Тақырыбы: Басаяқты ұлулар класы

Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 Күні:

Пән: биология

Тақырыбы: Басаяқты ұлулар класы.

Сабақ оқу мақсаты

Ақпараттық технология мен сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, басаяқты ұлулар класының құрылысы және маңызы жайлы білімдерін кеңейту.

оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушының білім - біліктілігін дамыту.

табиғатты, тірі жәндіктерді қорғауға, аялауға үйрету, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін ояту.

Құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, слайд тірек - сызбалар, плакаттар, кітап, видеоматериал.

Сабақты жоспарлау, уақыты :

І.Сергіту.топқа бөлу,бағалаушыны анықтау.рольдік хатшы, таймкипер, баяндаушы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

I «Миға шабуыл» бөлімінде, үйге берген тапсырманы пысықтау барысында «Менен сұрақ, сізден жауап» сұрақ - жауап әдісін пайдаландым.

I - топ.

Ұлулардың дене құрылысы неден тұрады? (бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан).

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы? (денесі буылтықтарға бөлінбейді).

Ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі? (аяқ).

Ұлулардың қаны? (түссіз, көгілдір ұлулар да бар).

Ұлулардың тыныс алу мүшесі: (құрлықта - өкпемен, суда - желбезектермен).

Түрленіп даму дегеніміз не? (жұмыртқадан дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі).

Қосжақтаулы ұлулар деп аталу себебі? (бақалшағы ашып - жабылатын екі жақтаудан тұрады).

II - топ.

Ұлулардың кластарын ата: (бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар).

Тұлғадан қандай ерекше қатпарлы қабат түзіледі? (шапанша «мантия»).

Ұлулардың қантарату жүйесі қандай? (ашық).

Ұлулардың жүрегіне сипаттама бер: (жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Жүректі жүрек қабы қаптайды).

Тура даму дегеніміз? (жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар дамиды).

Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі? (айқұлақ).

Теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер? (бауыраяқты ұлулар класы).

II «Қызығуды ояту» бейнефильм « Басаяқтылар тіршілігі»

ІІІ. «Мағынаны тану» бөлімінде жаңа сабаққа проблемалық сұрақ қою арқылы көштім. Бас-аяқты ұлулар класы деп аталуының себебі? (аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, электронды мәтіні бойынша тапсырмалар бөліп бердім.

I топ: Басаяқты ұлулар класы.

II топ: Басаяқты ұлулар класының өкілдері.

IV. Кластер жасау.

I топ

Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш.Қармалауыштың жуандығы 20 см. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800 - ге жуық түрлері бар.

II топ

Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылысы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке - жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан - жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстан жеу каракатицаға қиындық келтірмейді.

Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлап» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға батады. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді.

Ү «Ой толғаныс» тапсырма. Сөзжұмбақтар шешу» Малокология»

Сөзтізбек « Ұлулар»

«Құпия сан» ойыны. Тақтада берілген сөйлемдерді әр өкілінің тұсына сандармен белгілеу.

1. Бастың екі жағында үлкен көздері бар.

2. Су түбінде баяу қозғалады.

3. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды.

4. «Сиқырлап» ұйықтатуға болады.

5. Сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп,

қорегін аулауды.

6. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады.

7. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады.

8. Оның құрылысы адам көзінің құрылысына ұқсас.

Каракатица

Кальмар

Сегізаяқ

3, 6,

1, 5, 7, 8,

2, 4,

VI. Қорытындылау.

«Сұрақтар қорабы» түсінбеген сұрақтарын стикерге жазып ,қорапқа салып кетеді.

Бағалаушылар

Рефлексия

«Білім ағашы»

© 2010-2022