Ғылыми жоба. «Қоқыс-ғасыр мәселесі»

Жұмыстың мақсаты: 1. Табиғаттың тозуы- экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру,     2. Экологиялық тәрбие беру. 3.Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. 4. Өлкеміздің экологиялық жағдайын  білу үшін ізденуге баулу      Зерттеу кезеңдері: Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.   Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезе...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Покатилов жалпы орта білім беретін мектебі


Еліміздің, жеріміздің гүлденуі

өз қолымызда екенін ұмытпайық


Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»






БҚО Теректі ауданы Покатилов ауылы №45 И.Шұғайыпұлы.

Жаратылыстану бағыты бойынша «Табиғат тағдыры - адам тағдыры»

Тақырыбы: «Қоқыс - ғасыр мәселесі»

Дайындаған: Игизғали Сымбат - 6 «а» сынып оқушысы;

Жетекшісі: Бектембаева Гулдана Мендыгалиевна


Покатилов ауылы - 2013 жылы

Тақырыбы: «Қоқыс- ғасыр мәселесі»

Жұмыстың мақсаты:

1. Табиғаттың тозуы- экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру,

2. Экологиялық тәрбие беру.

3.Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.

4. Өлкеміздің экологиялық жағдайын білу үшін ізденуге баулу

Зерттеу кезеңдері:

Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.

Бірінші кезең - бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең - эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі - алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы





Күтілетін нәтиже

Рухы мықтының ұнжырғасы түспейді

1 .Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату

2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану

3.Қалдықсыз технологияға көшу

4.Жасыл өсімдіктер санын молайту

5. Суды қорғау

6. Жерді құнартып отыру


Жоспар:

1.Қоқыстардың түрлері

2.Қоқыстардың айналадағы ортаға әсері

3.Менің ауданымның экологиясы

4.Ауданымыздағы қолға алынған жұмыстар

5.Қорытынды

6.Пайдаланған әдебиеттер


Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат - адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан - байтақ Қазақстанның бір бөлшегі -Теректі ауданы. Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданының солтүстік шекарасы Орал өзені, батысы Орал қаласы жерлері, шығысы Бөрлі ауданы жерлері және оңтүстігі Сырым және Ақжайық аудандары жерлері мен шектеседі. Жер көлемі - 8.4 мың шаршы шақырым, 58 елді мекен орналасқан. Олардың ең ірілерінің бірі - өзім туып өскен Покатиловка ауылы. Покатиловка ауылының жері бай, табиғаты әсем, тарихи сырға толы өлке. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:

Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»


ҚҒылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»оқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай - табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Теректі ауданында тұратын халық саны соңғы 01/01/2009 жылда 42813 адамнан құралды. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 59938,2 кг, сонда 1 адам 1 айда 1 858 084,2 кг, жылына 1 адам жылда 22 297 010,4 кг қоқыс, 42813 адам 1 жылда 954 601 906 255,2 кг қоқыс полигонына апарылады екен. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көмілу сызбасы картада көрсетілгендей, Покатилов ауылында ҚТҚ төгілетін жер И.Шұғайыпұлы көшесінің шетінде орналасқан.

Теректі ауданы 2000-2020жж.арналған қоқыс полигонының сызбасы және қалдықтарды көму технологиясы көрсетілген. Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер қаланың күндіз -түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.

ОҒылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»ның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-

қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық

шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қо­қысқа тастайтын пластмасса құты­­лар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құрт­ша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.

Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»Осыған орай Теректі ауданында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз. Теректі ауданында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.

Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын - 35% үнемдейді екенбіз.

Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:

1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?

2Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі». Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?

3. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?

4. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?

5. Сізді Покатиловка ауылымыздың экологиясы қызықтыра ма?

6. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?

Сараптаманың нәтижелері:


  1. ГҒылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»арбология терминінің мағынасын қала тұрғындарының 85% нақты білмейді.

  2. Ауыл тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.

  3. Ауыл тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.

  4. 74 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.

  5. Ауыл тұрғындарын 45% қызықтырмайды.

  6. Теректі ауданынның 35 % білмейді.

Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»Қазақстандықтардың инно­ва­ция­лық идеясы, өндіріске енгізер жаңа жобасы жоқ па? Бар. «Көр­мес түйені де көрмес» дегендей, өз қандастарымыздың шетел тех­ноло­­гиясын он орап алатын инно­ва­циялық жобалары шағын шеберханаларда шаң қауып жатыр.Осыған орай менің ұсынысым бар. Орал қаласындағы ТОО Ғылыми жобалық фирма «Уралвторма» қайта жұмысын жалғастырса. Ол 1992ж. Инженер Юрий Погодаев 28млн.тенге Орал қаласында қалдықтарды өңдейтін заводты салып, 1993ж. 2,5000 м. куб ламинат өңдеп шығарды. ҚТҚ мен күл-қоқысты химия­лық жолмен өңдеу барысында пайда болған метан, пропан, бутан сияқты газдарды жылу энергиясын алуға және су ысыту қондыр­ғыла­рын қыздыруға пайдалануға бола­ды. Химиялық жолмен қайта өңдел­ген барлық күл-қоқыс қал­дықтарынан өндіріске пайдалы 40-тан астам әртүрлі заттар және қымбат импортты алмастыратын бұйымдар жасалады.

Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»ҚТҚ мен күл-қоқыстарды осылай өңдеу тех­но­логиясы барысында қала маңа­йындағы күл-қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары тиімділікпен жүргізіледі. Бұл жаңа технология­ға негізделген зауытта ҚТҚ мен күл-қоқыстарды қолмен іріктеу жұмыс­тары болмайды. Бәрі авто­мат­тан­дырылған және қоршаған ортаға да қауіпсіз. Зауыт өндіретін тауарлар түгелдей дерлік эколо­гиялық таза және оларды пайдалану мерзімі ондаған жылдарға созы­лады. Бұл жаңа зауыт химия­лық өңдеу тәсілдерімен ҚТҚ мен күл-қоқыстан шығаратын сапалы бұйым­дар қолданыстан шыққан­нан кейін күл-қоқыс күйінде қоршаған ортаға тасталғанда өте зиянсыз болып саналады. Қазіргі кезде жоғары технологиялық құрылғы тұрғанына 18 жыл. Қазіргі таңда қатты тұрмыс қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыт салу үшін. 1,35 млрд тенге тұрады.Табиғатты қорғау, оның байлықтарына аялы алақанмен қамқорлық жасау ісіне ерекше мән беріліп отыр. 1991 жылы 18 маусымда республика тарихында тұңғыш рет Қазақстан республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы шықты.Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын,адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу,байлығын адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу,байлығын тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған. Иә,дала желегінен айырылып,құстар сыңсып ән салды,сыңарынан айырылып,қалай көмек көрсетер ең,ей болашақ тұтқасы,жүрегіңнен шыққан сөзді қозғашы-деп осындай экологиясы жан түршігер табиғатты аялауға,ізгілікке, адамгершілікке шақырамын және болашақта мынадай ұсынысты жүзеге асыратыныма сенемін: ҚТҚ қайта өндеу туралы жарнама ретінде жол бойына, аялдама жаңдарына ілу. Менің ұсынысым ҚТҚ салатын арнайы қоқыс жәшіктерін көбейтіп, оны қайта өндірсе экологиямыз тазарып, айнала қоқысқа айналмас еді

Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу- бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет. 1986 жылы маусым айында Мюнхенде экологияға арналған 11 қағида мен 11 ұстаным қабылданды. Мен осы ұстаным бойынша жұмыс жасап келемін.

  1. Ауаның ластануына жол бермеймін.

  2. Судың таза болуы үшін бар жағдайды жасаймын.

  3. Мен жер ландшафттарын сақтауға бар күшімді жұмсаймын. Жердің құнарын кетіретін зиянды заттарды пайдаланбаймын. Мен өзімнен кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмаймын.

  4. Мен үнемі жануарларды қорғаймын.

  5. Энергия көздері мен шикізаттарды үнемді пайдалануға тырысамын.

  6. Өсімдіктердің түрлерін сақтауға және оны қорғауға жұмыстанамын.

  7. Мен тек биологиялық таза көкөністер мен жемістерді өсіріп, сатуға еңбектенемін.

  8. Тұрмыс қалдықтарының азаюны ықпал жасаймын.

  9. Мен шудың азаюы үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын.

10.Мен саналы тұтынушы болуға жұмыстанамын.

11.Мен осы қағидаларды үнемі ұстануға уәде беремін.

Қазіргі таңда ауданымызда қолға алынған жұмыстардың бірі сәуір-мамыр айларында экологиялық-санитарлық тазалық айлығы жарияланып, көптеген көшелер жиналып,

"Ғылыми жоба. «Қоқыс- ғасыр мәселесі»Жасыл ел"бағдарламасына сәйкес түп ағаштар отырғызылады. Сыныптарда туған өлкенің экологиялық жағдайы туралы баяндамалар және т.б. жұмыстар жүргізіледі.

Қорытынды: Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадам­дар­мен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасы­ра­тыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспор­тының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума таби­ғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жа­на­шырлық күтеді. «Ал­мақ­­тың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген баба­лардың қасиетті қағи­дасына адалдық танытып, жомарт дала­мызды күл-қоқыстан та­зар­тып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы - жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қа­зақ даласы күл-қоқыс қойма­сы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қара­шығындай қорғау - халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.

Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды,

бәрі орынды, бәрі шындық ал, адасу

мен жаңылысу тек қана адамда болады"

Гёте



Пайдаланған әдебиеттер.

1."Атамекен" газеті 2007-2008 ж.ж.

2.Биология және салауаттану негізі № 4,5. 2009ж.

3. "Жайық өңі рі" Орал қ. 2003ж.

4. "Орал өңірі" газеті 2002-2003 ж.ж.

5. Соқпақ Тропинка ғылыми -әдістемелік журнал №1,2 2009ж.

6. Заң газеті №154. 21 қазан 2011жыл.

6. Интернет жүйесі

7. Горкомхоз орталығы


© 2010-2022