Бақытты сәт сыныптан тыс іс-шара

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Биология

Сынып: 8а қ.кл.

Тақырып: Өткен тарауларды қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, тексеру, іс жүзінде пайдалануға үйрету. Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту. Ойын элементтерін пайдалана отырып, болашаққа көзқарасын қалыптастыру.

Сабақ түрі: ойын сабақ.

Басқа пәндермен байланысы: Информатика, тарих, химия, орыс тілі, география, қазақ тілі, дене шынықтыру.

Сабақ барысы:

Тақтада: Кел балалар ойнайық,

Ойнайықта, ойлайық!

Қандай сұрақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

«Бақытты сәт» - сын сабақ

Жұмбақты шешіп, ойна, күл

Білімдіден мол талап

Күтіледі оны біл!

Мұғалім сабақ барысымен таныстырады, оқушыларды екі командаға бөледі, топ басшыларын сайлайды және екі көмекшілерімен таныстырады. (9 қ.кл)

Қазақпыз ғой, бәйге десе озатын

Қосатұғын күрең атын, боз атын

Басталады «бәйге» атты жарысың

Шықсын шәкірт шыңдарға қол соғатын.

деп Ι кезең «Кім жылдам?»

Сұрақтар:

  1. Жасушаны зерттейтін ғылым? (цитология)

  2. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар (ұлпа)

  3. Мидың орташа салмағы? (1300-1400)

  4. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алй қасиетй (иммунитет)

  5. Адамда неше омыртқа иіні бар? (4)

  6. Бас сүйегі бөліктерін атаңыз (ми сауыты, бет сүйегі)

  7. Ортопедия нені зерттейді? (тірек-қимыл жүйесі ауруларын)

  8. Сынық түрлерін атаңыз (ашық, жабық)

  9. Ми сауытындағы жұп сүйектер (төбе, самай)

10) Атлант дегеніміз не? (бірінші омыртқа)

2 кезең. Ұлылардың ұрпағымыз кешегі

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі

«Полиглот» сайысына қатысып

Жұмбақтарды үш тілде кім шешеді?

Сайыстың келесі кезеңі

«Полиглот» - тіл өнер (қазақша, орысша, ағылшынша)

Ι топқа: Жанды мотор сынбайды,

Күні - түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тыңдайды. (жүрек, сердце,heart )

ΙΙ топқа: Тарам - тарам бір ғалам,

Айқыш - ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бірге адам. (қан, кровь, blood)

Ι топқа: Өзіңмен бірге өседі,

Өзіңмен бірге төсегі.

Көргенде оны жіп дейсің,

Бірақта киім тікпейсің. (шаш, волос, hair)

ΙΙ топқа: Үй ішінде 32 батыр,

Кіргендерді отап, турап жатыр. (тіс, зуб, teeth)

I топқа: Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (қол, рука, hand)

ΙΙ топқа: Көрегендер көрші отырып,

Бірін-бірі көрмейді. (көз, глаза, eye)

I топқа: Күн тым ысыған кезде қандый киім кию керек? (ақ, белый, white)

ΙΙ топқа: Беті-қолыңызды қандай сумен жуасыз? (суық, холодный, cool)

3 кезең. Ал, ойыннан қалмайық,

Ортаға салып ойдағы.

Білімімізді ойдағы,

Ары қарай, шындайық! - деп

«Қызықты жетілік» кезеңін бастайық!

(7 пән бойынша сұрақтар)

  1. ЭВМ пәні бойынша. Компьютердің алдында ұзақ отыру неліктен зиянды? (сәуле көзге кері әсер етеді)

  2. География. Адамның биік таулар басына шыққанда неліктен басы айналып, мұрнынан қан кетіп, құлайды? (Атмосфера қысымының шұғыл төмендеуі)

  3. Қазақ тілі. Мақалды аяқтаңыз: Денсаулықтың қадірін ... (ауыранда білерсің)

  4. Биология. Дененің құрылысын, пішінін, мүшелерін зерттейтін ғылым? (анатомия)

  5. Химия. Алманың адам ағзасына қандай пайдасы бар? (Қанды гемоглобинді көбейтеді)

  6. Тарих. Алғашқы операция құралдары қай мемлекетте, неден жасалды? (Египетте, қоладан)

  7. Орыс тілі. М.Горький «Что сделал я, для людей сильнее грома крикнул Данко, и вырвал из груди свое ... (сердце)». О каком органе идет речь?

4кезең «Білек сайысы»

«Автор орындығына» - дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрманғали ағайды шақырамыз. Топ басшылары жарысады.

5 кезең Басталды «жорға» деген сайысың

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, алғырлығың сыналар

Қане шәкірт көрінеді қай ісің? Ι топқа:

  1. Адам жүрек бөлігі (4)

  2. Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)

  3. Адамға ұсас жануар (маймыл)

  4. Жүйке жасушасы (нейрон)

  5. Қанның қызыл түйіршігі (эритроцит)

  6. Қаннан өкпеге қандый газ өтеді? (СО2)

  7. Ең үлкен без? (бауыр)

  8. Ұлпа неше топқа бөлінеді? (4)

  9. Темекі құрамындағы улы зат? (никотин)

  10. Жүрек дәрігері (кардиолог)

  11. Дененің сыртқы жабыны (тері)

  12. Сүйектің қозғалмалы байланысы (буын)

  13. Қан беруші адам (донор)

  14. Тіс дәрігері (стоматолог)

  15. Жүректің ортаңғы қабаты (миокард)

  16. Омыртқа саны? (33-34)

  17. Өмір бойы пайда болатын рефлекс? (шартты)

  18. Мақал: «бірінші байлық - ...» (денсаулық)

  19. Анаша, героин шегуші (нашақор)

  20. Тыныс алу дегеніміз (газ алмасу)

ΙΙ топқа:

  1. Қан неше топқа бөлінеді? (4)

  2. Ақ қан түйіршігі? (лейкоцит)

  3. Адам ағзасының құрылымы неше деңгейден тұрады? (5)

  4. Нейронның қасқа өсіндісі? (дендрит)

  5. Мидың орташа салмағы? (1300-1400)

  6. Туа пайда болатын рефлекс? (шартсыз)

  7. Мақал: «Ауруын жасырған ...» (өледі)

  8. Қан айдаушы мүше? (жүрек)

  9. Ұйқы кезеңіндегі елес? (түс)

10) Адам жанын алып қалатын? (дәрігер)

11) Қан тоқтату үшін пайдаланылатын бейметал және дәрі? (йод)

12) ақшаға сатып алуға болмайтын байлық? (денсаулық)

13) Көзің ауырса тыйым салатын дене мүшесі? (қол)

14) 2003 ж. Президент айтқан жыл? (денсаулық жылы)

15) Көру мүшесі? (көз)

16) Адам ағзасындағы сүйек саны? (200 астам)

17) Аяқ-киімнің өкшесі неше см? (3-5)

18) Қан алушы адам? (реципент)

19) Малокровие қазақшасы? (қаназдық)

20) «ΧΧI - ғасыр дерті» қандай ауру? (СПИД)

6 кезең «Мен саған, сен маған» (екі топ бір-біріне сұрақтар қояды)

7 кезең «Автор орындығын» мектеп медбикесі Алтынай апайға береміз.

1) Көк тамыр жарақаттанғанды қан қалай ағады? (қан баяу ағады)

2) Салатамыр жарақаттанғанды қан қалай ағады? (қан шапшып ағады)

1) Суға кеткен адамға қандай алғашқы жәрдем көрсету керек?

2) Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем?

8 кезең «Мақал - мәтелдер» жарысы

Сөздің көркі мақал.

9 кезең Барлық оқушылар өздерінің жинаған жетондарын санайды, ең көп жетон жинаған екі оқушы «Сөз құрастыру» сайысына түседі. «Күрепқұмжиөтсінгуолазы»

Бір оқушыға «Жеңімпаз биолог» медалін тағу.

Оқушылар білімін бағалау.

© 2010-2022