Жануарлардың мінез-қылығы сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мінез-қылығы

Сілтеме: 3_L3W3D4, 17_L3W3D5

Жалпы мақсаты: Оқушыларға топпен жұмыс барысында жануарлардың мінез-қылық ерекшеліктерін ұғынуға үйрету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

-оқушылар мағлұматты өздері талдай алады;

-оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, тақырыпты меңгере алады;

-оқушылар бірін-бірін бағалай алады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Тапсырмалар: - ассоциация (миға шабуыл)

  • Айнымалы бекеттер

  • Синквейн әдісі

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин) Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты біз дәстүрлі емес әдіспен оқуды жалғастырамыз.

ІІ Үй жұмысын тексеру (8 мин)

Үй тапсырмасы: « Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері»

Сұрақтарға жауап беру:

  • Көбеюдің биологиялық мәні неде?

  • Жыныссыз көбею деген не? Дененің (амеба, кірпікшелі кебісше) бөлінуі көбею мен біршіктену (гидра) арқылы көбею неліктен жыныссыз көбеюге жатқызылады?

  • Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден артықшылығы неде?

  • Кірпікшелі кебісшенің жынысты көбеюі кезінде кіші және үлкен ядро қандай өзгеріске түседі? Кебісше үшін оның маңызы қандай?

  • Шұбалшаңды гермафродит жәндік дейміз. Неге?

  • Шала түрленіп және толық түрленіп бунақденелілердің қайсыларының жұмыртқадан ересек ағзаға дейінгі даму мерзімі ұзақ болады?

  • Сүтқоектілерде буаздық деп нені атайды?

ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру (20 мин)

Топтардың орнын ауыстыру (клас топтарының атауымен)

Әр топқа белгілі бір мәтінмен жұмыс жасатып, «Айнымалы бекеттер» бойынша бір-біріне түсіндіру

ІV Бекіту (10 мин) Синквейн
(5 жолдан тұратын өлең)

1 жол -1 зат есім (тақырыбы)

2 жол - тақырыпты ашатын 2 сын есім

3 жол - тақырыпты сипаттайтын 3 етістік

4 жол - тақырыпқа қатысты сөйлем (4 сөз)

5 жол - 1 түйін сөз (тақырыптың синонимі)

V Бағалау (3 мин) сабақбасында берілген критерийлер бойынша топ басшылары топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.

VІ Үйге тапсырма (2 мин)

«Топтық мінез-қылық»

  • Жекелей және топтық мінез-қылықты ажырата білу.



© 2010-2022