Ауа. Ауаның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: оқушыларда ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнеленген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Оқулық бойынша жұмыс. 1) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын оқулықта берілген сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады. 2) Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу. 1-тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті? 2-тәжірибе. Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың? 3) Мұғалімнің түсіндіруі. - Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да бар екеніне мысал келтіріңдер. Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ауа. Ауаның қасиеттеріАуа. Ауаның қасиеттеріАуа. Ауаның қасиеттеріАуа. Ауаның қасиеттеріАуа. Ауаның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: оқушыларда ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнеленген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқулық бойынша жұмыс.

1) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын оқулықта берілген сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады.

2) Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу.

1-тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады.

Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?

2-тәжірибе. Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?

3) Мұғалімнің түсіндіруі.

- Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да бар екеніне мысал келтіріңдер.

Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.

Негізгі сөз

Ауаның қасиеттері

Ауа

Мөлдір, түссіз, салмагы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.

- Ауаның құрамы қандай? Тақтаға тірек сызбасы ілінеді.

Азот 78 %

Көмір қышқыл газы 1 %

Оттегі 21 %

Көмір қышқыл газы


Азот

Оттегі


  • Сонымен ауа дегеніміз не?

  • Ауа - газдардың қоспасы.


  1. Оқушылар «Ауа. Ауаның қасиеттері» мәтінін оқиды. Осы сабақта алған білімдерін оқулықтағы мәтінмен салыстырады. Ауа туралы алған білімдерін бекітеді.

  2. Мұғалімнің басшылығымен тәжірибе жасалады. Жұмыс майшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс.

Тәжірибенің нәтижесін кестеге жазады.

Сабақты қорытындылау.

- Ауа туралы не білдіңдер?

Дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022