Сабақтың тақырыбы: «Генетика» Ажырау заңы

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шахаев Асан Сабурович

Сабақтың тақырыбы: «Генетика»Ажырау заңы.

Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Моногибридті шағылыстыру. Генетикалық есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика ғылымының пайда болуы және дамуы туралы білім беру, генетик ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.

Танымдық сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту. Топпен жумыс жасауга, сыйластыққа, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу .

Құрал - жабдықтар: электрондық оқулық, суреттер,қағаздар,оқулық.

Күтілетін нәтиже: 1.Г. Мендель заңдарымен танысады.2.Белгілерді ажырата біледі.3.Генетика есептерін шығарып үйренеді.

Қолданылатын модульдер: С.Т.О.

Оқыту әдістері: Топқа бөлу,миға шабул, мәтінмен жұмыс,диологты топтасу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың қатнасын,сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

Сабақтың кезеңдері: Қызығушылығын ояту.

«Миға шабуыл» Стратегиясын пайдаланып сұрақтар қою.
«Кім жылдам?»?
1. Генетика биология ғылымының бір саласы
2. Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы
3. Генетика ғылымының дамуы
4. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы
5. Моногибридті будандастыру
6. «Гомозигота» және «Гетерозигота» ұғымдары.


Генетика биология ғылымының бір саласы
Генетика ғылымы-
↓Тұқымқуалаушылық - Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.
Өзгергіштік - Организмдердің жаңа белгілері мен қасиеттерге ие болуы.

Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы
Генетика ғылымының дамуы 3 кезеңнен тұрады:
І кезең - пайда болуы: 1900 - 1910 жылға дейін
ІІ кезең - қалыптасу: 1911 - 1953 жылға дейін
ІІІ кезең - молекулалық генетиканың пайда болуы: 1953 жылдан қазірге дейін

Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы
Моногибридті будандастыру - бір - бірінен жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата - аналар дараларын будандастыру.

Жаңа материалды игеру үшін сынып 3 топқа бөлінеді.
І топ: Тұқымқуалаушылық
ІІ топ: Өзгергіштік
ІІІ топ: Доминантты
Әр топ өз тапсырмасымен жұмыс жасайды.
І топ тапсырмасы:
1. Генетика биология ғылымының бір саласы.
2. Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы.
ІІ топ тапсырмасы:
1. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы.
2. Моногибридті будандастыру.
ІІІ топ тапсырмасы:
1. « Гомозигота» және «Гетерозигота» ұғымдары.
2. Генетика ғылымының дамуы.

Сергіту сәті.
Жаңа сабақты қорыту:
Қарапайым генетикалық есептер шығару.
Берілген үлгіні қарап, ата - анасын генотипі бойынша анықтаңдар. Қандай даралар будандастырылған.
Аталық жұп Р♀ ААХ ♂ аа
Гаметалар АА аа
І ұрпақ буданы F1
Фенотипі бойынша:
Генотипі бойынша:
Ата - анасы қандай типті гаметалар түзеді? F1 ұрпақ будандарында қандай белгілер көрінеді, қандай типті гаметалар түзеді.

Қорытындылау:
Сабақтың соңынан білімгерлердің білімін бағалап, қорытынды жасау.
Оқытушы білімгерлерден бүгінгі тақырып бойынша қандай әсер алғанын талдап, сараптама жасау .
Бағалау.Кері байланыс жасау.
Үй тапсырмасын беру: «Генетика»Ажырау заңы.



© 2010-2022