Биология 6 класс Тест материалдары

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәнінен 6 - сыныптарға арналған тест жұмыстары


Ұлғайтқыш құралдар .

Өсімдік жасушасының құрылысы.


1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі

2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.

3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі

4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:

а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа

5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:

а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив

6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше

7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:

а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:

а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма

9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:

а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:

а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль

11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:

а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер

12. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:

а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар

13. Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:

а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар

14. Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:

а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар

Өсімдік ұлпалары.


І-нұсқа

1.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:

а)түзуші ә)негізгі б)жабын

2.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

4. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:

а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш

5. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы

6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

7. Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

8. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:

а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі

9. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа:

а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі

10. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.

11. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

12. Сүт жолы мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:

а)жабын ә)бөліп шығарушы б)негізгі



Өсімдік ұлпалары.

ІІ-нұсқа

1. Жасушалары арасында ауа кеңістіктері бар ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)түзуші

2. Сабақ пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:

а)түзуші ә)жабын б)өткізгіш

3. Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

4. Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:

а)негізгі ә)түзуші б) жабын

5. Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:

а )түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

6. Су мен улы газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат түзетін ұлпа:

а)өткізгіш ә)негізгі б)жабын

7.Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:

а)өткізгіш ә)тірек б)негізгі

8. Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) түзуші ә)негізгі б)бөліп шығарушы

9. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналатын ұлпа:

а)тірек ә)өткізгіш б)жабын

10. Тін талшығы жасы жетілген ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)тірек б)негізгі

11. Жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы болатын ұлпа:

а)өткізгіш ә)жабын б)бөліп шығарушы

12. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

Тамыр.

І-нұсқа


1.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:

а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым

2. Вегетативті мүшелердің тамырлар жүйесі:

а)сабақ ә)тамыр б)жапырақ

3. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

а)қосалқы ә)жанама б)негізгі

4. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:

а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар

5. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

6. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:

а)шашақ тамыр ә)кіндік тамыр б)жем тамыр

7. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:

а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр

8. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:

а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору

9. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу

10. Жас жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:

а)сору ә)өсу б)өткізу в)бөліну

11. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:

а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору

12. Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізетін тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)сору б)өсу в)бөліну

13. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ

14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз

Тамыр.

ІІ-нұсқа


1. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері :

а)тұқым ә)жапырақ б)жеміс в)сабақ г)гүл ғ)тамыр

2. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

а)негізгі ә)жанама б)қосалқы

3. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

4. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:

а)жанама тамыр ә)қосалқы тамыр

5. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:

а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр

6. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:

а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну

7. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу

8. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:

а)бөліну ә)өсу б)сору в)өткізу

9. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды соратын тамыр бөлімі:

а) өсу ә)бөліну б)өткізу в)сору

10. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну

11. Органикалық тыңайтқыштар:

а)қи ә)күл б)қарашірік в)құс саңғырығы г)азот ғ)шымтезек

12. Минералды тыңайтқыштар:

а)шымтезек ә)азот селитрасы б)суперфосфат в)қи г)күл ғ)сүйек ұны

13. Жем тамырлы өсімдіктер:

а)сәбіз ә)қызылша б)орамжапырақ в)картоп г)шомыр ғ)шалқан

14. Түйнек тамырлы өсімдіктер:

а)орхидея ә)нарғызгүл б)кипарис в)батат г)шырыш ғ)таушымылдық

Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.

І-нұсқа

1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік:

а)төбе ә)бұйыққан б)жанама в)қолтық

2. Өркеннің ең ұшына орналасқан бүршік:

а)қолтық ә)қосалқы б)жанама в)төбе

3. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:

а)қосалқы ә)төбе б)бұйыққан в)жанама

4. Төбе бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері:

а)жуандап өседі ә)ұзарып өседі б)гүлдейді в)жапырақ шығарады

5. Тік сабақты өсімдіктер:

а)қайың ә)жүзім б)бидай в)қауын

6. Шырмалған сабақты өсімдіктер:

а)жөке ә)шырмауық б)бақбақ в)құлмақ

7. Қысқарған сабақты өсімдіктер:

а)жолжелкен ә)пияз б)жүзім в)жүгері

8. Сабақты жуандатып өсіретін қабат:

а)камбий ә)сүрек б)қабық в)өзек

9. Органикалық заттар қорға жиналатын қабат:

а)сүрек ә)қабық б)өзек в)тін талшығы

10. Су мен минералды заттар қозғалатын қабат:

а)қабық ә)сүрек б)тоз жасушалары в)тін талшықтары

11. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:

а) өзек ә)камбий б)сүрек в)қабық

12. Сабақ тыныс алатын, жасымықша жасушалары орналасатын

қабат:

а) камбий ә)сүрек б)өзек в)тоз қабаты

13. Буын және буынаралығынан тұрады:

а)тамыр ә)тамырсабақ б)түйнек

14. Сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар:

а)түйнек ә)тамыр б)тамыр


Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.

ІІ-нұсқа

1. Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік:

а)төбе ә)жанама б)қолтық в)қосалқы

2. Өсімдіктің төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік:

а)қосалқы ә)бұйыққан б)төбе в)қолтық

3. Гүл бүршігінің орналасқан орны:

а)қысқарған өркен ә)ұзарған өркен б)төбе бүршігінде в)қолтық бүршігінде

4. Өсу бүршігінің орналасқан орны:

а)қосалқы бүршік ә)қысқарған өркен б)қолтық бүршік в)ұзарған өркен

5. Жатаған сабақты өсімдіктер:

а)құлпынай ә)құлмақ б)пияз в)қияр

6. Өрмелегіш сабақты өсімдіктер:

а)тырбық аңдыз ә)қарағаш б)асбұршақ в)жүзім

7. Тін талшықтары орналасқан қабат:

а)камбий ә)қабық б)сүрек в)өзек

8. Қабық пен сүректің арасындағы қабат:

а)сүрек ә)камбий б)өзек в)қабық

9. Сабақтың органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:

а)өзек ә)камбий б)қабық в)тін талшығы

10. Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:

а)түйнек ә)тамырсабақ б)тамыр

11. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен:

а)тамырсабақ ә)пиязшық в)түйнек

12. Пиязшықты өсімдіктер:

а)сарымсақ ә)картоп б)лалагүл в)бетеге

13. Түйнекті өсімдіктер:

а)орамжапырақ ә)жер алмұрты б)картоп в)пияз

14. Тамырсабақты өсімдіктер:

а) бидайық ә)қызанақ б)бетеге в)қызғалдақ


Жапырақ


1. Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер:

а)қарағай ә)жүгері б)емен в)шырша

2. Бір ғана тақтасы бар жапырақ:

а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ

3. Бір сағақта бірнеше жапырақшалардың болуы:

а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ

4. Жүйкелердің жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:

а)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену ә)параллель жүйкелену б)доғалы жүйкелену в)саусақ салалы жүйкелену

5. Негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелердің теңдей таралуы:

а)параллель жүйкелену ә)доғалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в)саусақ салалы жүйкелену

6. Орталық жүйкенің бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін салаланып таралуы:

а)саусақ салалы жүйкелену ә)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену б)параллель жүйкелену в)доғалы жүйкелену

7. Жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелердің иілуі:

а)параллель жүйкелеу ә)саусақ салалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в)доғалы жүйкелену

8. Қоректік заттар қорға жиналатын жапырақ:

а)шырынды ә)тікенді б)мұртша в)қабыршақ

9. Өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін жапырақ:

а)қабыршақ ә)шырынды б)тікенді в)мұртша

10. Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ:

а)тікенді ә)мұртша б)қабыршақ в)шырынды

11. Бүршіктердің нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:

а)мұртша ә)тікенді б)шырынды в)қабыршақ

12. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:

а)қабыршақ ә)шырынды б)тікенді в)мұртша

13. Ылғалды үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:

а)қабыршақ ә)тікенді б)мұртша в)шырынды

14. Тікенді жапырақты өсімдіктер:

а)қарлыған ә)асбұршақ б)кәріқыз в)ақ қараған

15. Мұртшалы жапырақты өсімдіктер:

а)үрмебұршақ ә)жабайы бұршақ б)асбұршақ в)сарыаға

Гүл. Гүлшоғырлар.

І-нұсқа

1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан гүл бөлігі:

а)гүлтабан ә)аналық б)күлте в)аталық

2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы:

а)тостағанша ә)гүлсағақ б)күлте в)аналық

3. Тозаң ұясы бар гүл бөлігі:

а)аналық ә)күлте б)аталық в)гүлтабан

4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі :

а)аналық ә)аталық б)тостағанша в)күлте

5. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетілетін гүл бөлігі:

а)аналық ә)гүлсағақ б)күлте в)тостағанша

6. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы:

а)қос жынысты ә)дара жынысты

7. Аталық гүлдер мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:

а)екі немесе қос үйлі ә)бір үйлі

8. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі:

а)күлте ә)аналық б)тостағанша в)аталық

9. Аталықтың бөлімдері:

а)жіпше , аузы ә)тозаңқап, тостағанша б)мойны, жіпше в)жіпше, тозаңқап

10. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасқан гүлшоғыр:

а)жай масақ ә)жай шашақ б)собық в)күрделі шатыр

11. Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанып орналасқан гүлшоғыр:

а)күрделі қалқанша ә)күрделі шатыр б)күрделі масак в)күрделі шашақ

12. Собық гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)бидай ә)күнбағыс б)калла в)жүгері

13. Күрделі шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)кербезгүл ә)сәбіз б)көктерек в)аскөк

14. Жай масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)жолжелкен ә)тары б)сүйсін в)гүлшетен

15. Сырға гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)қарағаш ә)алмұрт б)қайың в)тал

Гүл. Гүлшоғыр.

ІІ-нұсқа

1. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін орын:

а)тостағанша ә)гүлсағақ б)күлте в)гүлтабан

2. Мойны бар гүл бөлігі:

а)күлте ә)аналық б)гүлтабан в)аталық

3. Жіпшеден және тозаңқаптан тұрады:

а )гүлсағақ ә)күлте б)аталық в)аналық

4. Гүлсеріктің сыртқы бөлігі:

а)гүлтабан ә)тостағанша б)аналық в) күлте

5. Ұрықтану процесі жүретін орын:

а)аталық ә)гүлсағақ б)жатын в)күлте

6. Гүлде тек аталық немесе аналықтың болуы:

а)дара жынысты ә)қос жынысты

7. Аталық гүлдердің бір өсімдікте, аналық гүлдердің екінші өсімдікте болуы:

а)бір үйлі ә)екі немесе қос үйлі

8. Аталық тозаңдары жетілетін орын:

а)жіпше ә)жатын б)тозаңқап в)күлте

9. Аналықтың тозаң қабылдайтын бөлімі:

а)мойны ә)жатыны б)жіпше в)аузы

10. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасқан гүлшоғыр:

а)жай масақ ә)жай шашақ б)себет в)шоғырбас

11. Жай шатырдағы жеке гүл сағақтарына бірнеше гүлден топтанып шоғырланған гүлшоғыр:

а)күрделі шашақ ә)күрделі қалқанша б)күрделі шатыр в)күрделі масақ

12. Себет гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)жолжелкен ә)мойыл б)күнбағыс в)бақбақ

13. Күрделі масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)балдырған ә)орамжапырақ б)қарабидай в)бидайық

14. Жай шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)пияз ә)қайың б)адамтамыр в)інжугүл

15. Жай шашақ гүлшоғырлы өсімдіктер:

а)бақбақ ә)қарақат б)аскөк в)орамжапырақ



© 2010-2022