8 сынып Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі.

(Органы выделения: строение и функция)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, зат алмасудың соңғы өнімінің организмнен шығу жолдары мен бөлінуінің маңызын түсіндіру, бірінші және екінші реттік зәрдің түзілу механизмін түсіндіру, организмнің біртұтастығы, ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығы туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Жалпы оқытудың білік, дағдысын дамыту:

  • ақпараттық оқыту: мазмұнды оқу, ақпаратты жинау және ашу дағдысын, тақырыпты және графикалық информацияны талдай білу, ой-тұжұрымын айта білу;

  • интеллектуальды-оқыту: негізгісін анықтай білу, жалпылай білу, салыстыру, ұқсастықтарды анықтау;

  • коммуникативті-оқыту: белсенді тыңдау дағдысын; топта ой бөлісу дағдысын полилогта жұмысын істеу дағдысын;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүйректің микроскопиялық құрылысы, тест тапсырмалары.

Тақырыпты оқығаннан кейін оқушылар білу керек:

  • зат алмасудың маңызын, соңғы өнімнің бөліну жолдарын;

  • зәр шығару жүйесін таблицадан көрсете және орналасу ретін білу;

  • өз бетінше биологиялық ақпаратты таба білу, ИКТ-ны қолдана білу;

  • алған білімдерін практикада және күнделікті өмірде қолдана білу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Ой қорын толықтыру

3. Тақырыпта қаралатын сұрақтармен таныстыру

4.Тақырыппен жұмыс

5.Тақырыпты қорғау /интерактивті тақта флипчаттарды қолдану/

6.Жинақтау

7.Тақырыптық тест тапсырмасын орындау

8.Қатемен жұмыс

9.Бағалау

10.Күнделікке бағаларын қою

11.Рефлексия

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Оқушыларды тексеру, сабаққа дайындықты анықтау

Оқу құралдарын дайындау, сабаққа ынтасын аудару

Ой қоры

6мин

Білімді актуализациялауға сұрақтар:

1.Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?

2.З.Ш.Ж.қызметі не?

3.Қандай организмдерде зәр шығару жүйесі бар?

4.Бүйректің құрылысын білесіңдер ме?

Оқушылар жауап береді, жауаптарын тыңдайды, саралайды, талдайды, толықтырады.

Нені білуіміз керек?

2мин

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтармен таныстыру.

Сұрақтарды ойда сақтап, оған сабақ барысында жауап табу.

Жаңа тақырыпты оқу, зерттеу

8мин

Сыныпты топқа(уақытты шектеп беру:5мин, тапсырманы орындау тәртібімен таныстыру) бөлу:

І топ-Зат алмасу өнімдерін сыртқа шығарудың маңызы.

ІІ топ-Бүйректің құрылысы.

ІІІ топ- Бүйректің микроскопиялық құрылысы.

І топ-Қуаныш басшы, Айым статист

ІІ топ- Ербол басшы, Жадыра статист

ІІ топ- Гүлдана басшы, Сабина статист

Статисттер топтың ішіндегі оқушылардың оқуға және талдау үрдісіне қатысуын қадағалап отырады, арнайы критериймен белгілейді.

Тақырып бойынша презентациясын қорғау. Интерактивті тақтадағы флипчарттарды өз тобының жұмысына сай қолдана білу

10мин

Қорғаушыға сұрақтар қою, топтың басқа мүшелерін де жұмысқа жұмылдыру.

Әр топтың қорғаушысы және мүшелері жауаптарын мұқият тыңдап, толықтырып отыру керек.

Жинақтау

2мин

Суреттер бойынша сұрақтар қою, пысықтау.

Жауап береді, ойын жинақтайды.

Бекіту

5мин

Оқушыларға тест тапсырмасын береді

Тапсырманы орындайды

Қатемен жұмыс

5мин

Тест тапсырмасының кілтін ашу.

№6 тапсырманың жауабын тыңдау

Өзара тексеру.

Ой жүгірту, талдау, түзету, толықтыру.

Бағалау

2мин

Жинақтама парақтардағы балды қосу. Күнделікке қол қою.

Статист оқушылар қорытынды жасау.Оқушылар бағаларын күнделікке қою

Үйге тапсырма

1мин

§51 оқу, сөздік жұмысын орындау

Күнделікке жазып алу

Рефлексия

2мин

Сабақтағы оқушылардың жұмысы туралы пікір

Сабақтағы оқушылардың жұмысы және сабақтың өтілу тәсілі туралы пікір

Пайдаланған әдебиеттер:

1. 8 сынып Биология «Мектеп» баспасы,2008жыл

2.8 сынып Биология «Атамұра» баспасы,2013жыл

3.9 класс Человек «Просвещение» 1996 жыл

© 2010-2022