Разработка Гормондар. Олардың маңызы

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Анатомия, физиология және дене шынықтырудың гигиеналық негіздері

Сабақтың тақырыбы: Гормондар. Олардың маңызы.

Сабақтың мақсаты: 1. Студенттерге эндокриндік жүйе бездерінің қызметі мен маңызын, ішкі секреция

бездерінің бөлетін секреті - гормондардың рөлі, олардың гиперфункциясы мен гипофункциясы туралы түсінік беру.

2. Гормондар туралы білімдерін дамыту, алған білімдерін өмірде жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.

3. Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз ойларын нақты айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдістері: Сипаттау, сұрақ-жауап, түсіндіру, Шаталовтың тірек-сызбалар технологиясы,

деңгейлік сұрақтар, рефлексия

Көрнекілігі: слайдтар, таратпа қағаздар

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру

Топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Сипатта:

  1. Қалқанша маңы безі

  2. Бүйрек үсті безі

  3. Айырша без

  4. Ұйқы безі

  5. Жыныс бездері

  6. Аталық без

  7. Аналық без

ІІІ Жаңа сабақ

Гормон - ішкі секреция бездерінен бөлінетін химиялық-биологиялық белсенді зат.

Гормон әсер ететін мүше безден алыс орналасуы мүмкін

Гормондар тек тірі жасушаға ғана әсер етеді

Гормондар әсері қатаң белгіленбегенғ кейбір тек арнайы мүшеге, ал басқалары алмасу процестерінің белгілі бір типіне әсер етеді.

Гормондар жоғары биологиялық белсенді және өте төменгі концентрацияда әсер етеді.



Гормондар қасиеттері


Организмнің өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді

Үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайына организмнің бейімделуін қамтамассыз етеідң

Гомеостазды, организмның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді

Зат алмасу процесінің жұмысын бақылайды.



Гормондар қызметі





Ішкі секреция бездері, олардың гормондары

Бездер

Бөлетін гормондары

Қызметтері

Гипофиз

Троптық гормондар

Қалқанша, жыныс, бүйрек үсті безінің қызметін реттейді

Өсу гормоны

Нәруыз алмасуы мен организмнің өсуін реттейді

Вазопрессин

Зәр шығаруға, организмнен су мөлшерінің шығарылуының жеделдеуіне әсер етеді.

Қалқанша безі

Тиреоидты

Энергия алмасу мен ағзаның өсуінің қарқынын арттырады, рефлексті жылдамдатады.

Қалқанша маңы безі

Паратгормон

Қандағы кальций мен фосфор концентрациясын арттырады, реттейді

Ұйқы безі

Инсулин

Қандағы глюкоза мөлшерін төмендетеді, бауырда глюкозаның артқы мөлшерін глюкагенге айналдырып қорға жинап, жасушаға глюкозаның тасылуын жылдамдатады.

Глюкаген

Қандағы глюкоза деңгейінің көбеюін, бауыр глюкогенінің глюкозаға дейін тез ыдырауын жылдамдатады.

Бүйрек үсті безі

Милы қабат: глюкокортикоидтар

Нәруыз, көмірсу алмасуында, имунитетті арттыруда маңызды

Альдестерон

Су, минералдық тұз алмасуын реттейді

Қыртысты қабат: адреналин

Симпатикалық жүйке жүйесіне әсер етіп, зат алмасуын, көмірсу алмасуын реттейді.

норадреналин

Қан қысымын арттырады

Жыныс бездері

Эстрогендер мен андрогендер

Бастапқы және қосалқы жыныстық белгілердің пайда болуына, организмнің жыныстық пісіп-жетілуіне әсер етеді.

ІV Сабақты бекіту

  1. Деңгейлік сұрақтар.

І деңгей.

  1. Сыртқы секреция бездерін ата

  2. Ішкі секреция бездерін ата

  3. Аралас секреция бездерін ата

  4. Секрет дегеніміз не?

  5. Гормон денеіміз не?

  6. Сілекей бөлетін без, бездің қай түріне жатады?

ІІ деңгей.

  1. Гиперфункция дегені не?

  2. Гипофункция деген не?

  3. Гуморалдық реттелу деген не?

  4. Қалқанша безінің гормонының организмге әсері қандай?

  5. Инсулин гормонының жетіспеуі қандай ауру тудырады? Ауру белгілері:

ІІІ дейгей.

  1. Гормондар неліктен үнемі қанға түсіп отыруы керек?

  2. Қалқанша безі қандай гормон бөледі, оның әсері өандай?

  3. Жүйкелік және гуморальдық реттелудің айырмашылықтары қандай?

  4. Гипофиз қанша гормон бөледі, оларға сипаттама бер.

  5. Қорыққан кезде неліктен жүректің соғуы жиілейді?


  1. Кесте толтыру

Бездер

Бөлетін гормондары

Қызметтері






Рефлексия. «Бес саусақ»

  1. Не білдім?

  2. Не түсіндім?

  3. Нені жасау қиын болды?

  4. Нені жасау оңай болды?

  5. Алда не жасаймын?

V Бағалау

VІ Үй тапсырмасы

Ішкі секреция бездерінің аурулары туралы мәлімет жинақтау

© 2010-2022