І тарау бойынша тест тапсырмалары

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология

8 сынып

  1. «Ми рефлекстері» атты еңбекті жазған ғалым?

А)И.М.Сеченов В) И.П.Павлов С) Х.Досмұхамбетов Д) Н.И.Пирогов

Е) И.И.Мечников

  1. Фагоцитоз (лейкоциттердің бөгде заттарды жоюы) құбылысын ашты:

А)И.М.Сеченов В) И.П.Павлов С) Х.Досмұхамбетов Д) Н.И.Пирогов

Е) И.И.Мечников

  1. 14 млн жыл бұрын пайда болған:

А) рамапитектер В) аустралопитектер С) епті адам Д) неандертальдықтар

Е) кроманьондықтар

  1. Гиалоплазмадан (мөлдір матрикс), ондағы органоидтер мен қосындылардан тұрады?

А) цитоплазма В) ядро С) эндоплазмалық тор д) лизосома Е) митохондрия

  1. Жасушаның көбеюіне қатысады?

А) цитоплазма В) ядро С) эндоплазмалық тор д) лизосома Е) митохондрия

  1. Жасушалардағы заттардың тасымалына қатысады?

А) эндоплазмалық тор В) лизосома С) гольджи жиынтығы

Д) митохондрия Е) жасуша мембранасы

  1. Құрамында ферменттері бар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырататын, бір мембраналы, шар тәрізді құрылымдар. Оларды жасушалардың «ас қорыту станциясы» деп те атайды?

А) эндоплазмалық тор В) лизосома С) гольджи жиынтығы

Д) митохондрия Е) жасуша мембранасы

  1. Ретті орналасқан қуыстардан, түтікшелер мен көпіршіктерден тұратын және осы жерде күрделі көмірсулар синтезделіп, жасуша синтездеген барлық заттарды тығыздап жинақтайтын жүйе?

А) эндоплазмалық тор В) лизосома С) гольджи жиынтығы

Д) митохондрия Е) жасуша мембранасы

  1. Жасушаның «энергетикалық станциясы». Оның негізгі қызметі - энергия бөліне жүретін органикалық қосылыстарды тотықтыру.

А) эндоплазмалық тор В) лизосома С) гольджи жиынтығы

Д) митохондрия Е) жасуша мембранасы

  1. Жасуша ішіндегі заттарды қоршаған ортадан шектейді. Негізгі қызметі - жасушаның ішкі және сыртқы ортасының өзгерісіне қорғаныш реакциясы, мембраналық потенциал жасау, тасымалдау, жасушаларды ұлпаларға біріктіру, көрші жасушалармен байланысын қамтамасыз ету?

А) эндоплазмалық тор В) лизосома С) гольджи жиынтығы

Д) митохондрия Е) жасуша мембранасы

  1. Жасуша мен оны қоршаған орта - ұлпа сұйықтығы арасындағы үздіксіз алмасу?

А) тітіркену В) зат алмасу С) қозғыштық Д) көбею Е) өсу

  1. Жасушаның сыртқы ортадан немесе жасуша ішінде пайда болған әртүрлі тітіркендіргіштерге реакциясы?

А) зат алмасу В) қозғыштық С) тітіркену Д) көбею Е) өсу

  1. Тіршілік негізі, аминқышқылдары мономерлерінен тұратын күрделі биополимерлер. Қызметі - жасушадағы биохимиялық реакциялардың жүруін тездетеді, сонымен қатар организмде тасымалдаушы, жиырылу, қорғаныш, энергетикалық қызметтер атқарады:

А) майлар В) көмірсулар С) нәруыздар Д) су Е) минералды тұздар

  1. Суда ерімейтін күрледі органикалық қосылыс?

А) көмірсулар В) майлар С) нуклеин қышқылы Д) минералды тұздар Е) нәруыздар

  1. Жануар крахмалы, бауыр мен бұлшық еттерде қорға жиналады, оны қажет кезде организм пайдаланады.

А) көмірсулар В) нуклеин қышқылы С) гликоген Д) минералды тұз Е) су

  1. Дәнекер ұлпасы не түзеді?

А) тыныс мүшелерінің сілемейлі қабығын В) қанды С) жүрек қабырғасын Д)ішкі мүшелерді Е) жүйке жүйесін

  1. Эпителий ұлпасына тән ерекшеліктер:

А) бір-біріне тығыз жанасатын жасушалар мен жасушааралық заттың аз мөлшері

В) ядро саны көп, ұзын жасушалар

С) жасушааралық заттың мөлшері көп селдір орналасқан жасушалар

  1. Қанға тән ерекшеліктер:

А) бірдей қызмет атқаратын біркелкі жасушалар В) жасушааралық заттары - кальций фосфаты мен карбонаттары С) қоректік заттар мен оттек тасымалдау Д) жүйкелерді, бұлшық ет шоғырын қоршайды Е) тіректік әрі механикалық қызмет

  1. Жиырылу қабілеті бар, ұзындығын өзгерту тән:

А) дәнекер В) бұлшық ет С) шеміршекті ұлпа Д) эпителий Е) жүйке ұлпасы

  1. Тітіркенуді қабылдап, қозуға байланысты жүйке импульстерін тудырады және таратады.

А) дәнекер В) бұлшық ет С) шеміршекті ұлпа Д) эпителий Е) жүйке ұлпасы



© 2010-2022