейтін барлық дос халықтарға құшағын жайған дала халқының кең пейілінің символы.

Зере: Ата-бабамыз жыртқыш құстарға қалай қараған?

Ербақыт: Олар қыран,сұңқар, т.б. құстарды қадірлеген.Тәжірибелі аңшылар бұл құстарды қазіргі уақытта да аң аулауға пайдаланады.Ауылдың маңында құсты өлтірү сол ауыл тұрғындарын мазақ ету деп саналған. Өлген қыранды лақтыра салмай, жерге көмген, ал аң аулауға жарамсызын тауға апарып еркіндікке жіберген.

Жасұлан: Аңға құс салу қазақ тұрмысының қайталанбас ерекшеліктерінің бірі. Жабайы құстарды үйрету тәжірибесі ғасырлар бойы жинақталып, құпиялары әкеден балаға беріліп отырған.

Сіздер қазақ әдебиеті сабағында ұлы ақын Абай Құнанбаевтің шығармаларымен таныссыздар ғой. Оның бір өлеңінде бүркітпен аң аулау көрінісі керемет суреттелген. Осы өлеңді Әсия оқып берсін.

Әсия: (Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі оқылады.)

Зере:Бүркітке ұқсайтын тағы да қадай құс бар

Батыр:Сұңқар деген құс-халық ауыз әдебиетінің сүйікті киіпкері,батылдықтың,еркіндікті сүйюдің белгісі. Мысалы,қазақ эпосы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Қозы Көрпештің өзін сұңқарға теңейтін жері бар.

Зере: Сұнқардың негізгі ерекшелігі - шапшаңдығы. Сұңқармен аңға шығуды қазақ халқы ерте кезден жақсы көрген. Бұл қай кезде бастау алып еді?

Қ. Сымбат: Сұңқармен аң аулау осыдан 2,5 мың жыл бұрын Шығыста қолға алған. Құсбегі аңды өзі емес, арнайы үйректен құсымен қолға үйреткен. Оқ ататын қарудың жоқ кезінде бұл жағдайдың артықшылығы көп. Түсімі де жақсы, сұңқар бір күнде отызға жуық қоянды ұстай алады. Жақсы үйретілген, алғыр құстар ертеде де, қазіргі кезде де қымбат бағаланған.

Біздің еліміздегі жыртқыш құстардың көпшілігі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Браконьелер сұңқарларды шетелге сатып, көп ақша табады. Бұл құстарды сыртқа әкетуге бізде заң жүзінде тыйым салынған. (Оқушыларға сирек кездесетін жыртқыш құстардың суреті бар плакат көрсетіледі.)

ІІІ. Құстар - ән мен жыр арқауы.

Зере: Қазақ халқының өмірінде музыканың орны ерекше. Мұңы да, шаттығы да әуенмен алмасып жатады. Музыка арқылы халық табиғат дыбыстарын, өзінің сезім-толғаныстарын бере білген. Енді домбыраның сиқырлы үніне құлақ түрейік.

Ербақыт: (Н.Тілендиевтің «Аққу»)күйін тартады.

Зере: Бұл қандай күй, авторы кім екенін білесіздер ме?

Оқушылар: «Аққу» күйі, Н.Тілендиев.

Зере: Аққу -тамаша құс. Оның бейнесі ертегілерде сұлулықты, тазалықты, қайырымдылық пен махаббатты паш етеді. Қазақтар оны киелі санайды. Аққу туралы Мәрияның дайындаған баяндамасын тыңдайық.

Іңкәр: Аққу-қаздар - ежелгі түріктер мен қазақтардың тотемі (аң құстарға табыну) болған. Аққуды - «қу» деп те атайды. Алтай түреіктері - құмандардың атамекені Құмания (Қу елі) деп аталған. Өзінің этникалық атауын сақтаған алтайлықтар Қу өзені бойында әлі де өмір сүруде.

Даланың абыз ақыны Асан-қайғы қазақтың тұңғыш ханы Жәнібекке айтқан өсиетінде оны алысты болжайтын солақай саясаттан сақтандырып:

Құладың құстың құлы еді, Елге жау боп келеді:

Тышқан жеп жүні түледі,- Құладың қуды өлтірсе -

Аққу құстың төресі Өз басыңа келеді!

Ен жайлап көлде жүр еді. Құлың көп сені өлтірер,

Аңдып жүрген көп дұшпан Осыны Асан біледі, - деген екен.

Жасұлан: Қазақтың белгілі ақыны М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бар. Бұл шығарма аққуды өлтіру үлкен күнә, адамға бақытсыздық әкеледі деген халық сенімін арқау етіп, аққулардың қадір-қасиетін баяндайды. (Аяулым осы поэмадан 5-6 шумақ үзінді оқысын)

Аяулым: Аққулар... Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Аққу мойын, сүмбе қанат, Етермін тағдырыңды кімге

Алаңсыз тарануда күнге қарап. аманат!

Зере: Белгілі ақын Сәкен Сейфуллин де кезінде аққу туралы көп материал жинап, аңыз әңгімелерді жарға қосқан. Аққудың сұлулығына бас иген. (Оқушы Б. Сымбат С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» шығармасынан немесе аққуды суреттеген мақаласынан үзінді оқыды. Балалрға аққудың плакаттағы суреті көрсетіледі.)

ІV. Қоқиқаз жөнінде не білеміз?

Жасұлан: Өлең қандай құс туралы екенін түсініп отырсыздар ғой. Қоқиқаз туралы. Фламинго - латын тілінде «жалын» (пламя) деген ұғымды білдіреді.

Орталық Қазақстандағы Теңіз көлінде қызыл қанатты ғажап құс - қоқиқаздың еліміздегі бірден-бір дерлік мекені бар. Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген осы құс туралы оқушыларымыз әңгімелейді.

Әсел Қөз тартарлық әсерімен қоса қоқиқаздарды көрген жан бақытты деген халық нанымыда бар. Қоқиқаз бүкіл өмірін тік тұрып өткізеді, ұйықтасада бір аяғымен тұрады. Ұйқы кезінде ұзын мойны бұратылып, басы арқасына, тұмсығы қанатының астына жасырылады. Тобымен ұйқыға кетеді, бірақ әлсін-әлсін біреуі, сосын екіншісі басын көтеріп, маңайды шолып қарап қояды.Олар шомылуды ұнатады Ол үшін жағаға таяу таяз қайраңға шығып, қауырсындарын үрпите, қанаттарын жайып, қаз-үйректер тәрізді тұмсығымен үсті басына су шашады немесе қанатымен суды қатты шолпылдатып, шашыраған толқынға малшынады. Су лайланған соң да олар тоқтамайды, құм мен батпақ олардың денесін кенелер мен басқа да поразиттерден тазартады. Шомылып болғаннан кейін тұрып, сілкініп алып қанаттарын аяқтарына кезек-кезек созу арқылы кептіріледі.

Зере Балалар енді мына жерде сұрақтар қойылған, осы сұрақтарға кім жылдам жауап береді?

Жасулан: Балалар ең әдемі құс Тауыс туралы не білеміз осы құс туралы Махамбет оқып берсін

Ерсултан:

  1. Біздегі қандай құстарды санитар деп атауға болады?себебі?

  2. Ауланатын кәсіптік құстарға қайсысы жатады?

  3. Аққудың кейбір түрінің дауысы неге ұқсайды?

  4. Қоқиқаздың қосымша аттары қандай?

  5. Қазақстанда қандай қорықтар бар?

  6. Аңға салатын құстың басына кигізетін қалпақшаны қазақ тілінде қалай атайды?

  7. Құс баптап,онымен аң аулаушының қазақша атауы?

Аян: Көлдің көркі сән екен Адамдар қорғап сақтаған.

Ұшқанда сазды ән екен. Бұл қандай құс? (аққу)

Ақындар оны мақтаған,

Аққу халық ұғымында ненің белгісі(Махаббаттың,пәктіктің белгісі)

Ұшады,қалықтайды,

Сайраудан бір жалықпайды

Ақы алмайды әніне,

Сонда да еш тарықпайды

Зере:Балалар біз табиғатты қорғауымыз керек,қорғау үшін біз табиғаттың заңдылығын білуіміз керек.

Марал.Табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа, жан-жануарларға қажетті заттар бөліп шығарып, үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады.

Бұл-табиғаттың тазалық заңы.

Нұрмұхамет. Мол қазыналы табиғатсыз адам өмірі де,адам құратын қоғам өмірі де-тұл.

Думан.Сұлулық сақтау, көркемдікті қызғыш құстай қорғау өмір сүрудің негізгі сара жолы.

Бұл-табиғаттың сұлулық заңы.

Жасұлан:Балалар құстар рекорды шиырмасын пайдаланып әлемге танымал құстармен танысайық.

1.Ең кішкентай құс-(КОЛИБРЛЕР)

2.Ең ірі , ұша алмайтын құс-(НАНДУ)

3.Көгершін атаулсының ең ірісі-(ТӘЖДІ КӨГЕРШІН)

4.Ең суыққа төзімді құс-(ПИНГВИНДЕР)

5.Ең ірі алып құс-(АНД КОНДОРЫ)

Зере:Еліміз бейбіт,тыныш өмір кешсін, көгімізде бейбіт құсы-ақ көгершін қалықтасын! Ән Ақ көгершін Жасұлан Бүгінгі құстар-біздің досымыз атты кешімізді аяқтай отырып,сөз кезегін ........ береміз



7 сынып ашық сабақ

7 сынып ашық сабақ

7 сынып ашық сабақ

7 сынып ашық сабақ

7 сынып ашық сабақ

7 сынып ашық сабақ

© 2010-2022