Гүлдің құрылысы. Ашық сабақ (6-сынып)

Гүлдің құрылысы 6-сыныпқа арналған ашық сабақ. Гүл, оның құрылысы мен функциясы мен теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну. Өсімдіктің генеративті мүшесі- гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып, "Гүл шоғырлар" деген сөздің мағынасын және оның түрлерін жеке-жеке көрсету. Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал келтіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіну. Негізгі бөлімінде топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмысы болды. бекіту тапсырмалары оқулықпен жұмы...
Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:18/11 6 сынып

Тақырыбы: §22. Гүлдің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну. өсімдіктің генеративті мүшесі - гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлерін жеке-жеке көрсету. Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі - гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

Тәрбиелілігі - адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: гүл құрылысының қиындылары, проектор,

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау. (Өсімдіктің вегетативті мүшелері бойынша білімін қорытындылау)

Сабақ барысында жұп болып жұмыстанады. Сондықтан да "жұптарын табу" тапсырмасы беріледі. Бір оқушы ұғым, ал екінші оқушы анықтамасы бойынша бір - бірін сәйкестендіріп тауып алады.

  1. Өсімдіктің вегетативті мүшелері: а)шашақты, кіндік

  2. Тамыр жүйесі: ә)пиязшық, тамырсабақ, түйнек

  3. Сабақтың ішкі бөлімдері: б)тамыр, сабақ, жапырақ

  4. Түрі өзгерген жер асты өркендер: в) доға, параллель, тор, қауырсын

  5. Жапырақтың жүйкеленуі: г)шырмалғыш, өрмелегіш, тік, жатаған

  6. Сабақтың түрлері: ғ)қабық, камбий, сүрек, өзек

  7. Тамырдың түрөзгерістері: д) жемтамыр, тіреу, емізік, түйнекті, ауа

Вегетативті мүшелердің жерүсті және жерасты түрі бойынша екі топқа бөлінеді.

Жаңа сабаққа кіріспе: Қызығушылықты ояту. (Тірек суреттер символдары)

Берілген суреттер немен ассоциацияланады: күн, жаңбыр, жеміс, балара, көбелек

Оқушылардың жауабынан жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

Топтық жұмыс: гүл бөліктерінен апликация жасау

1 топ - қағаздан қиылған гүл бөліктерінен гүлдің құрылысын жасап, гүл бөліктеріне сипаттама беру

2 топ - гүл құрылысынан аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен таныстыру, сипаттама беру.

Шығармашылық жұмыс: 1 топ- гүл туралы мақал-мәтелдерді айтып, 2 топ оның жалғасын айтады.

1 топ:

1. Әр атаның өз ұлы бар,

Әр бұтаның өз гүлі бар.

2. Әр гүлдің исі басқа,

Әр жердің жынысы басқа.

3. Бір гүл толып ашылады,

Бір гүл солып ашылады.

4. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.

5. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.

6. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.

7. Гүл қайда болса көбелек сонда.

2 топ - гүл туралы жұмбақтар жасырады, 2 топ оның жауабын береді.

2 топ: 1. Қырға қызыл кілем жайдым ( қызғалдақ)

2. Қар астында қыстады

Жасылмен бөркін тастады ( бәйшешек)

3. Көзі сары, кірпігі жоқ

Шалғын мен гүлзарда өседі ( түймедақ)

4. Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең, сәні бұзылады ( гүл)

5. Құлпырса, қадірлейді, аялайды,

Қураса сыпырғышқа жарамайды ( гүл)

6. Я шариком пушистым белею в поле чистом

А дунул ветерок-остался стебелек ( одуванчик)

Зерттеу жұмысы: Берілген гүлге толық сипаттама беру. (жәй н/е қосгүлсерікті, дұрыс, бұрыс, дара, қосжынысты, гүл формуласын, диаграммасын жазу)

1 топ- «әйел бақыты» гүлі ( жәйгүлсерікті, бұрыс гүл, даражынысты, Т0 К1 А0 Ж1)

2 топ- шырайгүл гүлі ( қос гүлсерікті, дұрыс гүл, қосжынысты, Т (5) К (5) А5 Ж (2))

Үлгерімі төмен оқушыға Халенов Р. жеке тапсырма -гүл сөзіне 5 жол өлең құрастыру.

Бекіту тапсырмалары: Оқулықпен жұмыс: Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» - гүлсағақ; «ГТ» - гүлтабан; «Т» - тостағанша; «К» - күлте; «А» - аталық; «Ж» - аналық).

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. -«Ж»

2. Тозаң ұясы бар- «А»

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.- «ГТ»

4. Үлпекке айналған бөлігі.- «Ж»

5. Жәндіктер қоректенеді.- «К»

6. Шірне бөлетін бөлігі.- «К», «ГТ», «А», «Ж»

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.- «Ж»

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.- «Ж»

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.- «А»

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.- «К»

11. Мойны бар.- «Ж»

«Сіз білесіз бе» танымдық сұрақтар

  1. Қай гүлдің отаны Қазақстан болып саналады- Қызғалдақ

  2. Адамзат тарихында тазалық пен әдемілік символы болып саналытын гүл- Лотос

  3. Махаббат пен әдеміліктің символы болып табылатын гүл- Раушан

  4. Жапонияның символы болып табылатын гүл- Сакура

Қорытынды: Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар, нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз. Табиғатқа қарап тұрып шаттана аламыз. Бізді ең көп шабыттандырып, жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз. Рас, рас, гүл қуаныштың күлкісін шақыра алады. Өзіңіз гүлге қарап жылаған жанды көріп пе едіңіз, әрине, ол тек бір кездері жақын жаныңыз сыйлап сақтап жүрген гүліңіз болмаса тек. Соның өзінде жылаудан соң әдемі, жүректі жайлы қылатындай күлкі келері анық. Жүрекке жайлылық сыйлайтындай гүлдің қандай қасиеті бар сонда? Бұл сұраққа адамзат баласы сан ғасырлар бұрын жауап іздей бастаған. Олар әр гүл адамға сыйлануы арқылы сан қилы мағынаны, түрлі ойды жеткізе алады деп ойлаған.

«Гүлдер вальсі» видеофильм

Бағалау: критериалды бағалау



«Гүл, гүлдің құрылысы» тақырыбы бойынша бағалау критериясы


критериялар

3

4

5

Биологиялық тіл

Биологиялық тілмен сөйлеуге ымтылды

Биологиялық тілмен сөйлеуде қателер кездесті

Биологиялық тілмен құрылған сөйлемдер толық, аз мөлшерде қателер бар

Тапсырмаларды орындау


Тапсырмаларды орындауда қиналдым

Тапсырмаларды орындауда қателер жіберді

Тапсырмаларды толығымен орындады

Мазмұны

Берілген ақпарат нашар деңгейде

Берілген ақпарат толық, бірақ идеялар арасында байланыс жоқ

Ақпарат толық

Үй тапсырмасы: гүлдер туралы қосымша мәлімет алып келу және жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.


© 2010-2022