Қазтамақтың емдік қасиеттері (11 сынып)

Раздел Биология
Класс 12 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазтамақтың емдік қасиеттері. Қазтамақ - ғажайып өсімдік. Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар, күйзелген күйді тыныштандыруға, ұйқысыздықты жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор.

Қазтамақтың құрамында аминқышқылдары, дəрумендер, өзектер, микроэлементтер, антибиотиктер бар. Жапырағы бөлетін эфир мен фитонцидтер ауаны зиянды микроағзалардан тазартады. Қазтамақтың жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды.

Халық медицинасында қазтамақтың тұнбасын ішу арқылы асқазан, ішек жəне көз ауруларын емдеуге болады. Қазтамақ суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды оңай жəне еш қиындықсыз емдеп жазады. Суық, тұмау тигенде қазтамақ жапырақтарының шырынынан 2-3 тамшыдан күніне 2 рет мұрынға тамызып тұру қажет.

ҚРА, ҚРВИ, жөтел ауруларына, бір литр суға 25 грамм қазтамақ жапырағын 10 минут қайнатып, тұндырып, күніне 3-4 рет тамақты шаяды. Кенеттен көтерілген қан қысымында қазтамақ «жедел жəрдем» қызметін атқарады. Ол үшін қазтамақтың жапырағын 20-30 минут сол қолдың тамырына жабыстырып қойса, қан қысымы реттеледі. Құлақ шаншып ауырғанда жапырақты жұмсартып, түтікше орап, құлаққа салу керек.

Тіс ауырғанда да жапырағын ауырған тіске қойып, басылғанша ұстаймыз. Бүйректегі тасты түсіру үшін 2 шай қасық кептірілген жəне ұнтақталған қазтамақтың тамырына ыстық су құйып, оны ары қарай баяу отта қайнағанша ұстау керек. Бір сағаттай тұндырып, қайнатпаны сүзіп алады. Қайнатпаны күніне 5 рет тамаққа дейін екі ас қасықпен қабылдайды. Бас ауырған кезде қазтамақтың жапырағын мұрынға салып қойса көмектеседі. Шаш қатты түскенде қазтамақтың қайнатпасымен жуса, қалың, əрі жылтыр, əдемі болады. Жаралардың қанын тоқтату үшін қазтамақтың жапырағын езіп, қоймалжың түрінде дененің сыртына шыққан жараға жағып қояды.


© 2010-2022