Биология пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Н. Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі





Үлгірімі төмен оқушымен жұмыс







2015-2016 оқу жылы

ҮЛГІРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС

Мұғалім сабақ барысында үлгірімі төмен оқушыны анықтап, олардың пәнді меңгеруін, түсінуін есепке алып, диагностика жүргізіп отыруы қажет. Бұл оқушының пәннің қай жерінде олқылығы бар екендігін анықтауға және оның себебін анықтауға көмектеседі. Бұл себептер төмендегідей болуы мүмкін:

  • Жаңа материалды қажетінше түсіне алмауы;

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысының аздығы;

  • Мұғалімнің үлгірімі төмен оқушыдан тиісті деңгейде талап етпеуі;

  • Физиологиялық факторлар;

  • Оқушының пәнге қызығушылығының аздығы, бағалаудың әділ болмауы;

  • Оқушының сабақтан жиі қалуы.

Үлгірімі төмен оқушымен жұмыстың мақсаты: Үлгірімі төмен оқушының оқуға ұмтылысын жақсарту, өз бетінше білім алуына жол ашу.

Міндеттері:

  • Оқушының сабақтан себепсіз қалмауын қадағалау;

  • Оқушының сөздік қорын байыту;

  • Өз бетінше тапсырманы орындауына ықпал ету;

  • Пәнге қызығушылығын арттыруға арналған жаттығулар орындау;

  • Ойын еркін айтуға, зейінін және еске сақтау қабілетін арттыруға арналған жұмыстар жүргізу;

  • Сабақта тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай сабақтастықты сақтау арқылы дайындау.

Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:

  • жеке жұмыс карточкасы

  • тесттер

  • өзгертілген тапсырмалар

  • тренажер-карточкалар

  • шығармашылық тапсырмалар

  • ақпарат-карточкалар

  • есептің шешім үлгілері бар карточкалар

  • конспект-карточкалар

ҮЛГІРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАР ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ


Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Деңгейі

1

Султангазин Нуржан

6 «в»

Сабақты түсіну деңгейі өте төмен, анықтама қағазы бар, есте сақтау қабілеті нашар

2

Толекбай Назым

6 «а»

Түсіну деңгейі төмен,баяу қимылдайтын оқушы

3

Есенова Бизара

7 «а»

Сабақты түсіну деңгейі өте төмен, анықтама қағазы бар, есеп шығаруды білмейді, есте сақтау қабілеті нашар

4

Калабаев Жанузак

7 «б»

Сабақты түсіну деңгейі өте төмен, есте сақтау қабілеті нашар,тез шаршайды.

5

Амантаев Темирлан

7 «ә»

Сабаққа ынтасы төмен, түсіну деңгейі төмен, қызығушылығы аз


Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

  • Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.

  • Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.

  • Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.

  • Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.

  • Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.

  • Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде оған көңіл бөлу, көмектесу қажет.

Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек.

Үлгірімі төмен оқушылардың қабілетін зерттеу





Оқушының аты-жөні

Сауаттылығы

Зейіні

Еске сақтау қабілеті

Байқағыштығы

Үй тапсырмасын орындауы

Өздігінен ойлауы

Қиялының дамуы

жауапкершілігі

ізденімпаздығы

Балалармен қарым-қатынасы

Кітапханамен байланысы

1

Султангазин Нуржан












2

Толекбай Назым












3

Калабаев Жанзак












4

Есенова Бизара












5

Амантаев Темирлан












Биология пәнінен диагностикалау

Оқушы: ___________________________ Сынып______ тоқсан ______


Сипаттамалар

Бағалау шкаласы

1

Материалды толық түсінеді, қатынастарды қорытындылайды, байланыстарды табады



2

Материалмен танысқанда қызығушылықты, табандылықты, жоғары мотивацияны білдіреді



3

Берілген тапсырманын орындалу шарттарын білу үшін бар зейінімен оқып-танысады,



4

Тесттік тапсырмаларды шешу тәсілдерін табады



5

Анықтамаларды және деңгейлік тапсырмаларды дұрыс шешу амалдарын орындай алады



6

Кестемен жұмыс жеке тапсырмаларды орындай алады



7

Тапсырма орындау барысында басқа пәндерден алған білімін тиімді қолдана алады



8

Берілген тапсырманы тез орындайды



9

Қиындығы жоғары тапсырманы өз бетімен білуге қабілеті бар





Үлгірімі төмен оқушымен жұмыс жоспары

Жұмыс түрлері

Мерзімі

Жауапты

1

Сабақ беретін сыныптарда үлгірімі төмен оқушыларды анықтау

Қыркүйек,

Утина А.Е.

2

Үлгірімі төмен оқушының қабілеттерін зерттеу

Қыркүйек

4 апта

Утина А.Е.

3

Қосымша сабақ кестесін құру

Қазан,

1 апта

Утина А.Е.

4

Үлгірімі төмен оқушының ата-анасымен сөйлесу

Қазан,

2 апта

Утина А.Е.

5

Қызығушылығын арттыратын жаттығулар жүргізу

Жыл бойы

Утина А.Е.

6

Тез ойлау дағдыларын дамытатын жаттығулар жүргізу

Жыл ішінде

Утина А.Е.

7

Қосымша сабақта қайталайтын тақырыптар тізбесін жасау

Қазан, 3 апта

Утина А.Е.

8

Үлгірімі төмен оқушыларды пән бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға тарту

Жыл ішінде

Утина А.Е.

9

Оқушылардың өз бетімен орындауына тапсырмалар беріп отыру

Жыл ішінде

Утина А.Е.

10

Үлгірімі төмен оқушыларды диагностикалауды өткізу

Тоқсан сайын

Утина А.Е.

Қосымша сабақ кестесі



Апта күні

Сынып

Кабинет

1

Сейсенбі

6«в»

131

2

Сәрсенбі

6 «а»

131

3

Бейсенбі

7«А»

131

4

Жұма

7 «Ә»

131

5

Сенбі

7 «Б»

131













© 2010-2022