«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруін жоспарлап отыр. Бұл  жоспар жүзеге асу үшін әрине білімді ұрпақ қажет.. «Жастардың жалыны мен жігері-еліміздің намысы мен тірегі» - дегендей біздің болашағымыз білімді , жан-жақты дамыған жастардың қолында!  Әлемдік өркениетке сай ұрпақ тәрбиелеу қай педагогтің болса да алдына қойған үлкен мақсаты.Дәл сондай дүниетаным қалыптастыруға білім жүйесінің сапалағы, тәрбие жұмысының тереңдіг...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруін жоспарлап отыр. Бұл жоспар жүзеге асу үшін әрине білімді ұрпақ қажет.. «Жастардың жалыны мен жігері-еліміздің намысы мен тірегі» - дегендей біздің болашағымыз білімді , жан-жақты дамыған жастардың қолында!

Әлемдік өркениетке сай ұрпақ тәрбиелеу қай педагогтің болса да алдына қойған үлкен мақсаты.Дәл сондай дүниетаным қалыптастыруға білім жүйесінің сапалағы, тәрбие жұмысының тереңдігі әсер ететіні сөзсіз.Ол үшін ұстаз-басты әрі шешуші тұлға болуы қажет.

Бұл мақсатқа жетудің бірден бір шешімі әрине - сабақ. Сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, яғни шеберлігіне байланысты.

Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермейді, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл Конфуцийдің «Естігенді ұмытамын , көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі.

Сол себепті мен химия сабақтарында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтерін, ойынның бірнеше түрлерін, ұжымдық , топтық , деңгейлік тапсырмаларды , тест тапсырмаларын қолданамын. Енді осылардың әрбіреуіне қысқаша тоқталып өтейін.

  • Ойын- балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша , бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады дейді. . Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы, ойын барысында өзін еркін сезінеді , ізденімпаздық , тапқырлық әрекеті байқалады. Ойынды тек сергіту мақсатында ғана емес , оларға берілген негізгі ұғымды, түсініктерді берік меңгерту мақсатында жүргізіледі. Ойлау арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасауға үйренеді. Мына төменде көрсетілген ойындарды сабақта қолдану өте тиімді.

«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама


  • «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағадрламасының үлесі өте үлкен.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Ол: - шыңдалған ойлау , кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау, күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау-үйрету мен үйрену бірлігінен , үйренудің қызығушылығынан тұратын , үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.Білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді, қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама

Әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының саралануы кезінде деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет. Ол 3 тапсырмадан тұрады:

1-жеңіл , 2-орташа, 3-қиын тапсырмалар бойынша өздерінің тиісті бағаларын алады. (Қараев технологиясы бойынша) «Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама

Шығармашылық жұмыстардың да оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда маңызы өте зор.Мысалы сабақ үстінде балаларға мына тапсырма берсе олар оны қызыға отырып орындай түседі.

«Тәжірибе таратудың тиімді моделі» атты баяндама

Құзырлы мұғалімнен-құзырлы оқушыға дегендей.

Ресей ғалымы Н.В.Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзыреттілік дегеніміз-педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді».

Біз оқушыны білімге ғана емес, өмірге де үйретуіміз қажет.Баланы адам өміріне қажетті үш құзыреттілікке бейімдейміз.

12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған.

Негізгі құзыреттілік түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:

Біріншісі-мәселенің шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмет)

Екіншісі-ақпараттық құзыреттілігі.

Үшіншісі-қарым-қатынас (коммуникативтік) құзыреттілігі.

Осы жүргізіліп отырған жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері , сөз байлығы, білімділігі , есте сақтау қабілеті, шапшаңдығы , алғырлығы, тиянақтылығы , жүйелілігі, ұжымдылығы, басқаны тыңдай білуі, өз ойын айта білуі т.б. қасиеттері шыңдалады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, құзыретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету ұстаздар қауымының міндеті.

Көркейе бер , гүлдене бер туған жер, ұстаз жолы шәкіртімен шешілер деген өлең жолдарымен аяқтап , әріптестеріме еңбекте жеміс, табыс тілеймін!

Назарларыңызға көптен-көп рахмет!




Ақмола облысы
Бурабай ауданы



Баяндаманың тақырыбы:

«Тәжірибе таратудың тиімді моделі»




Дайындаған:

Химия,биология пәндерінің мұғалімі-

Болатова М.Қ.








Бурабай кенті С.Сейфуллин атынағы орта мектеп

2011 ж

© 2010-2022