Урок на тему Тірек-қимыл жүйесі

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың технологиялық картасы

І БЛОК «Мақсаттылық»

Пәні:

Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасы

Мамандығы:

Тобы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Тірек-қимыл жүйесі

Сабақтың типі:

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы, сүйектің құрамы мен құрылысымен таныстыру. Қозғалыс пен дене шынықтырудың денсаулық үшін маңызын терең түсіндіру.

Тәрбиелік:

Cалауаттылыққа, өзін - өзі қадағалауға, еңбектенуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Дене шынықтыруға, сымбаттылыққа әуестенуге ықпал ету;

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып, интелектуалды қабілеттерін дамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту

Кәсібилік

Студенттердің өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында пәннің қажеттілігін ұғындыру, болашақ кәсібіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Алған теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге баулу.

Күтілетін нәтижелер:

Базалық:

  • сүйектің құрылысы мен құрамын;

  • бұлшық еттің функциональдық қызметін;

  • тәуліктің қимыл белсенділігінің нормативтерін;

  • қанқа бұлшық еттерінің түрлерін;

Кәсіптік:

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы, спортпен шұғылданатын адам мен шұғылданбайтын адамның тірек-қимыл жүйесінің ерекшеліктерін, жас бала мен ересек адамның тірек-қимыл жүйесінің ерекшелігін ажырата білуге, соған сәйкес пихо-физиологиялық ережелерді, жағдайды дұрыс ұйымдастыра білуге үйренеді.

Пәнаралық байланыс:

валеология, өзін -өзі тану, экология, педагогика және психология, дене тәрбиесі

.


ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»


Көрнекі құралдар

Суреттер, тесттер, кестелер, карточкалар, сызба-нұсқалар

Таратпа материялдар

Тесттер, карточкалар, суретті тапсырмалар;

Оқытудың техникалық құралдары

магниттік тақта,

Ақпараттық қор

Негізгі: (әдебиеттер)

№5 ОӘК

Әдебиеттер тізімі

Қосымша: (әдебиеттер)

№5ОӘК

Әдебиеттер тізімі

Негізгі терминдер мен ұғымдар

Цитогенетикалық, жасушалық, физиологиялық, биологияық, т.б.

Сабақтың технологиясы мен әдістері:

Түсіндірме-иллюстративті, баяндау, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, бейне-визуалды, тірек-сызба мен кестелермен жұмыс, квант әдісі арқылы практикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындау, зерттеу әдістері.

Оқу - әдістемелік кешен

№5 Оқу әдістемелік кешен

ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»

Өткізу технологиясы

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

I.Оқу

іс-әрекетінің мотивациясы (2 мин)

Мақсаты:

Сабақтың тақырыбымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру;


  • Мұғалімнің амандасуы

  • Жоқ оқушыларды түгендеу

  • оқу-құралдарының дайындығын

  • кезекшінің жұмысын тексеру.

Сымбатты болғым келеді...», «Кеңес бергім келеді....»

  • диагностикалық ойыны:

  • Оқушыларды психологиялық тұрғыдан сабаққа даярлау


  • Амандасу

  • оқу-құралдарын дайындау

  • кезекшілік міндеттерін атқару;

Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.


II.Сабақ тақырыбы, мақсаттың қойылуы

(3мин)Мақсаттар:Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру

Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсат-міндеттерді қою, жұмыс жоспарымен таныстыру, оқушылар алдына оқу жағдаятын қою

Жоспары:

  • Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметі.

  • Сүйектің құрылысы мен құрамы.

Дәптерге сабақ тақырыбын жазады,

сұрақтарға жауап іздейді..

Сабақтың тақырыбымен танысады. мақсатын түсінеді, тірек білімдерді жаңғырту, оқушыларды белсенді оқу әрекетіне дайындау

III. Жаңа білім беру

(25 мин) Мақсаттар:

Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;

- Негізгі ұғымдардың мағынасын ашу, анықтама беру

№1. Анализаторлар тақырыбынан тест тапсырмалары ұсынылып, үй тапсырмасы орындалады.

№2.

Урок на тему Тірек-қимыл жүйесіУрок на тему Тірек-қимыл жүйесіТірек-қимыл жүйесі

Қаңқа Бұлшықет

Урок на тему Тірек-қимыл жүйесіУрок на тему Тірек-қимыл жүйесі

Қызметі


  • Ағзаның тірегі;

  • Қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді;

  • Тік жүру қалпын сақтайды;

  • Ішкі мүшелерге қорғаныш, т.б.

Адам қаңқасындағы 206 сүйек бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысады. Соның 85 жұп, 36 тақ сүйектер. Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты-тығыз ұлпа, ішкі бөлімі-борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қан тамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі.Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.

Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин, 21,8 % минералды заттар, 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болғандықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.

Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.

Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.

Жартылай қозғалмалы- шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.

Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады7


№3. Тірек-сызбамен көрсете отырып, қаңқа құрылысына түсінік беру.

Урок на тему Тірек-қимыл жүйесіУрок на тему Тірек-қимыл жүйесіБас сүйек


Ми сауыты Бет сүйегі


Дәптерге тақырып мазмұнын жазады,

сұрақтарға жауап іздейді.

Оқушылар өз ойларын айтып,сипаттама береді.



Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, қосымша ақпараттық материалдар пайдаланады.


  • Тірек - қимыл жүйесінің маңызын;

  • сүйектің құрылысы мен құрамын;

  • Қаңқаның құрылысын;

  • тәуліктің қимыл белсенділігінің нормативтерін;

  • қанқа бұлшық еттерінің түрлерін;

.

Оқушылар сұрақтарғаа жауап береді, ойларын қорытындылайды.

Оқушылар өз ойларын ауызша баяндайды, дәптерге жазады.







Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, қосымша ақпараттық материалдар пайдаланады.

Оқытушы оқушыларға нұсқау бере отырып, тақырып мазмұнын ашады, пікір алмасады.


Оқушылардың салыстыру, талдау және есте сақтау дағдылары қалыптасады. Тақтамен жұмыс жасалады.


Оқытушы оқушыларға баяндайды, пікір алмасады.


  • Тірек-қимыл жүйесінің атқаратын қызметін;

  • Бала сүйегінің ерекшелігін;

  • Сүйектің бұзылу себептерін;

  • Сүйек сыңғанда көрсетілетін алғашқы жәрдемді;

  • Қимыл - қозғалыстың денсаулыққа пайдасын;

Оқытушы оқушыларға нұсқау бере отырып, тақырып мазмұнын ашады, пікір алмасады

Оқушылардың салыстыру, талдау және есте сақтау дағдылары қалыптасады. Тақтамен жұмыс жасалады.

IV. Бекіту

(25 мин) Мақсаттар:

Жаңа тақырыпқа байланысты игерілген алғашқы түсініктерін тиянақтау, бекіту, игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту

Кубизм әдісі

1

Зерттеңіз

Сүйек құрамы

2

Салыстырыңыз

Ересек адам мен жас баланың сүйек құрамының ерекшеліктері

3

Суреттеңіз

жас баланың қаңқа құрылысы

Оқушылар жауап береді, ойларын қорытындылайды.

Оқушы сабақ барысында меңгерген білімін тексереді, өз-өзін бағалайды.

V.Білімді бақылау, бағалау.

(20 мин) Мақсаттары:

- білім, біліктерін тексеру, олқылықтарды анықтау, игерілген білім, іскерлік, дағдыларын бағалау.

І. Оқушыларға қайталау, бекіту сұрақтары қойылады:

  1. Бүгінгі тақырып толық ашылды деп ойлайсындарма?

  2. Сабақта қандай қызықты ақпарат таң қалдырды?

  3. Бүгінгі сабақта қаншалықты жаңа ақпар мәлімет алдым деп ойлайсындар?

  4. Қиндық тудырған мәселелер, түсінбеген тұстарың болды ма?

Оқушылар өздерінің қаншалықты білім ұғынғандарын, берілген сұрақтардың деңгейін, тірек білімдерін өзектілейді, мұғаліммен пікір алмасады, өз ой-пікірлерін білдіреді.

-мұғалім құрастырған проблеманы шешуге қай тұрғыда келетінін түсінеді

тапсырмаларды орындау арқылы анықтамаларды бір-бірімен салыстыра алу құзіреттілігі қалыптасады

VI. Қорытынды

(5 мин)

Рефлексия, қорытындылау

Оқушылыр түсінбеген сұрақтарын қайталап, саралайды.

-Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады

ҮІІ. Үйге тапсырма:

(10 мин) 1Мақсаты: Оқушыларға бүгінгі алған теориялық, практикалық білімдеріне сүйене отырып, үйге тапсырмалар беру, орындауына нұсқау беру.

Үйге тапсырмаларды 3 бағытта беру. Олар:

Ғылыми бағытта: «Тірек- қимыл жүйесі» тақырыбы бойынша бағдарламаланған қартаның кілтін табу

Тәжірибелік бағытта: Тірек - қимыл жүйесінің гигиенасының талаптарын тәжірибеде қолдану. Зақымданудың түрлерін,белгілерін, оған көрсетілетін алғашқы жәрдем (кесте толтыру)

Шығармашылық бағытта:

«Ұлттық дене шынықтырудың тірек - қимыл жүйесінің дамуындағы орны» тақырыбындағы студенттің өзіндік жұмысы


Үй тапсырмасын жазып алу.

Өз бетінше жұмыс жасайды, ақпараттар жинақтайды.



© 2010-2022