Ашық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сыныпАшық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сыныпАшық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сыныпАшық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сыныпАшық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сыныпАшық сабақ жоспары. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама 7 сыныпҚарағанды облыстық «Дарын» мамандандырылған

мектеп-интернаты КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Тусупова Гульбагира Сейтбековна

Санаты: жоғары

Мұғалімнің аты-жөні: Алимбаева Айдана Есемхановна

Санаты: жоқ, жұмыс өтілі 2 жыл











Ойын технологиясыың элементтерін биология сабағында қолдану

және тәлімгер мен тәлім алушының арасындағы байланыс

Пәні: Биология

Сыныбы: 7 сынып

Өткізген күні: 08.12.2015ж.











Қарағанды 2015

Сынып: 11 топ. 7 сынып

Күні: 08.12.15ж.

Құрастырды: Тусупова Г.С., Алимбаева А.Е.

Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық,жекелей, жаппай оқыту.

Қолданылған технологиялар: ойын технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, зерттеушілік-әдістемелік, АКТ технологиялары.

Сабақтың мақсаты: Буынаяқтылардың көптүрлілігін, жәндіктердің негізгі ерешеліктерін ұғындыру, жалпы сипаттамасына көңіл бөлу.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Буынаяқтылардың алуан түрлілігі туралы білім қалыптастыру.

Дамытушық: оқушылардың құрылымдық- қисынды және абстрактылы ойлау қабілетерінің (талдауы, салыстыруы, себеп-салдарлы байланыс жасай алуы, қосымша және анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу, қорытынды жасай білу) дамуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау,топпен жұмыс істеу дағдысын, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: АКТ жабдықтары, ҚҚБТ бар карточкалар, бағалау парағы.

Күтілетін нәтижелер:

  • Пәндік құзыреттілік:

а) буынаяқтылар типімен танысу;

ә) буынаяқтылар типінің құрылысын оқып үйрену;

б) буынаяқтылар типінің кластарының ұқсастығы туралы түсінік беру;

  • Ақпараттық құзыреттілік:

-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы: мәтін, суреттер мен таныстырылым материалдары;

  • Коммуникативтік құзыреттілік:

-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;

-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;

-бір-біріне дұрыс әрі жинақы сұрақ қояды, бір-бірлерінің айтылған ойларымен келісе отырып, бір шешімге келеді;

  • Басқарушылық құзыреттілік.

- топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады, оқушы өзінің қызметін басқару арқылы тәсіл қолдана алады;

  • Жеке құзыреттілік.

- өзін-өзі басқарудағы қабілеттілігінің айқындалуы;

- Сабақтағы нәтижені саралай білу, жетімді және жетіспеген себептерді анықтау;

  • Технологиялық құзыреттілік.

- АКТ құралдарын тиімді пайдалана алуы;



Сабақтың құрылымы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыт

(мин.)

Тапсырмалар құрылымы бағытындағы құзыреттілік түрлері

1 кезең



Ұйымдастыру.

Білімнің өзектілігі, оқушылардың белсенді түрде білім алуы мен қабылдауына дайындығы.

Тапсырма №1

«Жұбымызды табамыз»

1. Сәлемдесу. Сабақты бастамас бұрын мұғалім сынып оқушыларын топқа бөледі. Топқа бөлуде өткен тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Тапсырма шешу барысында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып , топқа бөлінеді.

5

- оқушылардың субъективті тәжірибесінің өзектілігі;

- топта қарым-қатынасты ұйымдастыру;

2 кезең

Ұғыну кезеңі

Топпен жұмыс:

Тапсырма №2

«Ойланып көрейікші»

Сабақтың мақсатын ашу

Мұғалім ойын ойната отырып, проблемалық сұрақ ұсынады.

Сол сұраққа оқушылар жауап береді. Соңынан оқушыларға сабақтың мақсатын ашуды ұсынады.

Оқушылар берілген тапсырмаға жауап береді. Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, сабақтың мақсатын анықтайды.

5

- ақпараттық құзыреттіліктің дамуы;

- коммуникативтік құзыреттіліктің дамуы

Топтық жұмыс:

Тапсырма №3

Мәтінмен жұмыс

«Қарлы-кесек ойыны»

Мұғалім 4 топқа тақырыптар береді, сол тақырыптардың мәнін ашуды сұрайды. Басты мақсат - алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алуына бағыттау.

Оқушылар берілген тапсырмаға жауап беруі үшін оқулық пен қосымшадағы теориялық мәліметтерден жауап іздестіреді.


6 минут мәтінмен жұмыс.

5 минут топ арасында тыңдау.

+3

- ауызша коммуникациялығының дамуы;

- зерттеушілік дағдыларының дамуы;

- жаңа материалды ұсына білуі - көпшілік алдында қорғауы.





Тапсырма №4

Топ аралық

Жетістік критериі


Жұппен жұмыс

Тапсырма№5

Құзіреттілікке бағытталған тапсырма

Жетістік критерилері бойынша тапсырма ұсынады.


Әр топқа жаңа сабаққа байланысты планшетке пазл ойыны жүктелген. Бұл тапсырма пазл ойынына байланысты шешіледі.

Әр топ мүшелерін білім алуға бағыттау, тапсырманы орындауға әрекет жасау үшін стимул береді. Сонымен бірге тапсырмалар да бар.

Оқушылар тақырып бойынша алған жетістіктерін біле отырып, өзара келесі топтарға сұрақ дайындайды

Оқушылар суретті құрастырып, қай класқа жататынын анықтайды. Оқушылар оның шешу жолын іздейді. Өзара талқыға салады.



5 минут





10 минут

- коммуникативтік құзыреттілігінің дамуы;

- коммуникативтік құзыреттілігінің дамуы;

- жазбаша пәндік құзыреттілік.

3 кезең

Рефлексия кезеңі

бағалау

« Синквейн» бойынша рефлексия. Балдар жинағы. Сабақты қорытындылау.

Қортындылау.

Өзіндік бағалау схемасымен жұмыс.

5-6 мин

- өзінің әрекетін және топ жұмысын талдау жасай алуы

Үй жұмысы

Буынаяқтылар типі

Бағалау парағы. ФИО_____________________________________________________

Сабақ барысындағы жұмыс түрлері

Бағалау критерилері

Ең жоғарғы балл

Оқушының алған балл саны

Тапсырма №1

«Жұбымызды табамыз»

Барлығы дұрыс

Жартылай жауап

1

0,5

Тапсырма №2

«Ойланып көрейікші»

Барлығы дұрыс

Жартылай жауап

1

0,5

Тапсырма№3

Мәтінмен жұмыс

белсене қатыстым

шамалы көмектестім

қатыспадым

5

2,5

0

Тапсырма №4

Топ аралық

Толық жауап

Жартылай жауап

3

1,5

Тапсырма№5

«Құзіреттілікке бағытталған тапсырма»

толық жауап ( жауапқа байланысты ұпай)

2 балл

(әр сұрақ 0,5б)

Жалпы ұпай

12 балл

Тапсырма №1 (1 балл)

«Жұбымызды табамыз»

1) Б (Ұлулардың денесі қандай бөліктерден тұрады?)

2) У (бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан, бақалшақ қалдығынан)

3) Ы (Былқылдақденелілер деп неге аталған?)

4) Н (денесі өте жұмсақ, буылтықсыз болғандықтан)

5) А (бауыраяқтылар класының өкілі?)

6) Я (тоспа ұлуы)

7) Қ (бауырақты ұлулар қайда тіршілік етеді?)

8) Т (теңізде және құрлықта)

9) Ы (қосжақтаулылар деп аталу себебі неде?)

10) Л (бақалшақтары екі жақтаудан тұрады)

11) А (тағам ретінде пайдаланылатын қосжақтаулылар?)

12) Р (мидия, устрица)

13) Т (бақалшағы болмайтын ұлулар қалай аталады?)

14) И (басаяқты ұлулар)

15) П (көзінің құрылысы күрделі қандай басаяты?)

16) І (кальмар)

Тапсырма №2

«Ойланып көрейікші» (Проблемалық сұрақты рөлдік ойын арқылы шешу. 1 балл)

Тип неге буынаяқтылар деп аталған?

  1. Мұғалім: кәне балалар бір ойын ойнайық. Топтан екі бала шығады.

  2. Бұл ойын мен проблемалық сұрақтың арасында қандай байланыс бар?

Тапсырма №3 «Мәтінмен жұмыс» (5 балл. Топтық жұмыс)

Буынаяқтылар типінің ерекшеліктерін талдау.

1 топ: Жалпы сипаттама

2 топ: Шаянтәріздестер класы

3 топ: Өрмекшітәріздестер класы

4 топ: Бунақденелілер класы

Тапсырма №4 (Топ аралық жұмыс. 3 балл)

Әр топ сабақтың жетістік критерийлерін біле отырып, бір біріне 1 тапсырма дайындайды.

Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама.

Буынаяқтылар типінің

құрылысын білу.

  1. Келесі топқа сұрақ:

Дағды

Жетістік критерийлері: Егер төмендегі жетістік критерийлері орындалса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

Білу, түсіну, қолдану

Нені білдім?

Тапсырма №5 Құзіреттілікке бағытталған тапсырма . (2 балл)

Басты құзыреттілік және аспект

Құзыреттілік: Ақпараттық

Аспект: Ақпарат көзімен жұмыс

Стимул

Ақпаратты оқи отырып бейненің пайда болу механизмін түсіндіріңіз және буынаяқтылар типінің көзімен ұқсастығын тапыңыз.

Тапсырма құрылымы

Буынаяқтылар типінің көзінің құрылысын меңгере отырып, пазл ойынын құру барысында, бейненің пайда болуын түсіндіріңіз.

Тапсырманы орындау бланкісі

  1. Буынаятылар типінің көздерінің құрылысы қандай?

  2. Мозайкалы көру дегенімізді қалай түсінесіз?

  3. Фасеткалы көз дегеніміз қандай көз?

  4. Буынаяқтылар типінің көздері және пазл ойынының ұқсастығын атаңыз.

Ақпарат

Буынаяқтылардың көру мүшесі жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көруі мозайкалы. Мозайкалы көру дегеніміз - кішкентай көзшелердің әрбіреуі жеке бөлікті көреді, барлығы бірігіп бір бейнені береді. Көптеген кішкентай көздерден 1 жұп күрделі (фасеткалы) көз құралған. Мысалы, шаянда 3000 кішкентай көзшелер болады.

Рефлексия «Синквейн» бойынша. 1- 4 топ мүшелері жаңа өтілген тақырыптары бойынша рефлексия жасайды.

Ол үшін:

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

1 синоним алғашқы зат есімге.

Соңынан мұғалім жалпы сынып оқушыларының жұмысына рефлексия жасайды.

Оқушылар

Білімді, ізденімпаз

Ізденеді, оқиды, талпынады.

Тақырыпты толық меңгере алды.

Дарындылар.

© 2010-2022