Оқушыларды биология (ботаника) пәнінен дайындауға арналған көмекші құрал

Раздел Биология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология

Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым

-биология

Өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ

-қорық

Алматы мемлекеттік қорығы

-Іле Алатауында

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы

-Талас Алатауында

Барсакелмес мемлекеттік қорығы

-Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде

Қорғалжың мемлекеттік қорығы

-Ақмола облысының су-батпақты аймағында

Наурызым мемлекеттік қорығы

-Қостанай далалы аймағында

Марқакөл мемлекеттік қорығы

-Оңтүстік Алтайда

Үстірт қорығы

-Маңғыстауда

Батыс Алтай қорығы

-Шығыс Қазақстанда

Алакөл қорығы

-Алматы облысы, Талдықорғанда

Қаратау мемлекеттік қорығы

-Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында

Ұлттық саябақтар

-7 (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы,Іле Алатауы, Қатонқарағай, Шарын)

Қорықша саны

-57

Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау тізімі

-Қызыл кітап

Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет шықты

-1978 жылы

Қазақстанда «Қызыл кітап» екінші рет шықты

-1991 жылы

Қазақстанда «Қызыл кітап» үшінші рет шықты

-1996 жылы

Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» шықты

-1981 жылы (өсімдіктердің 303-304 түрі сипаиталынды)

Өсімдіктану оқулығының авторы

-Күдерин

Жануарлар оқулығының авторы

-Досмұхамедов

Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеп, өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты

-Н. В. Павлов

Өсімдіктер туралы Қазақстанның «Қызыл кітабын» жазды

-В. П. Голоскоков, М. С. Байтенов

ХІ ғасырда Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректер қалдырған

-Махмұд Қашқари

Құс пен аңның 45 түріне сипаттама беріп жүйеледі

-Паллас

Құс пен аңның 8 түріне сипаттама беріп жүйеледі

-Эверсман

Түркістан жануарларының орналасуын ғылыми жинақтарда жариялады

-Н. А. Северцев

Балқаш қазаншұңқырындағы омыртқалылар туралы алғашқы рет ғылыми жинақтарда жариялады

-Г. В. Никольский

ХХ ғасырдың басында Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын зерттеді

-Л. С. Берг

Оңтүстік Қазақстанда үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеді

-К. И. Скрябин

Жабайы жануарларды зерттеу үшін Республикамызда зоологиялық сектор ашылды

-1932 жылы

Ғылым академиясының институты құрылды

-1944 жылы


Жасуша және органоидтары.

Тірі ағзалардың ортақ белгісі

-денесі жасушадан тұрады

Микроскопты ойлап тапты

-1590-1610 жылдардың аралығында әкелі-балалы Янсендер

Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоп арқылы қарап, майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған

-1665 жылы Роберт Гук

Микроскоптың негізгі бөлігі

-үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі (тубус)

Көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан

-2 линзасы бар окуляр

Көру түтігінің төменгі жағында орналасқан

-бірнеше линзасы бар объектив

Жасуша қабықшасы (мембрана)

-жасушаның сыртын қаптайды, жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді, ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.

Саңылау дегеніміз

-қабықшаның өте жұқарған жері. Ол арқылы жасушалар бір-бірімен зат алмасады

Цитоплазма

-жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат.

Ядро

-шағын, тығыз денешік, жасушаның көбеюіне қатысады.

Пластидтер

-тек өсімдік жасушасына тән денешіктер

Хлоропластар

-өсімдікке жасыл түс береді, барлық мүшелерінде кездеседі, жасыл пигмент хлорофилл бар. Қызметі - органикалық зат түзу.

Хромопласт

-гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді. Қызметі - бунақденелілерді, жануарларды еліктіру.

Лейкопласт

-өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Қызметі - қор жинауға қатысу.

Вакуоль

-іші шырынға толы жасушадағы қуыс.Қызметі - қысымды реттеу, сулы ортаны қалыптастыру, керексіз улы заттарды ыдырату.

Жасушада органикалық қышқылдар, дәрумендер, тұздар жиналатын орын

-вакуоль

Өсімдік жасушасындағы ең ірі органоид

- вакуоль


Өсімдік ұлпалары

Ұлпа дегеніміз

-шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы

Өсімдіктердегі ұлпаның түрлері

-6 (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы)

Түзуші ұлпа

-сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-біріне тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі

Жабын ұлпа

-өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Өң, тоз, қыртыс деп 3-ке бөлінеді

Өң

-жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан.Суды артық буландырудан, зақымданудан қорғайды.

Өсімдік сыртындағы түктер

-өңнің өсіндісі

Тоз

-көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.

Қыртыс

-ең соңынан түзілетін қабат

Негізгі ұлпа

-өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Атқаратын қызметіне байланысты фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.

Фотосинтездеуші ұлпа

-жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады.

Қор жинаушы ұлпа

-өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында,тамырсабақта кездеседі.

Су жинаушы ұлпа

-жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава, сораң. сарсазан)

Жапырақтары шырынды су қорын жинақтайтын өсімдік

-бозкілем

Ауа жинаушы ұлпа

-жасуша арасындағы кеңістіктер ауаға толы борлады. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырағын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді.

Тірек ұлпасы

-жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында,жапырақтарында, жемістерінде болады.

Алмұрт, шетен, беже (айва), жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар

-тірек ұлпасы

Өткізгіш ұлпа

-қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді

Сүзгілі түтіктер

-жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар

Минералды тұздардың судағы ерітіндісі

-сүректегі түтікшелер арқылы қозғалады.

Бөліп шығарушы ұлпа

-өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан. Ішке бөлетін және сыртқа бөлетін ұлпалар деп екіге бөлінеді.

Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар

-шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары.

Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар

-домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер

Безді жасушалар көп

-шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ, магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің тамырларында, қабықта


Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері

Өсімдіктің мүшелері бөлінеді

-2-ге (өсімді және көбею)

Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері

-тамыр, сабақ, жапырақ

Тамыр

Тамыр

-өсімдіктің жер асты мүшесі

Тамырдың қызметтері

-сіңіру, орнықтыру, қор жинау, көбею

Тамыр шығу тегіне қарай бөлінеді

-негізгі, жанама, қосалқы болып

Негізгі тамыр дамиды

-тұқымның ұрық тамыршасынан

Жанама тамырлар

-негізгі тамырдың жан-жағынан дамиды,топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады

Қосалқы тамыр

-сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді

Тамыр жүйесі

-бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығы

Тамыр жүйесі бөлінеді

-кіндік және шашақ тамыр болып екіге

Кіндік тамыр жүйесінде жақсы жетіледі

-негізгі тамыр (қосжарнақтылар: асқабақ, бақбақ, асбұршақ, күнбағыс, жоңышқа)

Шашақ тамыр жүйесінде

-негізгі тамыр болмайды, болған күнде де нашар дамып басқа тамырлармен бірдей өседі (астық тұқымдас, лалагүл тұқымдас, пияз туыстас өсімдіктер)

Тамыр бөлімдері

-бөліну, өсу, сору, өткізу

Тамыр оймақшасы

-тамыр бөліміне кірмейді. Қызметі қорғаныштық

Бөліну аймағы

-жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдердің қалыптасуына себепші болады.

Тамырдың бөліну аймағының ішкі қабатынан түзіледі

-орталық цилиндр

Тамырдың бөліну аймағының ортаңғы қабатынан түзіледі

-алғашқы қабық

Тамырдың бөліну аймағының сыртқы қабатынан түзіледі

-тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасы

Өсу бөлімі

-жасушалары созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді

Сору бөлімі

-қалың түктері бар бөлік

Тамыр түктері

-жұқа өң жасушаларының созылуынан пайда болады. 10-20 күннен кейін қурап түсіп, орнына жаңалары пайда борлады. Қызметі су мен онда еріген минералды тұздарды сіңіру

Өткізу бөлімі

-су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізу

Минералды қоректену

-өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді сіңіруі

Тыңайтқыштар бөлінеді

-минералды және органикалық болып екіге бөлінеді

Органикалық тыңайтқыштар

-қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы

Қиды неге күзде шашады

-көктемге дейін шіріп үлгеруі үшін

Минералды тыңайтқыштар

-азот, фосфор, калий

Азот жетіспесе

-өсімдік баяу өсіп,жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қурап түсіп қалады.

Фосфор

-жасуша қабықшасын түзеді

Фосфор жетіспесе

-жемістің түзілуі баяулар, салмағы кемиді

Калий жеткіліксіз болса

-өсімдік өте аласа болып өседі, тірек ұлпасы жетілмейді, сабақ әлсіз болып жатып қалады

Калий қажет

-тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттар қорға жиналуы үшін

Калийлі тыңайтқыш

-күл

Топырақты құрғақ тыңайтқанда қосылады

-күл

Тыңайтқышты себу уақыты

-дақылдарды себер алдында, себу кезінде, өсу, даму кезінде, жаңбырдан соң немесе суарған соң

Түрөзгеріс дегеніміз

-тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелерінің әртүрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуі

Жемтамыр

-органикалық заттардың негізгі тамырға жиналып, жуандап, түрін өзгертуі (қызылша, сәбіз, шомыр,тарна,ақжелкек,қант қызылшасы, шалғам)

Емізік тамырлар

-паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары (арамсояу, сұңғыла)

Тіреу тамырлар

-тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр (үнді фикусы)

Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлар немесе ауа тамырлар

-қосалқы тамырға жатады. Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі (мангр, айұрық, монстера, сауыр(кипарис))

Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары жатады

-қосалқы тамырға жатады

Түйнек тамыр

-тарамдалған жанама тамырларда қоректік заттар қорға жиналады (нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық)

Түйнек тамыр қажет

-өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін

Өркендер мен бүршіктер

Өркен дегеніміз

-жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ

Өркеннің негізгі орталақ тірек бөлімі

-сабақ

Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері

-буын

Бір буын мен екінші буын аралығы

-буынаралық

Буынаралығы ұзын болса

-ұзарған өркен

Буынаралығы қысқа болса

-қысқарған өркен

Жапырақтың сабаққа орналасқан жері

-жапырақ қолтығы

Бүршік

-бастапқы өркен

Төбе бүршік

-өркеннің ең ұшында орналасады, ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері қалыптасады, өсімдік ұзарып өседі

Қолтық (жанама) бүршік

-жапырақ қолтығында орналасады

Қосалқы бүршік

-өсімдіктің кез-келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, жапырақтан дамиды

Бұйыққан бүршік

-тыныштық күйге ауысқан бүршік

Бұтақтың түптенуі байланысты

- бұйыққан бүршікке

Қабыршақ

-түрі өзгерген сыртқы жапырақтар

Қабыршықтардың түкті, жабысқақ болуы

- су булануын азайтып, үсуден, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды

Жылтыр өткір иісті бүршігі бар өсімдік

- бальзамды терек

Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдік

- итшомырт

Ашық бүршіктердің сыртын жауып тұрады

- бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы

Өркеннің түріне қарай бүршік бөлінеді

-өсу және гүл бүршігі болып

Тек қысқарған өркенде орналасады

-гүл бүршігі (гүлшанағы бар)

Тек ұзарған өркенде орналасады

-өсу бүршігі

Өсу бүршігінде жоқ

-гүлшанақ


Сабақ

Сабақ

-өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек

Сабақтың қызметы

-гүл, жеміс, жапырақ бекіну; қоректік заттар қозғалу; қор жинау; көбею;

Өсу бағытына байланысты сабақ бөлінеді

-тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған

Тік сабақты өсімдіктер

-жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т. б.

Жатаған (желі) сабақ

-өте әлсіз, жұмсақ, жер бауырлап жатады.Мұртшалары арқылы ұзарып өседі (құлпынай, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр)

Шырмалғыш сабақтар

-шырмауық, құлмақ

Өрмелегіш сабақтар

-мұртшалары арқылы өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жүзім)

Жабысқақ сабақтар

-ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктер арқылы сүйенетін өсімдікке тығыз жанасады (плющ, жабысқақ қызылбояу)

Қысқарған сабақ

-сабағы өте қысқа (бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат)

Сабақтың ішкі құрылысы

-қабық, камбий, сүрек, өзек

Қабық

-сабақтың ең сыртқы қабаты. Өсімдікті сыфртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Өң, тоз, тін қабаттарынан тұрады

Өң

-түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Ішке күн сәулесін өткізеді.

Тоз

-өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы, қалың болса да ішке пішіні төмпешікке ұқсаған жасымықшалары арқылы оттегін өткізеді

Тін

-тоздың ішкі жағында орналасқан. Беріктік, мықтылық қасиет береді

Органикалық заттардың қозғалуы

-сабақтағы тін талшықтарындағы сүзгілі түтікшелерде

Тін талшықтары жақсы дамыған

-кендір, зығыр, мақтада

Камбий

-қабықтан кейін орналасқан қабат. Түзуші ұлпадан тұрады, сабақ камбий жасушаларының бөлінуінен жуандайды.

Жылдық шеңбер түзеді

-камбий

Жылдық шеңбер дегеніміз

-камбий жасушаларының бөлінуінен жыл сайын сүректе болатын сүрек қабаты

Сүрек

-сабақтың едәуір бөлігін алып жаатыр. Түтікшелері бар, ол арқылы сабақта су мен минералды заттар қозғалады

Өзек

-сабақтың орталық бөлімі, органикалық заттар қорға жиналады.

Өсімдіктің ұзарып өсуі

-төбе бүршігіне байланысты

Жан-жағына жайылып өсуі

-жанама бүршіктерге байланысты

Сояу

-долана, жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы түрін өзгерткен сабақ

Шырынды сабақ

-кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктер сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды, жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында түзіледі

Қырыққабаттың қауданы

-түрі өзгерген үлкен, алып бүршікке жатады

Тамырсабақ

-жапырақ шығармайтын көпжылдық жерасты өркен

Тамырсабақ аталу себебі

-тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан

Тамырсабақ бөлінеді

-жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, шыршай), шырынды (қырлышөп, құрқашаш), түйнек тәрізді (канна)

Түйнек

-сабақтың түп жағындағы жерасты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік

Түйнекті өсімдіктер

-картоп, жералмұрты (топинамбур)

Пиязшық

-түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жерасты өркен

Пиязшықты өсімдіктер

-пияз, сарымсақ, сүмбілшаш, лалагүл,жабайы жуа,қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа

Пиязшықтың төменгі жағындағы тығыз жері

-қысқарған сабақ немесе түбіртек деп аталады

Жапырақ

Жапырақ

-өсімдіктің өсу мүшесі

Жапырақтың қызметі

-фотосинтез, артық суды буландыру (транспирация), газ алмастыру, қор жинау, көбею

Жапырақтың сыртқы құрылысы

-тақта(алақан) және сағақ

Жапырақтың кеңейген бөлігі

-тақтасы

Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі

-сағағы

Қынап дегеніміз

-жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылуы

Қынапты жапырақта

-бидай, жүгері, қамыс, балдырған, күріш

Ине тәрізді жапырақты өсімдіктер

-қарағай, шырша

Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер

-бидай, қарабидай, жүгері, арпа

Жүрек тәрізді жапырақты өсімдіктер

-жөке, гүлшетен

Бүйрек тәрізді жапырақты өсімдіктер

Құсшөп

Жебе тәрізді жапырақты өсімдіктер

-шырмауық

Жай жапырақ

-бір ғана жапырақ тақтасы бар жапырақ

Жай жапырақты өсімдіктер

-терек, қарағаш, қайың, жөке және т. б.

Күрделі жапырақ

-бір сағақта екі,одан да көп майда жапырақшалары бар

Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер

-беде, соя

Жұп қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер

-асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ

Тақ қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер

-қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы

Жүйкелену дегеніміз

-өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы

Жүйке тұрады

- өткізгіш және тірек ұлпаларынан

Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер

-тал, терек, алма, алмұрт

Саусақ салалы жүйкеленген өсімдіктер

-үйеңкі, үпілмәлік, бегония

Параллель (қатарласа) жүйкеленген өсімдіктер

-бидай, жүгері

Доғалы жүйкеленген өсімдіктер

-інжугүл, жолжелкен

Жапыраққа жүйке арқылы өтеді

-су, минералдар

Жапырақтың ішкі құрылысы

-мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты

Жанаспалы жасушалар

-жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша, Жанасқан жерінде саңылауы бар. Саңылау арқылы газ алмасады

Күндіз саңылау ашылады

-хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант түзіліп, қысым артып

Саңылау жабылады

-түнде қант мөлшері азайып және егер күндіз өте ыстық, желді болса ылғалды сақтау үшін

Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай

-бағаналы және борпылдақ болып екіге бөлінеді

Бағаналы жасушалар

-жарық мол түсетін өңнің астына жанаса жатады

Борпылдақ жасушалар

-жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болады, жапырақ жүйкелері осы қабатта

Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында

-бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан, жанаспалы жасушалар саны да көп

Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында

-бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп

Ылғалы аз жердегі жапырақтар

-кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған

Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары

-тақтасы ірі, айқын жасыл түсті, жанаспалы жасушалары да көп

Фотосинтездің ашылу тарихы басталады

-1630 жылы, Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген

Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған

-атақты орыс ғалымы К. А. Тимирязев

Су булануының маңызы

-ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды

Жапырақ жүйкелерінің ұшы, тақтасының жиегі тікенекті болады

-түйетікен, шағыртікен

Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған

-сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған

Жапырақ түктері тікенге айналған

-итмұрын

Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы

-малға жем болудан қорғану, суды аз буландыру

Мұртшаға айналған жапырақтар

-асбұршақ, үрмебұршақ

Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы

-бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды

Шырынды жапырақтар

-пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректі заттарды қорға жинайды

Бунақденелілерді аулау құралына айналған жапырақтар

-сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктерде болады. Мысалы шыбынжұт, шықшылдық

Сазда, батпақта азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған

- ұстағыш құралға

Жетілмеген жапырақтар

-ылғалы жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла


Өсімдіктерді вегетативті мүшелері арқылы көбейту.


Тамырсабақтары арқылы көбейтеді

-жыланкияқ, інжугүл

Түйнек арқылы көбейтеді

-картопты

Пиязшықтарымен көбейеді

-пияз, лалагүл, қызғалдақ

Мұртшаларымен көбейеді

-қойбүлдірген, құлпынай

Жас өркендері арқылы көбейеді

-тал, терек, қарағаш, үйеңкі

Сабақ өркенінен сәндік үшін өсірілетін көпжылдық гүлдер

  • қалампыр

Жанастыра телу

-қатар өскен екі өсімдікті бір-біріне жанастырады

Кесінділеп телу

-бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру

Көзшелеп телу

-бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып телу


Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері

Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері

-гүл, жеміс, тұқым


Гүл


Гүл дегеніміз

-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен

Тек гүлді өсімдіктерген ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды

-гүл

Гүл бөлімдері

-гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналық

Гүл сағағы

-жапырақ сағағына ұқсас гүлдің жіңішкерген жері

Отырмалы гүлдер

-гүл сағағы жоқ гүлдер. Мысалы беде, қашқаргүл

Гүл табаны

-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері

Тостағаншаның атқаратын қызметі

-гүлдің ішкі бөліктерін қорғау

Күлте

-тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді

Шірнеліктер болады

-күлте түбіндегі жіңішкерген жерде, гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында

Гүл серігі дейді

-тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны

Жай гүлсерікте болады

-тек тостағанша немес тек күлте

Жай гүлсерікті өсімдіктер

-тек тостағанша жапырақшалары бар: қалақай,қызылша, қымыздық,еменнің атылық гүлдері, қарағаш гүлдері; тек жапырақшалары бар: қызғалдақ, лалагүл, інжугүл

Қос гүлсерікте болады

-тостағаншасы да, күлтесі де

Қос гүлсерікті өсімдіктер

-алма, өрік, шие

Гүлсеріксіз гүлдер

-гүл серігінің екеуі де болмайды

Гүлсеріксіз өсімдіктер

-тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі

Гүлдің негізгі бөлімі

-аналық пен аталық

Аталықтың құрылысы

-аталық жіпшесі және тозаңқап

Аналықтың құрылысы

-ауыз, мойын, түйін (жатын)

Дұрыс гүл

-гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе

Дұрыс гүлді өсімдіктер

-алма, итмұрын, мақта

Бұрыс гүл

-гүл бөлімдеріне бір ғана сызық жүргізуге болса

Бұрыс гүлді өсімдіктер

-соя, үрмебұршақ, сәлбен

Қос жынысты гүл

-бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп,лалагүл)

Дара жынысты гүл

-бір гүлде аталық немес аналық қана болса

Аналық гүл

-тек аналығы бар гүл

Аталық гүл

-тек аталығы бар гүл

Бір үйлі

-аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы)

Екі үйлі

-аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса (қарасора,қалақай, терек, тал)

Жынысыз гүлдер

-жыныс мүшелері дамымайды. Мысалы, күнбағыс, гүлкекіре және т. б. себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер

Гүл формуласы дегеніміз

-гүл құрылысындағы гүл бөліктерінің атын бас әріппен белгілеу

Гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп сызбанұсқасын сызу

- диаграмма

Гүлшоғырлар

Гүлшоғыр дегеніміз

-гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы

Жай гүлшоғыр

-жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді

Шашақ гүлшоғыры

-жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған)

Шашақ гүлшоғырында 2 немесе 4 гүл болады

-шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ

Жай масақ

- жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтарынсыз арқылы кезектесіп орналасады (жолжелкен)

Собық

-орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар )жүгері, калла)

Жай шатыр

-гүлшоғырының негізгі сабағы қысқараған, оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр, наурызшешек, ақшұнақ)

Шоғырбас

-қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде)

Себет

-қысқарған әрі жалпақ, жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер лрналасады. Оның жиегін жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре)

Күрделі гүлщоғырлар

-жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады.

Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр)

-негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері 2 қатарда шашақталады (жүзім, гүлшетен, тары ,күріш)

Күрделі масақ

-орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық)

Сырға гүлшоғыры

-масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы - негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек)

Күрделі шатыр

-бірнеше жай шатыр гүлшоғырынан құралады (сәбіз, балдырған, аскөк)

Гүлшоғырлардың биологиялық маңызы

-тозаңданып, ұрықтануға

Тозаңдану, ұрықтану

Тозаңдану дегеніміз

-аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі

Өздігінен тозаңдану

-бір гүлдің өз аталығының тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі

Айқас тозаңдану

-бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері

-ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер

-шие, алхоры,алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің

-тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер

-қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай,қайың, емен

Ұрықтану

-аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтану құбылысын ашқан

-С. Н. Навашин

Жатыннан дамиды

-жеміс

Тұқым бүршігінен дамиды

-тұқым

Ұрыққапшығынан дамиды

-ұрық


Жемістер

Жемістер бөлінеді

-құрғақ және шырынды болып екіге

Шырынды жемістер

-шырыны мол жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды болып бөлінеді

Жидек жеміс

-сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды (қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан)

Жидек тәрізді жемістер

-көп ұялы, көп тұқымды. А) Гесперидий (померанец) тобы - апельсин, мандарин, лимон; Ә)Асқабақ жеміс - қияр, қауын, қарбыз, асқабақ; Б)Алма жеміс - алма, алмұрт, беже;

Сүйекті шырынды жеміс

-сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті-шырынды, ішкі қабаты қатты сүйектенген (алхоры, өрік, шие,шабдалы)

Құрғақ сүйекті жеміс

-бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы

Бұршаққап

-бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері арқылы өздігінен қақырап ашылады (асбұршақ, беде)

Бұршаққын

-қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды (қырыққабат, шомыр, шалғам)

Қауашақ

-бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды (меңдуана, сүттіген,шегігүл, қызғалдақ)

Қанатты жеміс

-жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып қанатқа айналған, жел арқылы таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған)

Дәнек

-тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен бір тұқымды құрғақ жеміс (бидай, жүгері, арпа, тары, күріш)

Тұқымша

-дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре)

Жаңғақ

-жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. ТҰқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша)

Жинақталған жемістер

-бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген.

Құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміс

-құлпынай, итмұрын

Көп сүйекті жинақталған жеміс

-таңқурай, бүлдірген

Бөлшекті жаңғақша жемістілер

-сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз

Ананас, тұт, інжір жемістерін біріккен жеміс деп атау себебі

-себебі олар гүлшоғырдан түзіледі

Тұқым


Қос жарнақты тұқымның құрылысы

-қабығы (қауызы), екі жарнақ, ұрық

Тұқым кіндігі дегеніміз

-тұқымның ойыс жағындағы жеміске бекінген жері

Тұқымның ішіне ауа, су кіреді

-тұқым кіндігі арқылы

Тұқым қабығы

-тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды

Қос жарнақты өсімдіктер

-күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр

Тұқымның негізгі бөлігі

-ұрық

Ұрықтың құрылысы

-алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікше

Қос жарнақты өсімдіктердің тұқымында қоректік заттар жиналады

-тұқым жарнағында

Дара жарнақты тұқымның құрылысы

-қабығы, бір жарнақ, эндосперм, ұрық

Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен

-дәнек деп аталады

Дәнектің едәуір бөлігін алып жатыр

-эндосперм (қоректік заттары бар)

Дара жарнақты тұқымында жарнақ орналасқан

-ұрық пен эндоспермнің арасында

Дара жарнақты өсімдіктер

-лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары

Тұқымның өнуіне қажет жағдайлар

-су, жылу, ауа

Тұқымның өнуіне, шыдамдылығын сақтауға, бөртуіне қажет

-су

Өне бастаған тұқымға қажет

-ауа

Тұқымның өнуі дегеніміз

-ұрықтан өскіннің дамуы

+1 - 5˚ өнетін тұқымдар

-бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақ

Жүгері, күнбағыс үшін қажет температура

+10˚

Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнеді

+15˚

Өскін дегеніміз

-топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдік

Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі

-майда, жеңіл, құрғақ. Сыртында түктері, қанатшалары, өсінділері болады, морт сынғыш

Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдіктер

-жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қарағаш, қайың, терек, тал, мақта, орхидея, қарағай

Тұқымдары су арқылы таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі

-сыртында су жұқпайтын түктері бар. Ішінде су өткізбейтін қалың тоз қабық. Өсінділері ауаға толы, суға батпайды, шығымдылығын жоймайды

Тұқымдары су арқылы таралатын өсімдіктер

-қамыс, жалбыз, бөденешөп, түкті күреңот, қоға, тұңғиық, қияқ

Тұқымдары жануарлар арқылы таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі

-тұқымның сыртында ілмешектер, тікенектер, желімтек түктер болады. Жемісі ашық реңді, шырынды, тұқымы майлы

Тұқымдары жануарлар арқылы таралатын өсімдіктер

-шоңайна, итошаған, кәріқыз, итікен, шетен, долана, таңқурай, бүлдірген, айдаршөп, шие

Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі

-жемістері қақырағыш, ширатылғыш болады

Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдіктер

-қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, ат талшын, шытырлақ, жауқазын



Вирустар,Бактериялар

Ағзалық әлем

- бүкіл жер бетінде тіршілік етіп, өмір сүретін ағзалар жиынтығы

Ағзалық заттар

- нәруыз, май, көмірсу, нуклейн қышқылдары, АТФ

Бейағзалық заттар

- су мен минералды заттар

Жасушасыз тіршілік құрылымы

- вирус

1892 жылы темекі теңбілі вирусын ашты

- Ивановский

Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ сарғая бастайды

-9-11 күннен кейін

1899 жылы "Вирус" терминін енгізді

- Бейерник

Бактерифаг

- бактерия жасушасына енетін вирус

Бактериофагтарды алғаш рет сипаттап жазды

-1915 жылы Туорт

Бактериофагтың пішіні

-итшабаққа ұқсайды (денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді тақташадан тұрады)

Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды алғаш рет анықтаған

-1898 жылы Гамалея

Іш сүзегі бактериялсын ерітіп жіберетін бактериофагтарды анықтаған

-1917 жылы Д Эрелль

Вирус туғызатын аурулар

- тұмау, балалардың сал ауруы (полиомиелит), қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, СПИД

Вирустың пішіні

- алтыбұрышты

Вирустың құрылымы

-нуклеин қышқылы, нәруызды қабығы

Өсімдіктердегі вирустардың түр саны

-300

Жануарлардағы вирустардың түр саны

-500

Иммунитет дегеніміз

- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамау қасиеті

Ядросыздар (прокариоттар)

- бактериялар мен көк-жасыл балдырлар (цианобактериялар)

Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан

-Антон Левенгук

Ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді

-Луи Пастер

Микробиология

-көзге көрінбейтін ұсақ ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым

Бактерия сөзінің қазақша баламасы

-таяқша

Бактериялардың пішіндері

-таяқша, шар, үтір, оралма

Бактерияның құрылысы

-қабықша, цитоплазма, оқшауланбаған ядро заты

Бактериялар жақсы дамиды

-ылғалды орта мен +10+40˚С температура аралығында

Бактериялар спора түзеді

-тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда

Бактериялардың споралары топырақта сақталады

-20-30 жылға дейін

Сапрофиттер

-өлі ағзалардың денесінде тіршілік етеді

Паразиттер

-тірі ағзаның жасушалық заттарымен қоректенетіндер

Бактериялар көбейеді

-екіге бөліну арқылы, 20 минут сайын

Өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды

-0˚С температурада

1 г қара топырақта кездесетін бактерия саны

- 5-6 млрд

Бактериялар туғызатын аурулар

-оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, топалаң, баспа, құздама

Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етеді

-туберкулез

Оба бактериясы топырақта сақталады

-25 күнге дейін

Эпидемия (індет) дегеніміз

-ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы

Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы

-тазалық ережелерін сақтау

Туберкулез ауруларын тудыратын бактерияларды анықтады

-1982 жылы Кох

Туберкулез таяқшалары таралады

-сілекей тамшылары (ауа) арқылы

Ауыратын сиырдың сүті арқылы таралады

-сарып (бруцеллез) ауруы

Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырып, улы зат бөліп, ботулизм ауруын тудырады

-клостериум, ботулинис бактериялары

Бактериялар өсімдіктерді зақымдап, тудыратын ауру

-бактериоз

Бактериялардың мақта өсімдігінде туғызатын ауруы

-гоммоз (шайыр ағу)

Жапырақтарынан бактерияларды қырып жіберетін зат бөледі

-грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштары

Шіріту бактериялары

-біздің ғаламшарымыздың тазалаушылары

Топырақ бактериялары

-топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады

Түйнек бактериялары

-жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді

Сүт қышқылы бактериясын пайдаланады

-орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем дайындауға

Сірке қышқылы бактериясын пайдаланады

-қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз т. б. жемістерді тұздауға

Цианобактериялар

-бактериялардың фотосинтез үдерісі жүретін жасыл-қызыл түсті өкілдері

Алғаш рет атмосфераға оттегін бөліп шығарған

- цианобактериялар

Цианобактериялардың сыртқы боялған бөлігі

- хроматоплазма

Теңіздерде, жартастарда, былқылдақденелілердің бақалшақтарында, ағаш діңдерінде өседі

- хамесифондар

Жерасты ыстық суларда, тастың бетінде, тоқтау суларда өседі

-хроококкалар

Носток көбірек кездеседі

- қынаның құрамында

Нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы суқоймаларында өсіреді

-спирулина цианобактериясын

Бактериологиялық қару

-әдейі ауру тарату үшін қоздырғыш бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақ түрлерін арнайы қоректік ортада егу



Қыналар

Қыналарды зерттейтін ғылым

- лихенология, негізін салушы швед ғалымы Ахариус

Түр саны

- 26 000

Қына құралған

- 2 (3) ағзаның селбесуінен (саңырауқұлақ, балдыр ( түйнек бактериясы))

Қына құрамындағы балдырлар

- фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзеді

Қына құрамындағы зең саңырауқұлақтарының жіпшумақтары

- су мен минералды тұздарды сіңіреді

Қыналардың төсемікке орнығуы

- саңырауқұлақ жіпшелері арқылы

Қына құрамындағы түйнек бактериялары

- атмосферадан азотты сіңіреді

Қыналар пішініне қарай бөлінеді

- қаспақты (қабыршақты) жапырақты, бұталы болып 3 топқа

Қабыршақты қыналар өседі

- ағаш діңіне, тасқа жбысып

Жапырақты қыналар өседі

- орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып

Бұта тәрізді қыналар өседі

- қарағайлы орманда төсемікке бекініп

Қаспақ тәрізді қынаның түсі

- сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр

Қыналар көбейеді

- денесінің бөліктері арқылы өсімді жолмен

Қыналарға ең қажетті жағдай

- оттегіне бай таза ауа (ауа тазалығының индикаторы)

Қабыршақты қыналар жылына өседі

- 1-7 мм

Бұта тәрізді қыналар жылына өседі

- 1-35 мм

Қыс кезіндегі бұғылардың негізгі азығы

- бұғы қынасы (кладония)

Тақта, біз, бокал тәрізді тік өседі

- бұғы қынасы

Қынадан алынады

- лакмус, бояу, қант, спирт

Қыналардың табиғаттағы маңызы

- өсімдіктерге топырақ дайындау

Қыналар кездеспейді

- қалалы жердің лас ауасында

Нағыз ауа тазалығының индикаторы

- қына

Исландия қынасының басқаша атауы

- цетрария

Жер қынасын пайдаланады

- дизентерия ауруын емдеуге

Асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрі жасалады

- қына



Балдырлар

Зерттейтін ғылым

- алгалогия

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

- балдырлар

Таллом дегеніміз

- денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі

Балдырларға жасыл түс беріп тұратын хлоропластың қызметін атқаратын органоид

- хроматофора

Біржасушалы жасыл балдырлар пайда болған

- шамамен 1,5 млрд жыл бұрын

Біржасушалы қос талшықты жасыл балдыр

- хламидомонада

Хламидомонада жарықты сезеді

- қызыл көзшесі арқылы

Хламидомонада көбейеді

- жынысты, жыныссыз жолдармен

Хламидомонаданың хроматофорасының пішіні

- терең астау тәрізді

Космосқа ұшқан, микроскоппен ғана көрінетін біржасушалы балдыр

- хлорелла

Хлорелланың хроматофорының пішіні

- жазық астау тәрізді

Хлорелланың көбеюі

- жыныссыз жолмен

Хлорелла түзген крахмалдан бактеиялардың көмегімен алу көзделіп отыр

- май

Топырақта, ағаш діңінде, гүл құмырасының сыртында өсетін біржасушалы жасыл балдыр

- хлорококк

Көпжасушалы, жіп тәрізді, қолға ұстағанда жібектей сезілетін жасыл балдыр

- спирогира

Спирогираның хроматофорының пішіні

- таспа пішінді оралма

Спирогираның көбеюі

- өсімді, жынысты

Улотрикс

- көпжасушалы, жіп тәрізді, су түбіне ризоиды арқылы бекінетін жасыл балдыр

Улотрикстің хроматофорының пішіні

- жалпақ білезік тәрізді

Улотрикстің көбеюі

- жынысты, жыныссыз

Қоңыр балдырлар

- ламинария, саргассум, турбинария

Ламинария өседі

- 20-30 м тереңдікте

Ламинарияның биіктігі

- 50 м

Қоңыр балдырлардың жасушасының қор заты

- полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмірсулар)

Қоңыр балдырлардың хроматофорының пішіні

- дән тәрізді, жасуша қабықшасына жақын орналасқан

Майда вакуольдерінің илік заты бар көпжасушалы балдыр

- ламинария

Жергілікті тұрғындар "теңіз жүзімі" деп атайды

- турбинарияны

Теңіздің ең терең түбінде (270 м) өседі

- қызыл балдырлар

Қызыл балдырлардың қор заты

- май және қантты заттар

Қызыл балдырлар

- коралина, плюмария, порфира, хондрус, гринеллия

Қызыл балдырлардың көбеюі

- өсімді, жынысты, жыныссыз

1 г қара топырақта болады

- 50 000 балдыр

Қытай мен Жапонияда табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланылады

- порфираны

Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау (зоб) ауруының алдын алу үшін тамаққа қосатын, "теңіз орамжапырағы" деген атпен белгілі балдыр

- ламинария

Балдырлардан алынады

- йод, спирт, сірке қышқылы, агар-агар, жасұнық

Агар-агар дегеніміз

- микроорганизмдерді өсіретін қоректік орта

Балдырлардан бояу алып, маталарды бояды

- көне Римде

Қағаз алынатын жасыл балдыр

- кладофора

Хламидомонаданың жасушасының сыртын қаптайды

- жасуша қабықшасы

Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын қаптайды

- сілемейлі қабық

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттың алғашқы түзушісі болатын биогеоценоз

- су қоймасы

Тұщы су қоймасының продуценті

- балдыр

Жасуша қабықшасына кремний сіңген балдырлар

- диатомды

Лас көлдерде тіршілік ететін балдырлар

- диатомды


Саңырауқұлақтар

Зерттейтін ғылым

- микология

Түр саны

- 100 000 -нан астам

Өсімдікке тән белгілері

- бір орнынан қозғалмайды, қанша тіршілік етсе сонша өсе береді, тарамдалады, қоректік заттарды бүкіл денесімен сорады

Жануарларға тән белгілері

- хлороплас тары болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді (гетеротрофты), жасуша қабықшасы хитинді, жасушадағы қор заты гликоген

Көбеюі

- өсімді, жынысты, жыныссыз

Көбеюдің басым түрі

- жыныссыз (спора, зооспора, конидий)

Зооспорада болады

- талшықтар

Спора түзілетін орын

- спорангий

Конидий дегеніміз

- шаң түріндегі спора (коидийсидамда түзіледі)

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар тобына жатады

- ашытқы, пеницилл, аспергилл

Ашытқы саңырауқұлағы

- біржасушалы, бір ядролы, басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы ұзақ уақыт оттексіз тіршілік ете алады

Ашытқы саңырауқұлағының көбеюі

- бүршіктеніп, қолайсыз жағдайда жынысты жолмен

Ашытқы саңырауқұлағының ғылыми атауы

- қант саңырауқұлағы

Қамырдың көтерілу себебі

- ашытқы саңырауқұлағы қамырдағы қантты ыдыратып, көмір қышқыл газ мен спиртті түзеді. Көмірқышқыл газы қамырды көпіршіктерге толтырады, соның нәтижесінде қамыр көтеріледі.

Зең саңырауқұлақтары

- ақ зең (мукор), пеницилл, аспергилл

ақ зең (мукор) кездеседі

- нанда, жемістерде, жылқы тезегінде

Ақ зеңнің басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы

- тарамдалып кеткен бір ғана жасуша

Зең саңырауқұлағынан алынады

- пенициллин антибиотигі

Өкпенің қабынуы, құздама, күл ауруын емдеуге қолданылатын саңырауқұлақ

- пеницилл

Лимон қышқылы алынады

- аспергиллден

Зең саңырауқұлақтарының зияны

- картоп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді

Пеницилдің жіпшумақтарының шоғырының түсі

- көкшіл-жасыл

Аспергилдің жіпшумақтарының шоғырының түсі

- сарғыш-жасыл түсті

Саңырауқұлақтың жемісті денесі

- бір-біріне тығыз ұйыса орналасқан жіпшумақтардан тұрады

Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесі

- қалпақ пен түбіртектен тұрады

Ақ саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы

- 2 кг 720 г

Саңырауқұлақтардың құрамы

-10-20 ℅ құрғақ затының 2-4 ℅ нәруыз, 1 ℅ май

Түтікшелі саңырауқұлақ

- ақ саңырауқұлақ

Қатпарлы саңырауқұлақтар

- арышқұлақ, түлкіжем. қозықұйрық

Қалпақшалы саңырауқұлақтардың ағаштардың тамырымен селбесуі

- микориза

Симбиоз дегеніміз

- екі ағзаның пайдалы селбесуі

Қайың, қарағай, шырша маңында өседі

- ақ саңырауқұлақ

Қарағай мен шыршалы орманда өседі

- арышқұлақ

Арықтардың шірігі мол жағасында өседі

- жас кезінде жеуге жарамды көңқұлақ

Көңқұлақтың спораларын таратады

- бунақденелілер

жалған түлкіжем

- қалпақшасының үстіңгі беті тегіс, қызғылт-сары түсті

Кәдімгі түлкіжем

- қалпақшасының шеті желбіреген. үстіңгі беті ақшыл-сарғылт түсті, қалпақшасын бөліп қарағанда ақ шырын бөлінеді

Боз арамқұлақтың қозықұйрықтан айырмашылығы

- қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті

Қозықұйрық қалпақшасының асты

- алқызыл түсті

Жалған түбіртектің кәдімгі түбіртектен айырмашылығы

қалпақшасының асты қою сарғылт түсті, қалпақшасының үсті мен түбіртегі ашық сарғылт-жасыл түсті, түбіртегінде белдеуше сақина болмайды

Улы саңырауқұлақтар

- жалған түбіртек, жалған түлкіжем, көңілкеш, боз арамқұлақ, шыбынжұт

Саңырауқұлақтан улану белгілері

-іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, әлсізденіп басы айналады, кейде сіңірі тартылады

Паразит саңырауқұлақтар

- қастауыш, қаракүйе, тат, ақұнатақ, діңқұлақ

Жазда әртүрлі өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ ұн сеуіп тастағандай болады, ол

- ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары

Ақұнтақ астық түсімін кемітеді

- 30 ℅-ға

Бидай масағындағы сәл иіліп келген қара түсті түзіліс

- қастауыш

Қастауыштың жіпшумағы

-аналықтың түйінін толтырады

Қастауыштың споралары бидайды зақымдайды

- гүлдеу кезінде

Дәнді дақылдардың, қамыстың жапырақ сабағындағы ұзынша таттың түсіндей қызңылт-қоңыр томпайған дақтар

- тат сақырауқұлағы

Бұл саңырауқұлақпен зақымдалған астықтың дәні майда әрі жеңіл болады

- тат

Тат саңырауқұлағы бидай түсімін кемітеді

- 15 ℅-ға

Қаракүйе саңырауқұлағы зақымдайтын дақыл

- астық тұқымдастарын

Қаракүйе саңырауқұлағының жіпшесі

- тез өсіп, қара спора түзеді

Діңқұлақ саңырауқұлағының жемісті денесінің басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы

- жемісті денесі тұяққа ұқсайды, әрі өте қатты

Діңқұлақ саңырақұлағымен зақымданған ағаштың сүрегі

- үгілгіш, опырылғыш болады

Ағаш сабағын зақымдайды

- діңқұлақтың споралары

Жемісті денесі көпжылдық саңырауқұлақ

- діңқұлақ

шірітпе саңырауқұлағы зақымдайтын дақыл

- картоп

Саңырауқұлақтардың споралары қандай ортада өнеді

- қарашірігі мол, ылғалды ортада

Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіпшумақтары топырақ астында

- 6-12 см тереңдікте орналасқан

Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат

-гибереллин

Ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді

-антибиотик


Мүктәріздес өсімдіктер


Жоғары сатыдағы өсімдіктер бөлінеді

- споралы және тұқымды болып 2-ге

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

- мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар

Саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында

- мүктер

Мүктерді зерттейтін ғылым

- бриология

Мүктер туралы ғылымның негізін қалаған

-ХҮІІІ ғасырдың соңында неміс ботанигі Гедвиг

Қыста, қалың қардың астында ауа температурасы -140С болған кезде де фотосинтез процесі жүріп жататын ағзалар

-мүктер

Мүктердің ризойды

-жіп тәрізді сыртқы қабық өсіндісі

Мүкте тамыр қызметін атқарады

- ризойд

Нашар жетілген ұлпалары

- өткізгіш, тірек, жабын, қор жинаушы

Көкек мүгінің (жасыл мүк) кейде "көкек зығыры" деп аталу себебі

- сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделгендіктен мен ризоидтары болады

жасыл мүктің құрылысы

- сабағы, жіңішке жапырақтары

орманның батпаққа айналуына себепші

- жасыл мүк

Споралары жетіледі

-қауашақта

Көбеюі

- жынысты, жыныссыз жолмен

Спорадан өнген жасыл жіп тәрізді балдырға ұқсас өскін протонема

- аналық және аталақ өсімдіктерді береді

Жоғары сатыдағы өсімдіктертердің тіршілік айналымында

- 2 саты, жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорфит) ауысады

Шымтезек мүгін кейде "ақ мүк" деп атау себебі

- су жиналатын жапырақтың өлі жасушалары құрғақшылық кезде іші ауаға толып, қампиып, ақ түсті болып көрінгендіктен

Топырақтың батпаққа айналуына себепші

- шымтезек мүгі (сфагнум)

Шымтезектің жапырақ жасушалары

- 2 түрлі хлорофилі бар тірі және цитоплазмасы жоқ өлі

Тұщы су қоры

- мүктер

Қырықбуынтәріздес өсімдіктер

Қырықбуын деп аталу себебі

-сабағы өте көп буын және буын аралықтарынан тұрғандықтан

Қырықбуын өседі

-ылғалды жерде

Қырықбуынның көбейіп кетуі нені білдіреді

-топырақтың қышқылдылығы артқанын, оған әктас енгізу керектігін

Қырықбуынның құрылысы

-көктемгі өркен, жазғы өркен, тамырсабақ және қосалқы тамырлар

Тамырсабағында қосалқы бұтақлары бар споралы өсімдік

-қырықбуын

Жаздық өркен

-жасыл түсті, жапырағы жоқ, фотосинтез жасыл өркенде жүреді

Көктемгі өркен

-қоңыр түсті, жапырақтары қабыршақ тәрізді, қоңыр түсті, ұшында споралар жетілетін масағы бар, көбею қызметін атқарады

Қырықбуынның ұшында орналасқан спорангийлер тобының орны

-бүр

Түйнекке айналған

-жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары. Қызметі: қор жинау және өсімді көбею мүшесі

Қырықбуынның өзегіндегі ұсақ шоқ түзетін ұлпалар

-өткізгіш

Далалық қырықбуын

-улы, дәрілік өсімдік

Плаун тәріздес өсімдіктер

Плаун тәріздес өсімдіктер

- көпжылдық мәңгі жасыл, шөптектес өсімдіктер, тең және әртүрлі споралы

Түр саны

- 200-500

Плаунның сабағы

- жерге төселе өседі, айырлана бұтақтанған

Плаунның споралары дамиды

- күзге қарай жоғары бағытталып, тік өскен өркендердің ұшындағы масақшаларында

Жапырақтары мен сабақтары бір орыннан екінші орынға жылыстап өседі

- плаундар

Көбею жолдары

- 3 (өсімді, жынысты, жыныссыз)

Плаунның өркендерінің үзінділерінен алғаш дамиды

-қосалқы тамыр

Спорангийлер орналасқан түрі өзгерген жапырағы

- спорофилл деп аталады

Плаунтәріздестердің спорасы жетілетін орын

- өркендер

Ұрықтық тамыршадан дамиды

- нағыз тамыр

Ұрықтық сабақшадан дамиды

- нағыз сабақ

Жынысты көбеюі басталады

- жерге түскен спораларының өнуінен

Жерасты споралары 6-15 жылдың аралығында дамып жетіледі

- плаунтәріздестерде

Плаунның өскіншелері

-қосжынысты, ұзындығы 20 мм-ден аспайды

Плауннан алынған тұнбаны пайдаланылады

- іш жүргізуге, несеп айдауға, өт тазартуға

Плаунның кең тараған өкілі

- шоқпарбас плаун

Тең споралы өсімдік

- шоқпарбас плаун

Өнеркәсіпте жасыл және сары бояу алу үшін шикізат болып табылады

- плаундар

Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктер

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы

- Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктер

Кең тараған өкілі

-усасыр қырықжапырағы

Қырықжапырақ аталу себебі

-жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен

Жапырақ тақтасының қызметі

-1) фотосинтез; 2)көбею

Өте баяу өседі усасыр қырықжапырағының жапырақтары

- 3 түрлі. 1) бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады; 2) екінші жылғы жапырақтар биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады; 3) үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады

Вайя

-қауырсын тәрізді ірі жапырағы (30 метрге дейін жетеді)

Сорус дегеніміз

-спорангийлердің жиынтығы

Спорангий

-споралар дамып жетілетін қалта

Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетіндегі негізгі жүйкеге бекініп тұрады

-ұзын аяқшалары арқылы

Жыныстық көбеюі жүзеге асады

- жасыл түсті, жүрек тәрізді өскіншеде

Усасыр қырықжапырағы

-тең споралы өсімдік

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген түрлері

-шолпаншаш сүмбілі мен мыңжылқы қырықжапырағы


Ашық тұқымды өсімдіктер

Ашықтұқымды өсімдіктер пайда болған

-Тұқымды қырықжапырақтардан (папоротниктерден)

Ашық тұқымды аталу себебі

-тұқымдары қоғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан

Ашық тұқымдылар көбейеді

-тұқымы арқылы

Сабағы

-дің деп аталады

«Сүрек» дегеніміз

-ағаш діңінің су өткізгіш бөлімі

Қылқан жапырақты аталу себебі

-жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады.

Қылқанжапырақтыларға тән ерекшелік

-сүрегіндегі шайырлы өзекше

Кәдімгі қарағай

-бір үйлі,жарық сұйгіш, биіктігі 50 метрге жетеді, өмір сүру ұзақтығы 400 жыл, қылқандары үшқырлы, қысқарған өркенде екі-екіден орналасқан, қылқандары 3-6 жылға дейін өмір сүреді

Қарағай діңінің сүрегіндегі өлі жасушалы өткізгіш ұлпалардың мөлшері

- 90-95 ℅

Қарағайдың аналық бүрлері

-қызғылт түсті, көктемде жас өркеннің ұшында пайда болады

Қарағайдың аталық бүрлері

-жас өркеннің түбінде тығыз, топтаса орналасқан, ұсақ, жасылдау сары түсті

Қарағайдан бөлінетін зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат

- фитонцид

Кәдімгі арша

-екі үйлі қылқан жапырақты бұта

Халық кәдімгі аршаның бүрін бүржидек деп атау себебі

-бүрдің етті бөлігі тәтті, мармелед жасауға пайдаланылады

Жапырағын түсіретін балқарағайдың жапырағы

- жұмсақ, ені кең, өркенге топтанып орналасады

Туйяның (бозарша)

- өскінінде қабыршақтар қаптаған енділеу келген жапырақтар орналасады

Жылу сүйгіш, шыршаға ұқсаған самырсынның қылқан жапырақтары

- жұмсақ болғандықтан денеге қадалмайды

Жапырақтары қысқарған өркенде бес-бестен топтанып орналасады

-сібірлік қарағайда

Жапырағы сәл жалпақтау, сызықты-қандауырша тәрізді қылқан жапырақты өсімдік

- секвоя

Зеревшан аршасы

-биіктігі 5-10 м, қылқан жапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында сирек кездеседі. Қызыл кітапқа тіркелінген. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек елу жылда жеміс бере бастайды.

Жатаған (Шренк) шырша

-Теріскей, Күнгей, Іле Алатауында сирек кездесетін ашықтұқымды бұта, Қызыл Кітапқа енгізілген, 300 жылға дейін өседі

Сырқы көрінісі қырықбуынға ұқсайтын ашықтұқымды бұта

-қос масақшалы қылша (эфедра). Ұзындығы 15-40 см. Екі үйлі өсімдік

Топырақты жел мен судың шайып бүлдіруі

-эрозия

Қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат

-шырша сүрегі

Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп алынады

-жібек жіп тәрізді жасанды талшық

Шырша қылқанының тіршілік ұзақтығы

-6-7 жыл

Шырша өмір сүреді

-120-300 жыл

Тұмау тиіп ауырғанда түтінін иіскеуге болады

-аршаның




Жабықтұқымды өсімдіктер


Жабықтұқымды деп аталу себебі

-тұқымы жемістің ішінде орналасқандықтан

Түр саны

- 250 000

Жабықтұқымды өсімдіктерді кейде атайды

- гүлді өсімдіктер деп

Жабықтұқымдылардың ұрықтануына қатысатын спермия саны

- 2

Гүлді өсімдіктерге ғана тән ұрықтану түрі

- қосарлы

Гүлді өсімдіктердің кластары

- 2 (қосжарнақтылар және даражарнақтылар)

Жабықтұқымды өсімдіктерді жүйелеу схемасы

- бөлім → класс→қатар→тұқымдас→туыс→түр

Қосжарнақтылар класына тән белгілер

- ұрығында 2 жарнақ болады, кіндік тамыр жүйелі, жапырағы қауырсынды немесе саусақ салалы жүйкеленген, күлте және тостағанша жапырақшаларының саны 4 немесе 5

Даражарнақтылар класына тәне белгілер

- ұрығында 1 жарнақ, жапырағы қатар немесе доға тәрізді жүйкеленген, шашақ тамыр жүйелі, күлте және тостағанша жапырақшаларының саны 3 немесе 6

Даражарнақтыларға жататын жапырағы торлы жүйкелі, кіндік тамыр жүйелі өсімдік

- қарғакөз

Қосжарнақтыларға жататын жапырағы доға тәрізді жүйкелі, шашақ тамыр жүйелі өсімдік

- жолжелкен





ҚОСЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ

Көкнар тұқымдастар

Көкнар тұқымдастар

-шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде өсетін қосжарнақты өсімдіктер, жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақшалары болмайды, сүтті шырын бөліп шығаратын өзекті жүйелері жақсы дамыған

Ғаламшардағы түр саны

-700

Қазақстандағы түр саны

-44

Қызыл Кітапқа тіркелген түрі

-жіңішке көкнар

Көкнар тұқымдас өсімдіктер

-жабайы көкнар, жалаңсабақ айдаршөп

Улы түрі

-үлкен сүйелшөп

Дәрілік түрі

-ұйықтатын көкнар

Гүлі

-қосжынысты

Гүл формуласы

2 К 2+2 АЖ

Жемісі

-қауашақ

Алабота тұқымдастар

Алабота тұқымдастар

-кіндік тамырлы, көріксіз, басым көпшілігі арамшөп ретінде белгілі біржылдық немесе көпжылдық шөптекті,шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан

Түр саны

-1500

Өкілдері

-қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғын

Құрамындағы нәруызы етке пара-пар

  • шпинат

Өте кең таралған біржылдық арамшөп

-ақ алабота

Қазақстанда өсетін сексеуіл түрлері

-қара, ақ, зайсаңдық

Сексеуілдің жапырақтары қабыршаққа айналған, сонда фотосинтез қайда жүреді

-жас өркендерінде

Қара сексеуіл

-Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі.

Ақ сексеуіл

-шөлдің құмды жерлерінде өседі, құм бекітуге пайдаланылады

Қант қызылшасы өсіріледі

-Алматы, Жамбыл облыстарында

Жапырақсыз бұйырғын немесе итсигектен алынады

-ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі

Асқабақ тұқымдастар


Асқабақ тұқымдастар

-бақша өсімдіктері, өркендері шырмалып немесе жерге төселіп өседі, сабағында мұртшалары бар, шөптекті біржылдық өсімдіктер, көпшілігінің гүлдері дара жынысты

Гүлі қосжынысты екі үйлі түрі

-итжүзім, жемісі - жидек

Халықтық медицинада қолданады

-өте жуан тамырын іш босатуға

Мұртша дегеніміз

-өзгерген өркен

Қаратау маңында өсетін көпжылдық түрі

-құтырған қияр

Өкілдері

-қауын, қарбыз, қияр, асқабақ

Жабайы түрі

- итжүзім

Түр саны

-900

Қазақстандағы түр саны

-9

Жемісі

-қабақ (жемісі ең ірі өсімдіктер, салмағы 100 килограмға дейін жетеді)

Бір тұқымды түрі

-мексикалық қияр - чайот

Асқабақ тұқымдастар өсіріледі

-азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта

Асқабақ өсіріле бастаған

-жыл санауға дейін 3000 жыл бұрын Мексикада

Қауыннан дайындалатын өнімдер

-қақ, қауынқұрт, бекмес

Қауын тұқымынан алынады

-25-30% тағамдық май

Бекмес құрамындағы қант

  • 60℅

Орамжапырақ немесе шаршыгүлділер тұқымдасы


Орамжапырақ немесе шаршыгүлділер тұқымдасы

- 3 000 -ға жуық түрі бар, жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлшоғыры шашақ

Жемісі

-бұршаққын немесе бұршаққынша

Гүл формуласы

- Т2+2К4А 4+2Ж(2)

Көкөністік түрлері

орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна

Татымды түрлері

- қыша, ақжелкек

Майлы түрлері

-рапс, арыш

Дәрілік түрі

-ақбасқурай

Арамшөп түрлері

- жұмыршақ, қышабас

Қызыл кітапқа енгізілген түрі

-жирен сарбасқурай

Раушангүлділер тұқымдасы

Раушангүлділер тұқымдасы

- 3 000 түрі бар, Қазақстанда 35

Бұталы түрлері

- раушан, итмұрын

Көпжылдық шөптекті түрлері

- шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген

Жай жапырақты ағаш түрлері

- алма, алмұрт, долана, шие, өрік

Үшқұлақ күрделі жапырақты түрлері

- бүлдірген, құлпынай, таңқурай

Қауырсын күрделі түрлері

- итмұрын, шетен, қараған

Саусақ салалы күрделі жапырақты түрі

- жатаған қазтабан

Раушан мәденилендірілген

- жабайы итмұрыннан

Итмұрын гүлінің формуласы

Т(5)К5АЖ

Раушан күлтесі айналған

- аталықтан

Қазіргі кездегі раушанның іріктеме саны

- 25 000

Раушан күлтесінен алынатын бағалы май

- хош иісті заттар алуға пайдаланылады

Бұршақтұқымдас өсімдіктер

Бұршақтұқымдас өсімдіктердің негзігі ерекшелігі

-тамыр түкшелері арқылы атмосферадан бос азотты сіңіруі

Түйнек бактериялары түйнекте болатын бактерия түрі

- автотрофты-хемосинтездеуші

- жанама тамырында түйнек пайда етеді

Бұршақтұқмдас өсімдіктердің тамырындағы

Гүл формуласы

- Т(5)К(2)+3А(9)+1Ж1

Ең ірі күлтесі

- желкен

Біріккен күлтесі

- қайықша

Екі бүйіріндегі күлте

- ескек

Бұршақ гүлінің жыныс мүшелері орналасқан

- қайықшаның ішінде

Жемісі

- бұршаққап

Тағамдық түрлері

- асбұршақ, үрмебұршақ, соя

Малазықтық түрлері

- беде, жоңышқа, жантақ, бөрібұршақ

Жөтелге қарсы дәрі есебінде пайдаланылатын түрі

-жалаң қызылмия

Іш босататын дәрі есебінде пайдаланылатын түрі

- кассия (сана)

Улы түрі

- тентекмия

Бұршақтұқымдас өсімдіктердің тұқымы бай

- нәруызға

Тұқымы майлы түрі

- соя

Алқа тұқымдас өсімдіктер

Түр саны

- 1 900, Қазақстанда 23

Гүл формуласы

- Т(5) К(5)А5Ж

Жемісі

- жидек, қауашақ

Тағамдық түрлері

- картоп, қызан, баклажан, болгар бұрышы

Сәндік түрлері

- хош иісті темекі, шырайгүл (петуния), қызылқұлақ (физалис)

Улы және дәрілік түрлері

- меңдуана, сасық меңдуана

Жапырағы мен тұқымын демікпе мен құрыспа ауруларына дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік

- меңдуана

Баклажан

- жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық, мәдени түрі біржылдық, жемісі жидек. Жылу және ылғал сүйеді, бауыр ауруын емдеуге қолданады

Картоптың гүлшоғыры

- шашақгүл

Картоптың жемісі

- жидек

Картоптың түйнегі

- түрін қзгерткен өркен

Ерінгүлділер тұқымдасы


Ерінгүлділер тұқымдасы

- түр саны 3 500, Қазақстанда 234, сабағы төртқырлы, жапырақтары қарама-қарсы, күлтесі ерінтәрізді біріккен

Гүлі аузын ашқан адамның кескінін бейнелейтін тұқымдас атауы

- ерінгүлділер

Гүл формуласы

(5)К(2+3)А4Ж(2)

Жемісі

-сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша

Өкілдері

- гүлшетен, лаванда, жыланбас, көкжалбыз, сәлбен

Халық "тіршілік шөбі" деп атайды

- сәлбен

Сәлбен

- балды өсімдік

Ерінгүлділер тұқымдасындағы маңызды дәрілік өсімдік

- кермек жалбыз

Дәрілік түрі

-жөтелшөп

Биіктігі бір метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік

-көкжалбыз

Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайдаланатын түрі

-кәдімгі жұпаргүл

Карл Линнейдің қызанға берген атауы

- қасқыр шабдалы

Күрделігүлділер тұқымдасы

Түр саны

- 20 000, Қазақстанда 700

Гүлшоғыры

- себет қалуен

Жемісі

- тұқымша

Себет гүлшоғырында тек тілше гүлдер орналасқан

- бақбақ

Тек түтікшелі гүлден тұрады

- түйетікен, қалуен

Тостағаншасы кейде өзгеріп кетеді

- Үлпекті айдаршаға (бақбақ)

Майлы түрлері

- күнбағыс, мақсыр

Көкөністік түрі

- ассүттіген, бөрігүл

Дәрілік түрлері

- дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл

Малазықтық түрі

- жералмұрты (топинамбур)

Сәндік түрлері

- бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгин)

Арамшөп түрлері

- ойраншөп, қалуен, кекіре

Тұқымшаларын ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде береді

- мақсырдың

Мақсырдың тұқымындағы май мөлшері

-25-37 ℅

Күлте жапырақшаларынан қызыл және сары бояу өндіреді

- мақсырдың

Мақсырдың өсімді мерзімі

- 93-117 күн

Қазақстанда бір ғана түрі кездесетін

Өсімдіктің "өгейшөп" деп аталу себебі

- жапырақ тақтасының үстіңгі беті -жылтыр, түксіз, салқындықты білдіреді, астыңғы жағы түкті, жылылықты білдіреді

Өгейшөп гүлдейді

- жапырағы шықпай тұрғанда

Өгейшөпті дәрілік мақсатта пайдаланылады

-қақырық түсіруге, ауатамырдың қабынуына, туберкулезге

Күрделігүлділердің тұқымы бай тамырсабақты көпжылдық шөптекті өсімдік

өгейшөп

- майға

Күнбағыс гүлшоғырының шетіндегі гүлдер

- жыныссыз тілше гүлдер

Күнбағыстың өсуіне қолайлы топырақ

- қара топырақ

Күрделігүлділердің тостағанша жапырақшасы

- жемістің жел арқылы таралуын жеңілдететін үлпекке айналған

Кекіренің шұқырақ тәрізді жыныссыз гүлдерінің қызметі

- бунақденелілерді еліктіру

Күрделігүлділердің тозаңданбай жеміс түзетін түрі

- бақбақ

Құлқайыр гүлділер тұқымдасы


Құлқайыр гүлділер тұқымдасы

-1000-ға жуық түрі бар, Қазақстанда18 түр, 7 туысы өседі.Әсіресе Алтай, Күнгей, Теріскей, Іле Алатауында және Мойынқұмда өседі

Өкілдері

-мақта, қытай раушаны, бұйдакендір, жалбызтікен, айдарша

Ең маңызды өкілі

-мақта

Шит дегеніміз

-мақтаның ұрық шашатын тұқымы

Гүлінің формуласы

3+(5)К 5 АЖ

Жемісі

-қауашақ

Көсек дегеніміз

-мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағы

Жыл санауына дейін 3 мың жылдан бері мақта шаруашылығымен шұғылданып келеді

-Үндістан

Оңтүстік Қазақстанда мақта өсірілетін аудандар

-Бөген, Келес

Мақтадан мол түсім алу үшін қажет температура

-+15, +17˚

Мақта өсімдігі гүлдейтін ай

-маусым

Қоза

-мақтаның сабағы

Мақта сабағының биіктігі

-1,5 - 2 м

Мақта тұқымындағы май

-24-26 %

Дәрілік жалбызтікеннен алынған тұнба

-жөтелге пайдаланылады

Даражарнақтылар класы

Даражарнақтылар класына жататын тұқымдастар

- лалагүлділер, құртқашаш, пияз, інжугүл, астық

Лалагүл тұқымдастар


Лалагүл тұқымдастар

- даражарнақты, көпжылдық, шөптекті, гүлі қосжынысты өсімдіктер

Гүл формуласы

- К 3+3 А3+3Ж(3)

Жемісі

-қауашақ

Түр саны

- 1350, Қазақстанда - 57, Қызыл кітапқа тіркелінген - 14 түрі

Дәрілік түрлері

-лапыз, тамырдәрі,

Сәндік түрлері

- қызғалдақ (лалагүл), секпілгүл, сүмбілшаш

Техникалық түрі

- шырыш

Лапызды медицинада дәрі есебінде пайдаланылады

- тұқымын. Қан ауруларын, подагра, қатерлі ісіктерді емдейді

Лалагүл тұқымдастардың ең кішкене түрі

- қазжуа

Құртқашаш тұқымдастар

Құртқашаш тұқымдастар

- көпжылдық, шөптекті, кейде шалабұталы, тамырсабақты өсімдіктер

Түр саны

- 1800, Қазақстанда 36

Сәндік түрлері

- баршынгүл, құртқашаш,запран

Гүл формуласы

- К 6 А3Ж1

Халық құртқашашты кейде

- жыланқияқ деп атайды

Медицинада пайдаланады

- тамырсабағын, қақырық түсіруге


Пияз туыстастар

Пияз туыстастар

- пиязшықты, кейде түйнекпиязшықты, көпжылдық өсімдіктер. Пиязшығы мен жапырағында сүтті шырын болады

Жемісі

- қауашақ

Түр саны

- 650, Қазақстанда 110

Басты пияз

- екіжылдық, көкөністік дақыл

Пияз гүлінің формуласы

- К 3+3 А3+3Ж(3)

Басты пияздың іріктеме саны

- 1 000-ға жуық

Эрфурктегі халықаралық көрмеде күміс медальға ие болған

-"Дүнген 56" іріктемесі

Дүние жүзінде пияз егіледі

- 1,5 млн гектар жерге (алынады 15 млн тонна өнім)

Тағамға пайдаланылады

- пияшығы мен сабағын

Пиязшықтың құрамында болады

- 14℅ қант, 2℅ нәруыз, С В РР тобындағы витаминдер

Сарымсақ

- көпжылдық пиязтуыстас өсімдік

Жаздық сарымсақ егіледі

- көктемде

Фитонцид

- пияз бен сарымсақта болатын бактерияларды жоятын қасиеті бар, ерекше ұшпа заттар


Інжугүл туыстастар


Інжугүл туыстастар

- көпжылдық шөптекті өсімдіктер

Інжугүл

- тамырсабақты улы өсімдік, биіктігі 15-20 см, гүлдері қоңырау пішіндес

Гүл формуласы

- К (3+3) А3+3Ж(3)

Жемісі

- жидек

Дәрі үшін пайдаланылады

- жапырағын, жүректің жұмысын жақсартуға

Інжугүл Қазақстанда өседі

-Жайық өзенінің оң жақ жағалауында

Астық тұқымдастар


Астық тұқымдастар

- 10 000-ға жуық түрі бар, Қазақстанда 418 түрі өседі, көпжылдық, шөптекті ( бамбук пен алып сүрекқамыстан басқасы)

Сабағы аталады

- сабансабақ деп

Жемісі

-дәнек

Тағамдық түрлері

- бидай, күріш, жүгері, арпа т,б,

Малазықтық түрлері

- қарабас, арпабас, атқонақ, бетеге, бидайық

Қағаз өндіретін шикізаттар

- бамбук, қамыс

Құрылыс материалы ретінде пйдаланылады

- бамбук, алып сүрекқамыс

Екпе күріш

- биіктігі 50-100 см, гүлшоғыры сыпыртқыгүл, өсімді мерзімі 90-165 күн, тұқымы өне бастайды 10-12°-та

Күріш дәнегінде болады

- 9-12℅ нәруыз, 65-70℅ көмірсу, 4-6 ℅ май

Атақты күріш өсіруші

- Ы. Жақаев, гектарынан 174 ц өнім алған

Бидай гүлшоғыры

-күрделі масақ

Бидай тозаңданады

- гүлі ашылмай тұрғанда өздігінен

Қарабидай тозаңданады

- жел арқылы

Адамзат бидайды еге бастаған

- 6-8 мың жыл бұрын

Жаздық бидайды егеді

- көктемде

Күздік бидай егіледі

- күзде

Күздік бидай қыстайды

- түптену кезеңінде

Күздік бидайдың түсімі жаздық бидайдан жоғары болу себебі

- ерте көктемде қар суына кенеліп, тез өскендіктен

Тарының гүлшоғыры

- масақ тәрізді сыпыртқыгүл

Атақты тары өсіруші

-Ш. Берсиев гектарынан 165-175 ц өнім алған

Құмай

- азықтық, малазықтық дақыл, техникалық өсімдік. Отаны Африка. 5 000 жыл бұрын егіле бастаған.

Техникалық дақылдар дегеніміз

- кез-келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер

Техникалық өсімдіктер

- үпілмәлік, бұйдакендір

Қазақстанда өсетін өсімдік саны

- 6 000

Дәрілік түрлері

- 500

Мәдени өсімдіктердің орталықтары

Мәдени өсімдіктердің 7 орталықтарын тапқан

- Вавилов

Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық

- күріш, қант қамысы

Шығыс-азиялық орталық

- соя, тары

Оңтүстік-батыс Азиялық орталық

- бидай, қарабидай, бұршақ, жүзім

Жерортатеңіздік орталық

- зәйтүн, жоңышқы, жасымық, орамжапырақ

Аббиссиналық орталық

- құмай, банан, ноқат, арпа, бидай

Орталық Америкалық (Мексика) орталық

- жүгері, мақта, какао, үрмебұршақ, асқабақ

Андылық (Орталық Америкалық) орталық

- картоп, кокаинді бұта, хинин ағашы

37


© 2010-2022