ҚМЖ Химиялық элементтер (10-сынып)

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология

10 А сынып

Сабақтын тақырыбы:

2Химиялық элементтер және бейорганикалық қосылыстар,

Жалпы мақсат:

Жасушаның құрамындағы макроэлементтер, микроэлементтер , ультрамикроэлементтер, бейорганикалық қосылыстар ,олардың атқаратын қызметі, қасиеттері , ағза үшін маңызымен танысу.

Сілтеме:

  1. 10 А сыныпқа арналған оқулық.

  2. 10А сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық.

Міндеті:

  1. Төменгі сыныптан алған білімдерін кеңейтеді, ғылыми түсінік алады.

  2. Жасушаның құрамындағы элементтердің , судың биологиялық ролін оқып үйренуде оқушының сыни тұрғысынан ойлауы дамиды.

  3. Тапсырмаларды орындауда, топпен жұмыста бір - бірін тыңдауға, өзін - өзі бағалай білуге дағдыланады.

Оқу нәтижесі:

  1. Тақырыпты түсінеді, талдайды.

  2. Білетін мәліметтеріне қосымша мәліметтер қосады. Топтасып жұмыс жасайды.

  3. Сабаққа қызығушылығы артады, ынталанады, қорытынды айтып үйренеді.

Оқыту әдістері:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:

Диалогтік оқыту: сұрақ - жауап, диалог. СТО:Миға шабуыл.

  1. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: формативті бағалау:стикерлер, қол шапалақтау. Жиынтық бағалау.

  2. Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық,

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. А-3 флипчарты, маркерлер, стикерлер

  2. Мәтіннің мазмұнын қамтитын сұрақтар жазылған парақтар.

Дерек көздері:

  1. Көрсетілім қолдану

  2. Оқулық, жұмыс дәптер.

Тапсырмалар:

1-тапсырма.

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы диалогтік сұрақ - жауап.

Модуль.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Диалогтік оқу.

2-тапсырма.

Сынып тақырыбын ашу үшін жеке жұмыс.

Модуль. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану. Қалай оқу керектігін үйрену.

3-тапсырма.

Топтық жұмыс.

Флипчарт тарату арқылы постер қорғату.

Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс).

4-тапсырма.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын білу үшін стикерлер тарату.

Модуль. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Биология пәнінің мұғалімі Б.К.Байдаулетованың 10 «А», «сыныбына арналған қысқа мерзімдік жоспары

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс - әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті.

Оқушының іс - әрекеті.

Психологиялық тренинг.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін АКТ -ны пайдала отырып, ән тыңдату.

Ән тыңдайды,билейді.

Топтық жұмыс

Жасушаның құрамындағы органикалық заттардың аты жазылған қағаздар тарату арқылы топқа бөлу.

Тақырыптың мағынасын танып, оқиды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10мин).

Мұғалімнің іс - әрекеті.

Оқушының іс - әрекеті.

«Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, үй тапсырмасының дайындық дәрежесін білу.

1.Тірілік құрамына енетін элементтердің барлығы қандай топтарға бөлінеді?

2.Жасушада қай элементтер барлығынан көп ?

3Судың ағзадағы биологиялық ролі қандай? 4. Минералды тұздар ағзада қандай қызмет атқарады?

Оқушылар негізгі сұрақтарды анықтап, ой қорыту жасап түйіндейді, идеяларын толықтырады, өткен материалдардың мазмұнын толық айтады.

ІІІ. Жаңа тақырып (10мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті.

Оқушының іс - әрекеті.

Жасушаның химиялық құрамы .Химиялық элементтер және бейорганикалық заттар

Көрсетілім арқылы сабақтын тақырыбын ашу.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау, өткен материалдарды еске түсіру.

IV.Топтық жұмыс (10мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті.

Оқушының іс - әрекеті.

Органикалық заттардың аты бойынша топқа бөлу:

1.Көмірсулар.

2.Майлар.

3.Нәруыздар.

4.Нуклейн қышқылдары

Топтық жұмыс арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

V. Постер қорғау.(8мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті. Тақырып мазмұнын түсінгендерін тексеру

Оқушының іс - әрекеті.

Флипчарт, маркер, стикерлер таратып беру.

Постер жазу, ойларын нақты, идеяларын топпен бірге қорғау.

VI. Қорытынды.(3мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті.

Оқушының іс - әрекеті

VII. Бағалау.(2мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті.

Оқушының іс - әрекеті

Критериялды бағалау.

Тақырыпқа байланысты критерий жасап оқушыларды баллдық жүйе арқылы бағалау.

Өзін - өзі бағалау, топты бағалау.



© 2010-2022