Разработка по географии на тему: Биология сабағында оқушы құзіреттілігін дамыту жолдары

     Бәсекеге қабілеттілік-білім нәрімен ,ғылым күшімен өлшенеді. Білім беру мен ғылымды дамытудың жаһандық үлгілері және инновациялық дамуға-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар мен энергияны үнемдеу сынды кешенді салалар жатады.     Демек, заманәуи бағыттарды жіті бағалап ,уақыт тынысын дұрыс сезініп, содан лайықты қорытынды жасаудың берері көп.    Білім- ғылым жүйесі- қоғамның қозғаушы күші , жаңару мен дамудың басты тірегі.Адамзаттың өсіп-есеюі мен кемел келешек көкжие...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Биология сабағында оқушы құзіреттілігін дамыту жолдары.


Туечиева Ивагүл Қадірқызы


Ордабасы ауданы, «Шұбарсу» жалпы орта мектебі


Бәсекеге қабілеттілік-білім нәрімен ,ғылым күшімен өлшенеді. Білім беру мен ғылымды дамытудың жаһандық үлгілері және инновациялық дамуға-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар мен энергияны үнемдеу сынды кешенді салалар жатады.

Демек, заманәуи бағыттарды жіті бағалап ,уақыт тынысын дұрыс сезініп, содан лайықты қорытынды жасаудың берері көп.

Білім- ғылым жүйесі- қоғамның қозғаушы күші , жаңару мен дамудың басты тірегі.Адамзаттың өсіп-есеюі мен кемел келешек көкжиегін анықтайтын маңызды факторлардың бірі.

Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

Сондай-ақ, он жылдық орта білім мен он екі жылдық оқуға көшу мүмкіндіктері, техникалық білім беруді дамыту мен мемлекеттік менеджерлерді даярлау,ұлттық басқару мектебін құру қажеттігі де негізгі назарға алынады.Мұның бәрі, атап айтқанда: «Адамның өмір бойы,білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек» деген асыл борыш , қасиетті парыз хақындағы ойлар мен толғаныстарды жүзеге асыруға кепіл салды.

Өмірге келген, қоғам мүшесі саналған әрбір адамның білім- білікке қол жеткізуі, ол үшін жан жақты жағдайдың жасалуы ұлттық мұрат пен елдік ерекшелігімізді айқын аңғартады.

Бұл - мемлекеттік мәселе, жауапты міндет.Мақсатқа адал ,мұратқа берік болу баршамыздың төл ісіміз!

Қайсы бір қоғам мен халықты білім - ғылымсыз көзге елестету қиын.Әсіресе, жахандану жағдайында , ақпараттық және демократиялық қоғамда білім- ғылымсыз шартарапқа «Саяхат жасау»- қуыс кеуде мен көкті тіреу, құрғақ қиял. «Өз күшіңе сеніп» томаға тұйық күй кешіп, алыс - жақыннан хабарсыз болу да қазіргі кезде таңданарлық жай емес. Ілгері жылжу,ілгері істермен айналысу- уақыт ұсынған талаптардың бірі.

Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол, өз қызметінде ерік-күш, материал, уақыт, жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелденген қағида. Яғни, педагог құзырлығы оның кәсіби қызметінің басты шарты болуы тиіс.

Соңғы жылдары құзырлық түсінігі (латын сөзі- сәйкес келеді, қабілетті) шетелдік және біздің отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылып жүр.

"Құзырлық" түсінігі нысанды болжау (целепологания) мәселесіне тиісті екендігін күмәнсіз айта аламыз.

"Құзырлылық" ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен "competens" тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді.(1)

Шетел әдебиеттерінде "құзырлылық" - "терең білім", "тапсырманы талапқа сай орындау қабілеті", "қызметті өзектендіре орындау қабілеті" деген мағынада ашылады, бұл түсіндірмелер құзырлылық мазмұнын педагогика саласына сай толық сипаттай алмайды. Ресей ғалымдарының еңбектерінде құзырлылық мазмұны "әлеуметтік-психологиялық", "коммуникативтік", "кәсіби-технологиялық" түсініктер арқылы ашылады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Құз» деген ұғымның екі мағынасы бар.Біріншіден,таудың биік шыңы,екіншіден,терең,тұңғиық, шыңырау.

«Құзыр» ұғымы әмір, билік,екішіден белгілі бір адамның жетік білетін мәселесі,хабардарлық (компетенция) деген мағыналарды білдіреді.(6)

Мектеп оқушылары негізгі күтілетін нәтижелер ретінде мынадай құзіреттіліктерді игерулері тиіс:

  1. Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі;

  2. Ақпараттық құзіреттілік;

  3. Коммуникативтік құзіреттілік.

1. Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі

Әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалау; қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалау мүмкіндігі.

Күзіреттілікті меңгерудің үш деңгейі айқындалады:

Проблеманы анықтауға:

1-деңгей. Мұғалім құрастырған проблеманы шешуге қай тұрғыдан келетінін түсіндіреді.

2-деңгей. Ойлаған жағдаятты негіздейді, нақты жағдаятқа талдау жасайды өзара қайшылықты көрсетеді, проблеманың кейбір себептерін түсіндіреді.

3-деңгей. Проблеманы анықтайды; проблемаға талдау жасайды (себеп салдарын көрсетеді).

2. Ақпараттық құзіреттілігі:

Ақпараттарды өз бетінше табуға, талдауға, іріктеуге, қайта қарауға, сақтауға, түсіндіруге, тасымалдауға (оның ішінде қәзіргі заманғы АКТ-ақпараттық коммуникациялық технологияларды), пайдалануға мүмкін беруі.

Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

1-деңгей. Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөлетін анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, мазмұны бойынша кітаптарға және сілтемелер бойынша сайтқа бағдар жасайды.

2-деңгей. Міндетті шешу үшін қандай ақпарат талап етілетінін көрсетеді. Карточкалар, электрондық карточкаларды және интернеттік іздеу жүйесін қолданады. Библиографиялық, тұрақты басылымдағы мақалалардың тізімдерін пайдаланады.

3-деңгей. Қойылған міндетке сәйкес ақпаратты іздеуді жоспарлайды. Ақпараттық ізденісті аяқтағаны туралы өзбетінше, дәйекті шешім қабылдайды.

3. Коммуникативтік құзіреттілігі.

Өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерді ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; өзіндік пікірін білдіруге; басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсуге; түрлі көз қарастардағы топ адамдарымен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берілу.

Көпшілік алдында сөз сөйлеу:

1-деңгей. Баяндама жоспарын дайындайды, нормасымен шегін сақтайды. Мағыналық блоктарын ерекшелеу үшін үзілістер пайдаланады.

2-деңгей. Баяндама блоктарын ерекшелеу үшін вербалды (қисынды) құралдарды және вербалды емес (көрнекі материалдар) құралдарды пайдаланады. Берілген сұрақтарға сәйкес мазмұнын анықтап жауап береді.

3-деңгей. Байланысу мақсатында көрнекі материалдарды өз бетінше жасап, сауатты пайдаланады. (7)

Биология сабағында осы құзіретілік арттыратын тапсырмаларды түгелдей қолданып сабақ ұйымдастыруға болады. Ол үшін құзыреттілік тапсырмаларды үлгере қолданатындай технология таңдап алу тиімдірек.8-сыныпта «Ағзаның ішкі ортасы» тарауын өту барысында қолданылған тапсырмалар. Мына кесте үнемі сабақта көрсетіліп тұрады .

Сабақ тақырыбы

Сағат

саны

Тапсырмалар

Ұпайы

1

2

3.

4

5

6

7

Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы

Қанның құрамы мен қасиеттері

Лейкоциттер,фагоцитоз теориясы.Тромбоциттер

Лимфа.Лимфа айналымы

Қан топтары.Қан құю.

Иммунитет,иммунитет түрлері.ЖИТС

Қорытынды

1

1

1

1

1

1

2

  • Кестелі есеп құру

  • Термин жинағы

  • Зертханалық жұмыс

  • Презентация дайындау

  • Электрондық оқулық

  • Қосымша әдебиеттер

  • Интернет ақпараты

  • Шығармашылық ізденіс

  • ОӨЖ

1 ұ

1 ұ

2 ұ

2 ұ

Жалпы ұпайы 12ұ

«Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы » тақырыбына мынадай кесте есеп құруға болады.

1)Ағзаның ішкі ортасының құрамы санмен белгіленген:

1.Ұлпа сұйықтығы

2.Қан

3.Лимфа

Құрамы мен қасиеттері әріптермен белгіленген(Тиісті код әріптерін жауап кестесіне орналастыру керек):

  1. Қан тамырлары арқылы жаңартылады

  2. Ақшыл,сарғыш түсті сұйықтық;

  3. Плазмадан және формалы элементтерден тұрады

  4. Ұлпа сұйықтығынан түзіледі

  5. Ересек адам ағзасында жалпы қалыпты мөлшері 5 литр;

  6. 95 % судан тұрады

  7. Эритроциттер,лейкоциттер,тромбоциттер:

  8. Ұлпа мен қан арсындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.

  9. Плазмадан түзіледі

  10. Ағзаның санитарлары

  11. Капилярлардан кейін қоректік зат өтеді;

Жауап кестесі:

1

2

3

а, k, i ,h

g, e, c

j, f, d, b


2).Төмендегі көрсетілген мәліметтер қан жасушасының қайсы түріне тиісті екенін анықтаңдар:

  1. Ядролы жасуша

  2. Ақ жасуша

  3. Диаметрі 7-8 мкм

  4. Қызыл жасуша

  5. Варикоз ауруы

  6. Гемоглобин

  7. Фагоцитоз

  8. Қанның ұюы

  9. Ядросыз жасуша

  10. Ақ қан ауруы

  11. Иммунитет негізі

  12. Гемофилия

Жауап кестесіне код нөмірлерін қойыңдар:

Эритроцит

Лейкоцит

Тромбоцит

2,3,4,6,9

1,7,11,10

5,8,12


3) Төменгі суретте қанның формалы элементтерінің электрон микрофотографиясы берілген.Жауаптардың код нөмірлерін пайдаланып,берілген элементтерді дұрыс табыңыздар.(8)

Код нөмірлері:

1-моноцит; 2-лимфоцит; 3-базофил; 4-эозинофил;

5-нейтрофил; 6-тромбоцит; 7-эритроцит;

Төмендегі суретке тиісті нөмерін қойың.

Разработка по географии на тему: Биология сабағында оқушы құзіреттілігін дамыту жолдары.

Әр сабақ сайын сұрақ - жауап жүргізіледі.Оқушылар өздерінің өзбетіше атқарған жұмыстарын көрсетеді.Соңғы қорытынды сабақта оқушылырдың өзіндік жұмыстары тексеріледі,ұпайлары қойылады.Қорытынды тест,есептер,сұрақтар мен бағалауға-да болады.Кесте құруды , толтыруды оқушы қызыға орындайды.Кейбір компьютерді ұнататын балалар презентацияларды өте жақсы орындайды,сөйте отырып тақырыпты меңгереді.

Осылай талап қойылған сабақ негізінде тарау бойынша термин сөздер жинағын жинақтау,қалаған тақырыптарына презентация,слайдтар жасау,электрондық оқулықтан,қосымша әдебиеттерден

(энциклопедиялардан,термин сөздіктерден) интернет желісінен неше түрлі мәліметтер жинақтау,кішігірім шығармашылық жұмыс жобаларын ойластыру сияқты неше түрлі құзіреттілікті арттыратын тапсырмаларды орындауға құштар оқушылар көбее түседі.Кейде өз бетінше электрондық оқулық жасап келетін оқушыларда кездеседі.

Алғашқы кезекте - инновациялық даму мен өзіндік ізденуге назар аудару көзделеді. Бұдан әрине ,әлемдік үрдістерге бет бұру, білім-ғылымның үздік үлгі-тәжірибелерін қоғам дамуына ,уақыт талаптарына сай бағыттау мүмкіндіктері танылады. Мұның өзі еліміздегі ғылыми-техникалық саланың дамуына оң ықпал әсер етіп,отандық ғылым мен технологияның ұлттық бағытта кең өріс алуына жол ашады.

Білім беру ісі үнемі жаңару мен даму үстінде болатын нәзік те терең, күрделі де тағылымды құбылыс, алтын тамыр, ағысты арна. Қоғамды ілгері дамытатын , іргелі реформалауды жүзеге асыратын , ұлт пен ұрпақтың мәдени- рухани дәрежесін айқындайтын , игілікті де ізгілікті істерді , дәстүрлі тәлім-тәжірибелерді жүйелі түрде көрсететін, қысқасы адам факторы маңызды буын болып табылатын басым бағыттардың бірі.Осы бағытта шаршамай еңбек етуіміз керек.

Әдебиеттер тізімі:

1. «Мұғалім құзыреттілігін қалыптастыру негізінде шығармашыл тұлға тәрбиелеу жолдары»Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары-2008ж

2.Е.Очкур «Биология» «Мектеп»-2008ж.оқулық

3.Ө.Тілеуқабылұлы. « Шипагерлік баян»Алматы «Жалын»-1996ж

4.М.С .Гиляров.«Биологический энциклопедический словарь» Москва-1989г

5.Н.Ф. Реймерс «Основные биологические понятия итермины» Мосва-1988г

6.Т.Жанұзақов. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы:Даңқ - Прес,2008

7.А.Тоқилов. «Саломатлик энциклопедиясы»Тошкент-1985

6


© 2010-2022