«Ас атасы-нан. »

Қызымет кезеңдері. Тәрбиеші іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті. Дәлелдеу-ояту. Таңғы шеңбер: Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр,амандасайық. -Сәлеметсіздер ме қонақтар! -Сәлеметсіздер ме балалар! -Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатқанда дүкенге соқтым, одан не алдым деп ойлайсыңдар? -Мына себетте не бар екен? -Қәне көздеріңді жұмып иіскеп көріңдерші,Не сездіңдер, ненің иісі шығады? -Бұлар нелер екен? -Нандардың қандай түрлерін білесіңдер?   Балал...   6-сурет: «Ұн шығару» 7-сурет: «Ұннан қамыр илеу» 8-сурет: «Иленген қамырды арнайы пешке салу» 9-сурет: «Нанның қалай піскенін көру» -Балалар, наның шығу жолдарын көрдіңдер ме? -Нанды пісіруде үлкендердің еңбегі өте зор екенін көрдіңдер ме? -Ұнан тек қана нан пісірмейді, одан әр түрлі печеньелерде пісіреді. -Печеньелердің қандай түрлерін білесіңдер? Олар нелерге ұқсайды? -Онда біз сендермен ойын ойнайық. Д/о: «Кім жылдам?»   Тосын сый: Әже қонаққа келеді. Әжемі...   Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Нан қайдан алынатынын, неден жасалатынын, кім өсіріп , пісіретінін айту. Түсінеді: Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.Геометриялық пішіндерді, негізгі түстерді түсінеді. Қолданады: Ұқыптылыққа, саусақ маторикасын дамы
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: « Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тіл дамыту.Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Ас атасы- нан.»

Мақсаты: Нан күнделікті тағам екенін балаларға түсіндіру.Нан қайдан алынатынын, неден жаслатынын,кім өсіріп, пісіретінін айту.Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.Геометриялық пішіндерді,негізгі түстерді бекіту.Балалардың ойлау, ұқыптылық, қызығушылық қабілеттерін арттыру.Саусақ маторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: Наның түрлері, печеньелердің түрлері,суреттер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Өзіндік дамыту технологиясы ( М. Монтессори)

Қызымет кезеңдері.

Тәрбиеші іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Дәлелдеу-ояту.

Таңғы шеңбер:

Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр,амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме қонақтар!

-Сәлеметсіздер ме балалар!

-Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатқанда дүкенге соқтым, одан не алдым деп ойлайсыңдар?

-Мына себетте не бар екен?

-Қәне көздеріңді жұмып иіскеп көріңдерші,Не сездіңдер, ненің иісі шығады?

-Бұлар нелер екен?

-Нандардың қандай түрлерін білесіңдер?

Балалар шеңберге тұрып,қонақтармен амандасады:Сәлеметсіздер ме!

Балалардың қызығушылықтары арттады.

Нанның иісі шығады.

Нандар.

Ақ нан, қара нан, тоқаш.

Ұйымдастыру-іздену.

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ:

Күрең қызыл түсі бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күші бар.

-Балалар, сендер нанды жақсы көресіңдер ме?

-Қандай нанды жақсы көресіңдер?

-Балалар, сендерге мамаларың үйде қандай нан пісіріп береді?

-Кім біледі,нан бізге қайдан келеді?

-Нан неден жаслады?

- Балалар, нан дүкенге қалай келгенін айтып берейін бе?

Призентация.

«Нан қайдан шығады?» суреттер көрсету.

1-сурет: «Бидайды көрсету»

2-сурет: «Трактормен бидайды себу»

3-сурет: «Бидай масақтарының өсуі»

4-сурет: «Комбайынмен ору» 5-сурет: « Қамбаға апару»

Жұмбақтың шешуін табады.

Нан.

Ия.

Ақ нанды, жұмсақ, тәтті нанды.

Бауырсақ, шелпек, тәтті нан.

Мамамыз дүкеннен сатып алады.

Ұннан, қамырдан.

Ия.

Нан қайдан шығатынын айту.

Суреттерді қарап бірге айту.


6-сурет: «Ұн шығару»

7-сурет: «Ұннан қамыр илеу»

8-сурет: «Иленген қамырды арнайы пешке салу»

9-сурет: «Нанның қалай піскенін көру»

-Балалар, наның шығу жолдарын көрдіңдер ме?

-Нанды пісіруде үлкендердің еңбегі өте зор екенін көрдіңдер ме?

-Ұнан тек қана нан пісірмейді,

одан әр түрлі печеньелерде пісіреді.

-Печеньелердің қандай түрлерін білесіңдер? Олар нелерге ұқсайды?

-Онда біз сендермен ойын ойнайық.

Д/о: «Кім жылдам?»

Тосын сый: Әже қонаққа келеді. Әжеміздің қолында бауырсақ салған ыдыс бар.Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Мен сендерге сыйлық әкелдім.Сыйлығымды бермес бұрын сендерге жұмбақ жасырамын.

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

Ал, енді кім осы нан туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып береді?

-Балалар, мен жай келген жоқпын, мен сендерден көмек сұрай келдім.

Маған көмектесесіңдер ме?

-Бүгін аталарың бидай екпекші болып қамбаға барса, бидайы мен бұршағы араласып кетіпті.Соны ажыратып беруге көмектесесіңдер ме?

Саусақ маторикасын дамыту.

-Балалар, бөлген бидайларың мен бұршақты мына дорбаға саламыз.

-Мына дорба қандай? Түсі қандай?

-Ал мына дорба ше?

Рахмет балалар, аталарың қуанып қалатын болды.Тезірек барайын аталарың күтіп қалған шығар.Мына пісірген бауырсақтарымды сыйға тартамын.

-Балалар, әжеміздің сыйлығын біз мына жерге қоятұрайық, қәне барлығымыз наның қайдан шықанын тағыда айтып берейікші.

Наның шығу әдістерін көріп білу.


Көрдік.

Ия.

Печеньелердің әр түрлері болады. Аңдарға ұқсас, әріптерге ұқсас, геометриялық пішіндерге ұқсас болады.

Әр түсті тәрелкеге геометриялық пішінге ұқсас печеньелерді жинау.

Әжемен амандасады.

Сәлеметсіз бе Әже!

Әжені қызыға тыңдайды.

Нан.

Тақпақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады.

Нанмен ойна ма, ас атасы-нан, нан қоқымын баспа.

Көмектесеміз.

Ия ,ажыратып беруге көмектесеміз.

Қуаныштарын білдіреді.

Араласқан бидай мен бұршақты бөледі.

Үлкен, көк.

Кішкентай, қызыл.

Балалар әжемізбен қоштасады.

Балалар кілемге қарай жылжып отырады.

Рефлекісті-түзету.

-Балалар, бидайды неітейміз?

-Көрдіңдерме балалар, үлкендердің еңбегі өте зор, сол себептен біз нанды құрметтеуіміз керек.

Нанды жерге тастауға бола ма?

Нанды басуға болама?

Нан-ол біздің асымыз, тағамымыз.Көктемде бір күнде егіп, жыл бойы бізді асырайды.Жарайсыңдар балалар, енді нанның шығу жолдарын білетін болдыңдар.Қонақтармен қоштасайық

Бидайды тракторлармен егеміз, ол өседі оны комбайынмен жинаймыз,дирменге апарамыз, ұн аламыз,ұнды наубайханаға апарамыз,нан шығады ,нанды дүкендерге апарады,одан мамаларымыз сатып алады.

Жоқ.

Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Нан қайдан алынатынын, неден жасалатынын, кім өсіріп , пісіретінін айту.

Түсінеді: Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.Геометриялық пішіндерді, негізгі түстерді түсінеді.

Қолданады: Ұқыптылыққа, саусақ маторикасын дамыту.

© 2010-2022