• Преподавателю
  • Биология
  • Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау

Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ______________ Күні: 02.02.2016ж Сыныбы: 6

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың

табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.Орманды қорғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың

табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.Орманды қорғау

туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың

табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.Орманды қорғау

туралы білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты

ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.Орманды

қорғау туралы ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Қарағай неше жылға дейін өмір сүреді?

2. Қазақстанда қарағайдың қанша түрі кездеседі?

III.Жаңа сабақ

Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядансақтайды. «Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді.

Қарағайда -зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай - дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.

Жатаған шырша

Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

Шыршаның қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 - 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, сүрек сірке қышқылы алынады.

Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған.

Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Шырша сүрегі - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат.

Балқарағай Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңіненқолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

Орман қорғау- орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары.Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі.Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.

IV. Бекіту

1. Қарағай неше жылға дейін өмір сүреді?

2. Қазақстанда қарағайдың қанша түрі кездеседі?

V. Қорытынды

Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядансақтайды. «Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді.

Қарағайда -зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай - дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.

Орман қорғау- орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары.Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі.

VI.Үйге тапсырма

§41 Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және

халық шаруашылығындағы маңызы.Орманды қорғау

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


© 2010-2022