Белоктардың классификациясы. 10 кл

Сабақтың тақырыбы: Белоктардың классификациясы. 10 кл. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік Оқушылардың белоктар жайлы алған білімдерін кеңейту, белоктардың жіктелуі жайлы ұғым беруә) Дамытушылық: Белоктар жайлы жаңа ұғым меңгерту, биологиялық тіл байлығын дамыту. б) Тәрбиелік: Жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.Сабақтың әдісі: Тірек сызба, сұрақ қою, әңгіме, танымдық ойындар.Сабақтың көрнекілігі: Сызба «Белоктар классификациясы», интерактивті құралдар.Сабақ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алмасова Гүлнар Бектайқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы

38 орта мектептің биология пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Белоктардың классификациясы. 10 кл.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушылардың белоктар жайлы алған білімдерін кеңейту,

белоктардың жіктелуі жайлы ұғым беру

ә) Дамытушылық: Белоктар жайлы жаңа ұғым меңгерту, биологиялық тіл

байлығын дамыту.

б) Тәрбиелік: Жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Тірек сызба, сұрақ қою, әңгіме, танымдық ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба «Белоктар классификациясы», интерактивті

құралдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар сабаққа тез бейімделу үшін өткен сабақ пен жаңа сабаққа байланысты тез жауап беруге арналған 8 сұрақ қойылады.

1. Белоктарды түзетін амин қышқылдарының құрылымы қандай?

2. Амин қышқылдары неше топқа бөлінеді? (2)

3. Ациклды амин қышқылдары неше топқа бөлінеді? (3)

4. Циклды амин қышқылдары неше топқа бөлінеді? (карбоциклды, гетероциклды)

5. Пептидті байланысты кім ашты? (Э. Фишер)

6. Белоктардың бірінші құрылымындағы байланыс түрі қандай?

7. Белоктардың екінші құрылымы арасындағы байланыс қандай?

8. Белоктардың үшінші құрылымы арасындағы байланыс қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру


Белоктар

Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.

Қарапайым белоктар

протеиндер


Күрделі

белоктар

протеидтер



Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.

Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.Белоктардың классификациясы. 10 кл.












Қарапайым белоктар


Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы


1) Альбуминдер - бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмыртқасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі.

2) Глобулиндер - бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер бар жерде кездеседі. Глобулин - сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады.

3) Гистондар (грекше - һistos - ұлпа ) - ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің ДНҚ - қосылысымен байланысты болады.

Гистондар - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі.

4) Протаминдер - ең шағын молекулалы белоктар, м.м. - 4000 - 12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ - мен байланысты.

5) Проламиндер - өсімдіктер белогі, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ ұлпасында болады. Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70 % этонолда ериді.

6) Глутелиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді.

7) Протеиноидтер ( склеропротеиндер) - белок тәріздес заттар. Бұларға сүйеніш - тірек ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің, мүйіздің, жүннің, шаштың, т.с сияқтылардың) фибрилл белоктары жатады.

Коллаген - бұл белок жалғастырып тұратын тканьдерінің ( сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршектің) негізін құрайды.

Эластин - жалғастырып тұратын ұлпаның иілмелі - созылмалы белогы. Сіңірде, тарамыста болады.

Кератин - шаш, жүн, тырнақ, тұяқ, қауырсындардың құрамына кіретін фибрилді белоктар.

Фибрион - табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок.

Күрделі белоктар, олардың негізгі өкілдері.

1) Нуклеопротеидтер - нуклеин қышқылы бар белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан тұрады.

2) Фосфопротеидтер - жай белоктар мен фосфор қышқылы қалдықтарынан тұрады. Фосфопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртқа сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза) жатады.

3) Гликопротеидтер - құрамында қанттар (манноза, галлактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар.

4) Липопротеидтер - белоктар мен липидтерден ( триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер, май қышқылдары) тұратын комплекс.

5) Хромопротеидтер ( грекше chroma - түс, бояу және протеидтер) - боялған күрделі белоктар.

Хромопротеидтерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза, флабиндік ферменттер жатады.

6) Металлопротеидтер. Бұл күрделі белоктардың простетикалық топтарының құрамында металдар (Cu++, Fe ++, Fe+++, Zn++,) кездеседі.

Бұларға ферритин белогі жатады, ол өттің құрамында болады.

Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға 4 деңгейде тапсырма жазылған парақты

тарату.


1. Деңгейлік тапсырма.

1. Кестеде көрсетілген белоктарды сәйкес тобына (+) таңбасымен белгілеу.


Р/с


Белоктар аттары


Протеиндер


Протеидтер


1.

Глобулин

+


2.

Нуклепротеид


+

3.

Гемоглобин


+

4.

Гистон

+


5.

Гликопротеид


+

6.

Альбумин

+


7.

Глутелин

+


8.

Казеин


+

2 - деңгейлік тапсырма

Биологиялық диктант

1. Глобулин ... белоктар өкілі.

2.... Ядро белогі.

3. Сүйек негізін ... белогі құрайды.

4.Шаш, тырнақта ... белогі болады.

5. Қанда болатын ... күрделі белок .

6. Құрамында қанттар бар белок ... деп аталады.

Жауаптары: 1. Қарапайым, 2. Гистон, 3. Коллаген, 4. Кератин, 5. Гемоглобин,

6. Гликопротеидтер.

3 - деңгейлік тапсырма .

Төмендегі «Бас қатырғылар базары» атты танымдық ойынды шешкен кезде бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты анықтама шығады.

Д

М

І

С

Ө

- Р

А

Д

І

К

Т

Е

Л

К

Р

Н

К

А

О

Р

Д

Я

А

О

Т

Л

Б

І

Г

Ы

Л

Т

Е

А

Е

Л

О

Ғ

Р

С

Р

Р

Ы

Н

Д

А

А

И

М

Е

Н

Ж

А

Н

У

Г

Шешуі: гистондар - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі.

4. Деңгейлік тапсырма. «Белоктар » сөзін келтіре отырып сөзжұмбақ құрастыру.

Қорытынды: Деңгейлік тапсырмаларды орындаған оқушылардың

жұмыстарының нәтижелері төмендегі кестеге толтырылып

салыстырылады.

Деңгейлер

1- деңгей

5 ұпай

2- деңгей

10 ұпай

3- деңгей

15 ұпай

4- деңгей

Шығар.

тапсырма

Қорытынды

Күні,

айы

Р/с

Оқушының

аты - жөні







1.

Айтбай Фариза

+

+

+




2.

Алмас Перизат

+

+


+



3.

Бектай Абай

+

+

+




4.

Шағанбек Олжас

+

+





Үйге тапсырма: Белоктардың классификациясы.


© 2010-2022