6 сынып Биология І тоқсан тест жұмысы

6 сынып. Тест жұмысы.І тоқсан материалдары бойынша. 1. Затты  3-5  есе  үлкейтіп  көрсететін  құрал:  а)тұтқалы  ұлғайтқыш  әйнек  ә)микроскоп  б)ұлғайтқыш  қол  әйнегі 2. Затты  10-25  есе  үлкейтіп  көрсететін  құрал: а)микроскоп  ә)тұтқалы  ұлғайтқыш  әйнек  б)ұлғайтқыш  қол  әйнегі. 3.  Жарық  түсіру  қызметін  атқаратын  микроскоп  бөлімі: а)окуляр  ә)айна  б)объектив  в)көру түтігі 4.  Микроскоптың  барлық  бөлімдері  бекітілген  тірегі: а)табан  ә)заттық  үстелше  б)бұранда  в)тұтқа 5.  Микроскоптың  бірнеше   линзасы  бар  бөлімі: а) к...
Раздел Биология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып Биология І тоқсан І нұсқа


1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі

2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.

3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі

4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:

а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа

5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:

а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив

6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше

7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

8.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:

а)түзуші ә)негізгі б)жабын

9.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

10. Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа: а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

11. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш

12. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы

13. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз

15.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль

16. Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

17. Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:

а)негізгі ә)түзуші б) жабын

18. Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:

а )түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

19. Су мен улы газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат түзетін ұлпа:а)өткізгіш ә)негізгі б)жабын

20.Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:а)өткізгіш ә)тірек б)негізгі

21.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:

а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым

22. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма

23. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:а)қосалқы ә)жанама б)негізгі

24. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:

а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар

25. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

6 сынып. Биология І тоқсан ІІ нұсқа

1. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:а)шашақ ә)кінді б)жем тамыр

2. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр

3. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору

4. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу

5. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері : а) тамыр ,жапырақ , сабақ б)жеміс гүл ,тұқым

6. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:а)негізгі ә)жанама б)қосалқы

7. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

8. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:а)жанама ә)қосалқы

9. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:

а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр

10. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну

11. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу

12. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:

а)бөліну ә)өсу б)сору в)өткізу

13. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды соратын тамыр бөлімі:а) өсу ә)бөліну б)өткізу в)сору

14. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну

15. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору

16. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ

17. Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) түзуші ә)негізгі б)бөліп шығарушы

18. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналатын ұлпа: а)тірек ә)өткізгіш б)жабын

19. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

20. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:а)түзуші ә)жабын б)негізгі

21. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа: а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі

22. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.

23. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

24. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар

25. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар



© 2010-2022