• Преподавателю
  • Биология
  • Отчет на тему Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексифтік есеп

Отчет на тему Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексифтік есеп

Тізбектелген сабақтар  топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені  туралы рефлексифтік  есеп.     Екінші бетпе - бет кезеңінде мен  биология  пәнінен 7 «а»  сыныбында  төрт  сабақ   өткіздім.    Оқытудың  тиімділігін арттыру   немесе  оқушылардың   бойындағы өзгерістерді ашудың бірден – бір тиімді әдісі  диалогтық  оқыту  болып табылады.  Диалогтық  оқыту  әдісі   мұғалімдердің  барлық  сабағында қолданылады десем , өтірік айтқаным болмас. Диалогтық  оқыту – оқушы мен мұғал...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Етекбаева Арай Бактыбаевна мұғалім портфолиосы А есебі

2 топ Тараз қаласы

3 деңгей

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексифтік есеп.


Екінші бетпе - бет кезеңінде мен биология пәнінен 7 «а» сыныбында төрт сабақ өткіздім.

Оқытудың тиімділігін арттыру немесе оқушылардың бойындағы өзгерістерді ашудың бірден - бір тиімді әдісі диалогтық оқыту болып табылады. Диалогтық оқыту әдісі мұғалімдердің барлық сабағында қолданылады десем , өтірік айтқаным болмас.

Диалогтық оқыту - оқушы мен мұғалімнің жаңалық ашу мен білім алуда өзара қарым - қатынас орнату әдісі болып табылады. Диалогтық оқыту әдісін зерттеген Мерсер /2000/ болып табылады. Мерсер диалогтық оқытудың үш түрін ашқан. Олар төмендегідей үлгіде:

  • Пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды.

  • Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір - бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді.

  • Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады

Сол өткізген сабақтарда мен жеті модульді кіріктіруге тырыстым.Соның бірі - диалогтық оқыту. Мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілген Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті (38бет) Диалогтық оқытуды сабағыма кіріктіру мәселесіне тоқталар болсам, бірінші сабақ барысында Тренинг Сиқырлы микрафон.
Бүгінгі күні қандай жаңалығыңыз бар? Сабақта болмағанда не істер едіңіз? Не болмаса қандай әсерде отырсыз? Кеше қандай сәттерде қуандыңыз? Оқушылар микрофонды алып әр қайсысы ойын айтып шықты: Бүгінгі күні жаңалығымыз сыныптастары Асхаттың аудандық спорттық жүгіру жарысында жүлделі екінші орынды иеленгені сынып оқушылары үшін қуанышты жағдай екенін айтылды, кеше аудандық Мәдениет үйіне Нұржан Керменбаевтың концертіне барғандарын қуанып, онымен бірге суретке түскендерін айтып, сол сәттегі эмоцияларын жеткізіп ортаға салды.

Содан соң сыныпта "Алтын ережені" құрғызып алдым. "Алтын ережені" құрғызбас бұрын балаларға мынандай сұрақтар қойдым:

1. "Балалар сабағымыз сәтті өту үшін қандай ереже болуды қалар едіңдер?"

Бұл сұраққа ойланып, топпен ақылдаса отырып ортақ пікірлерін постетға түсірді. Әр топтың озық ойларынан сыныптың "Алтын ережесін" шығарды. Ол мына ережелерден тұрады:

1. Сабақ барысындағы тәртіп;

2. Топтағы ұйымшылдық;

3. Топтағы өз даусының болуы;

4. Топта бір - бірінің пікірімен санасуы;

5. Топтағы сыйластық;

6. Сабақ барысында ұялы телефонды үнсіздікке қою.

Бірінші сабақта Диалогтық оқытуға сәйкестендіру тесті арқылы берілген тақтадағы суреттердің ішінен қосмекенділер мен жорғалаушылар тобын бөліп көрсет ? - деген сұраққа Жарас қосмекенділер мен жорғалаушылар тобын жіктей отырып, дәлелді мысалдармен келтіре білді.

Сабақты бекіту мақсатында «Академиялық дау - дамай» әдісін пайдалана отырып, оқушыларды үш топқа бөлдім. Жорғалаушылардың шаруашылықта пайдасы бар ма ? - деген сұраққа «Иә», «Жоқ», «Бейтарап» топтарына бөліну арқылы жорғалаушылардың пайдасы мен зиянын анықтап, өз ойларын дәлелдеп, қорғап шығады.

«Өздерінің тұрғылықты жерлеріңде қандай жорғалаушылар түрлері кездеседі?» деген сұраққа жауап ретінде оқушылар эссе жазды.

Екінші сабақта миға шабуыл жасауда: Әліпби желісі әдісін пайдалану арқылы, оқушыларға қабыршақтылар сөзіне байланысты қандай негізгі сөздерді айтар едіңіздер? - деген сұрақтар қойылып:

Қ-қабыршақтылардың, А -6600, Б-биологиялық түрінің

Ы-ығысуы, Р-ретінде, Ш-шығуын , А-анықтайтын, Қ-қасиеттері

Т-табиғаттағы тосын, Ы-ықпалын, Л-лабороторияда, А-анықтап

Р-реттейді - сөздерін мұғалім сыныпқа үлгі ретінде көрсетсем. Берілген сұраққа Гауһар өз ойын төмендегідей үлгіде жауап берді.

Бұл сұрақты беру арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашты, мұғалім с абақты ары қарай өрбіту мақсатында Қабыршақтылар отрядына байланысты не білесіңдер ? деген сұрақ қойылды. Оқушылар өздерінің білетіндігі туралы түртіп алу әдісі арқылы дәптерлеріне түсірді және оны аудиторияда талқылады.

«Болжау әдісі» арқылы оқушыларға «жылан етін ерте көктемде жеуге болама?» , «Болмаса неліктен болмайды? » деген сұраққа оқушылар жұппен талқылап, топта ойларын тұжырымдады. Топтағы тиянақты ойды автор орындығына ұсынды. Топтың ішінде ойы тиянақты, жинақы Гауһар автор орындығына отырып, Гаухар ерте көктемде жыланның бойында уы тарқамай тұратынын болжай білді.

Топтарға «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі бойынша «Жылан шаққан жағдайдағы сенің алғашқы көрсетер көмегің?» деген ситуациялық сұраққа көрініс қойылымы арқылы бейнеледі. Ситуциялық көрініске жылан тобындағы Нұрсұлу өз ойын еркін бейнелей білді.

Үшінші сабақта диалогты оқытуды пайдалану арқылы «Шытырман әдісі» бойынша оқушыларға сұрақ қойылады. Сол сұраққа егер жауабы дұрыс болатын болса «ия», ал қате болса «жоқ» деп жауап береді.

Қолтырауындардың жүрегі төрт қуысты ? «ия»

Жыланның аяқтары бар ? «жоқ»

Сезім мүшелері жақсы дамыған? «Ия» , олай болса сезім мүшелерін талда?

Гаттерияның салмағы 0,5 - 1 кг ? «ия»

Жыланның өкпесі біреу ? «ия»

Регенерация дегеніміз не ? «Ертедегі қалпына келу құбылысы» ма? «ия»

Кесірткенің ең үлкен түрі шұбар кесіртке ? «жоқ» - деген сұрақтар берілді.

Тасбақаның аталығы, аналығынан ұзындау болады? «ия»

Крокодилдің тері жабыны сүйекті тақташалардан тұрады ? «ия»

Крокодилдің саусақтарының арасында жарғақтары бар ? «жоқ»

«Биологиялық диктант» алу мақсатында оқушыларға тікелей сұрақтар беріледі, сол сұраққа оқушылар жеке - жеке жауап беріп, өздерінің білімдерін тақтадағы дұрыс жауапқа қарай бағалайды.Денесі сүйекті - мүйізді сауытпен қапталған ?Үстіңгі сауыты күмбезденген тасбақаның аталығы ма, әлде аналығы ма?Жылына екі рет жұмыртқа салады ?

Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы аймағында кеңінен таралған тасбақа түрі?Ұзындығы 10-17, кейде 20см жететін жорғалаушы түрі?

Тұрқы 10 м жететін жорғалаушылар түрі?Крокодилдердің жүрегі неше қуысты?Балықтармен қоректенетін жорғалаушының түрін тап?

Крокодилдер қанша тұқымдасқа бірігеді?Аналь тесігінің маңыңда бездері бар жорғалаушының түрін ата? Мекені үнемі өзенде немесе көлде тіршілік ететін жорғалаушының түрін тап?Бұл отрядтағылардың тістері өте көппе?

Төртінші сабақта Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлілігі. Олардың жойылу себептері. тақырыбында диалогтық қарым - қатынас жұптар арасында «Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі арқылы жүргізілді. Бұл тапсырманың ерекшелігі әңгімелесу кезінде екі жұп отырып, біреуі тұрып, екеуі теріс қарап тақырыпты талқылады. Мұнда оқушылардан әңгімелесудің қандай түрі сіздерге ыңғайлы және түсінікті болады? - деген сұраққа оқушылардың жауабы тақырыпты талқылаған кезде жұптардың бір - біріне қарап отыру кезіндегі әңгіме түрі болды. Ал басқа әңгімелесу түрінде кедергілер пайда болатындығын айтты.

«Лездеме» әдісі бойынша топтардан өз еркімен бір оқушыны шығарып , қолына қағазға жазылған сұрақ беріледі. Бұл сұрақты оқушылар тура қоя салмай көрініс арқылы, болмаса сол сұрақтарға жуық сөздерді пайдалану арқылы сұрақты оқушыларға жеткізеді.Сол сұрақтарды оқушылар табады және оған жауап береді.

Қабыршақтылар отрядына кесіртке, жылан, гаттерия жатады?Динозаврлар өте үлкен, әрі жыртқыш жануарларма ?Кесіртке денесі өте үсақ, әрі ширақ жануар түріне жатама ?Жорғалаушылар іштей немесе сырттай ұрықтанады, жұмыртқа салу арқылы көбейеді, Көбею түрін көрсет ?

Олардың тістерін салыстырсақ тісі жоқ немесе ұсақ, үлкен өткір тістері бар түрлері де бар. Қандай түрлерінде тісі жоқ?Динозаврлардың жойылу себебін ғалымдар мұз дәуірі кезінде болған деп қарастырады. Ойыңды дәлелде ?

Берілген тапсырманы оқушылар орындау кезінде көрініс арқылы көрсетіп, оқушылар сұраққа жауап беріп отырды.

Мәтіннің мағынасын кең ауқымда меңгерту мақсатының қорытынды

түйінін жасауда БҮҮ кестесімен жұмыс істеп жатқанда: Осы сабаққа дейін «Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлілігі. Олардың жойылу себептері» туралы нені білесіңдер? - деп сұрақ қойғанымда:

Білгені: тақырып бойынша оқушылар олардың түрлерін, қоректенуін, сырт келбетінің ерекшеліктерін, олардың жойылу себебі мұз басу дәуірінен жойылғандығын білетіндерін айтты.

Бүгінгі сабақ барысында нені үйрендіңдер? -дегенімде:

Үйренгені: Қазіргі таңда бұл жорғалаушылардың бұл түрлері жойылып кетудің бірнеше себеп салдардың нәтижесінде болғандығын ғалымдардың зерттеулерінің барысымен танысқандарын айтты. Яғни оқушылар ертедегі жорғалаушылардың жойылу себептерінің айқын дәлелдері жоқ екендерін айтты.

Келешекте жорғалаушыларға байланысты не білгілерің келеді?- дегенімде :

Үйренгісі келгені: Жаңа Зеландияда тіршілік ететін жорғалаушылардың түрі Гаттерияны Қазақстанда өсіріп , көбейтіп өз көздерімен көргісі келетіндіктерін айтты.

Сабақ соңында "Кері әсер парағын" толтырғыздым, мына сұрақтарға жауап жазды: Бүгінгі менің көңіл күйім ?

Әр сабақтың соңында алынып отырған кері ісер парағына жазылған пікірлері арқылы көңіл күйлерінің күндегі сабақтан ерекше болғандағын, бүгінгі сабақтағы эмоцияларын балалар әр түрлі смайликтер арқылы білдірді.

Бүгін мен не үйрендім? деген сұраққа РАФТ, ИНСЕРТ кестесін жазуды, ролдерге енуді үйренгендерін жазған.

Маған не ұнады/ұнамады? - сұраққа жауаптарында маған сабаққа дайындалмай келетін оқушылармен бір топта отыру ұнамайды, кейбіреулері осы топта жұмыс істеген маған өте жеңіл. әрі қызықты, өз пікіріңді айтып, оны мысылдармен дәлелдеу, досымның түсіндіргені маған көмек болды, себебі мен бүгінгі сабақта өте жақсы жауап бердім, химия сабағына асығып келіп, мұғалімнен әр сабақта бір жаңа идея күтетіндері деген сияқты жауаптар жазылған.

Тапсырманы орындау барысында туындаған қиыншылықтар? Тапсырманы орындау барысында туындаған қиыншылықтарды топтасып шешудің жеңіл де, тиімді болғандарын айтып кеткен.

Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікіріңіз?- дегенімде, барлық сабақтарымыз осы биология сабағы сияқты өтілсе деген пікірлерін білдірген. Осы пікірлер арқылы келесі сабағымды жоспарлап отырдым.

Бүгінгі қолданылған әдістерім баланың дамуына әсер етті ме?-деген сұрақты өзіме қоя отырып, бүгінгі қолданылған әдістер: Семантикалық кесте арқылы білімдерін жинақтағандарын, РАФТ әдісі арқылы биологиялық тілде хат, түсінік хат, арыз жазуға, рольдерге енуге , ойтолғаныс жазуда сыни тұрғыдан ойланып жазу баланың миларының дамуына ықпал етті..

Гауһардың бүгінгі сабақта көңіл күйі ерекше болғанын, топтасып жұмыс істеуде әртүрлі пікірлердің тұжырымдалуынан терең ойлар пайда болғанын, Семантикалық картаны толтырғаны ұнағанын, РАФТ әдісінде рольдерге енгені, ИНСЕРТ кестесі арқылы келесі сабақта не білгісі, проблемалық сұраққа ой толғаныс ретінде эссе жазып, автор орындығында орындағаны ұнаған.

Қай балаларға әсер етті, қай бала сөйлей алмады?-деген сұрақты өзіме қоя отырып, жұптық және топтық жұмыстың Нұрсұлудың РАФТ әдісіндегі түсінік хат жазуы, семантикалық картаны толтыруда, ойлау қабілеті дамуына көп ықпалын тигізді. Топтық жұмыс оқушылар ролдерімен алмасып, кезектесіп сөйлеп шығуына мүмкіндік туғызды.

Бұл сабақ қай жағынан тиімді немесе сәтті болды? - Осы курсқа келгенге дейінгі дәстүрлі оқытуда балалардың біріне бірі түсіндірген кезде тез түсініп қабылдайтынын білмеген едім. сабақтың ұйымдастыру кезеңінен соңына дейін жүргізіліп жатқан диалогты пайдалана алмадық. Енді осы курсты оқығаннан кейін келесі оқу жылында сабағымды осы әдіс тәсілдерді пайдалана отырып топтық жұмысмтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына, ойларын ортаға салғанда шыңдалған ойды айта білулеріне, топта бір бірінің пікіріне түсіністік пен қарауларына ықпал ете отырып шығармашыл, сын тұрғысынан ойлай білетін оқушылар тәрбиелеп шықсам деген ойым бар. Сабақтың тиімділігі бір ойдың екінші рет қайталанбауы, нақты критерийлер арқылы бағалануы, сұрақтардың сын тұрғысынан қойылуында деп ойладым.

Сабақ барысында қандай кемшіліктер орын алды ?-деп қарайтын болсам, уақыттың жетіспеушілігі, тапсырманың көптігінен кейбір оқушының ойын қалдырмай тыңдауға үлгермегенім .

Осы сабақты қайта өткізер болсам, нені өзгертер едім?- дейтін болсам, тапсырмалар түрін азайтып, уақытты ұтымды пайдаланар едім. Келесі оқу жылында өзім беретін сыныптарда осы курста тренерлерден үйренген әдіс тәсілдерімді жүйелі жоспарлай отырып, оқушыларды зерттеп, шығармашыл, зияткер тұлға қалыптастыруға тырысар едім. Оқушының ұсынысы бойынша мектептегі басқа әріптестіріме де сабақты жаңа фарматта өткізуді ұсынар едім. Сабақты жаңа фарматта өткізудің тиімді, жағымды және оқушының есінен ешқашан өшпейтінін түсіндім. Әр сабақта әр түрлі әдіс тәсілдердерді қолдану оқушы мен мұғалімді сыни тұрғыдан ойландырып, тек қана алға жетелейтіні оқушы мен өзімнің іс әрекетімнен анық көрінді. бұл бағдарламаның әдіс тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа, еркін, терең, жан жақты ойлауына, үздіксіз тынбай жұмыс жасауына жол ашады. Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын жеке шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру.

Өзімнің іс әрекетімдегі өзгерістер қандай? Жалпы мен қай жағымнан өзгердім?-деген сұрағыма өз бойымнан жауап іздедім.Ең бірінші сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылық көз қараспен қарауды үйрендім, үйрету, оқыту арқылы көп ізденуге, зерттеуге , өзімнің шығармашылық жұмыс лобораториямды жинақтауға ,бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өз білмегенімді үйренуге, білгенімді ортаға салуға, білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойымды еркін жеткізуге, ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды, оқушы дарындылығын ашуды, мақсат қойып, оған жетелей білуге, сұрақтарды жас ерекшеліктеріне байланысты сыни тұрғыдан қоя отырып бағалауды, сұрақ қою арқылы қарым қатынасқа әкелуді, бұл әдістің "Диалогтық қарым қатынас " деп аталатынын, оқытудың бір тәсілі -диалогтық қарым-қатынас екенін білдім.

Диалог- екі адамның немесе көпшіліктің арасындағы қарым- қатынас. Біз диалог арқылы сабақтың тақырыбымызды аша аламыз. Фриери осы теорияны дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің ролі мен қатынасын қарастыруға, диалогтық мақсаттарын анықтаудағы сіңірген еңбегі өте қатты ұнады. Диалогты бақылау кезінде мұғалімге емес сұрақ балаға қарай бағытталуы. Диалог кезінде мұгалімдер мен оқушылардың бір- бірімен сөйлесуі, ұялмай ескертулерді айтуы, өз пікірлерін қысылмай білдіріп, сөз алмасуда өздерін шынайы ашу тәсілі сыныпты қандай болу керектігін көрсетеді. Дьюи тәжірибесінде сабақ бір қалыпта болмауы тиіс дейді, ол үнемі өзгеріп, ары қарай өсу үшін дамуы тиіс.

Баламен қарым - қатынасқа түсу үшін диалог құруға болады. Диалог құру үшін - біліміміз, теорилық қаруымыз, біліктілігіміз жоғары деңгейде болуы керек.

Л.С.Выготский еңбектерінде "қарым - қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі" деп қарастырды.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта зерттеу жұмыстарының барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылап, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады деп көрсетілген.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей «Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар оларға анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек. (Вольф пен Александер, 2008).

Менің ойымша осы іс-тәрибемде пайдаланған әдіс-тәсілдерім, топпен жұмыс жасау сәтті өтті, ал бірақ уақыттың тапшылығы сәтсіз болды.

Осы курсқа келгенге дейінгі дәстүрлі оқытуда балалардың біріне бірі түсіндірген кезде тез түсініп қабылдайтынын білмеген едім. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен соңына дейін жүргізіліп жатқан диалогты пайдалана алмадық. Енді осы курсты оқығаннан кейін келесі оқу жылында сабағымды осы әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, топтық жұмысмтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына, ойларын ортаға салғанда шыңдалған ойды айта білулеріне, топта бір - бірінің пікіріне түсіністік пен қарауларына ықпал ете отырып шығармашыл, сын тұрғысынан ойлай білетін оқушылар тәрбиелеп шықсам деген ойым бар.

Етекбаева Арай Бактыбаевна биология пән мұғалімі, «Е. Бекмаханов атындағы мектеп - гимназиясы" Шу ауданы, Төле би ауылы.

8


© 2010-2022