Ашық сабақ Вирустар 10 сынып

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оспанова Г. А.

Астана қаласы №25 орта мектеп


Сабақтың тақырыбы: Вирустар (Биология сабақтарында негізгі құзіреттілікті қалыптастыру)

Мақсаты:Оқушыларға өткен білімдерін жаңғырта отырып, Оқушылардың вирустар туралы жалпы түсінікті қалыптастыру. жаңа ақпарат бере отырып, оқушылардың қызығушылығын ояту. Ұлтжанды,өмірге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеті:

- Оқушыларға танымдық сұрақтар қоя отырып, білімдерін кеңейту;

-Жаңа ақпарат арқылы өз ойларын ортаға салып, нақты өзекті мәселе қойып, анықтау, ұсыну;

-Бейнефильмдер көрсете отырып ой қозғау;

-Топқа берілген жағдаяттармен таныса отырып, проблеманы анықтап, талдау, мәселені шешу жолдарын жоспарлауға үйрету;

-Жеке тапсырмалар арқылы топ алдында өз ойларын еркін айта алуға, насихаттауға қалыптастыру

Пәнаралық байланыс: медицина, география, информатика

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Көрнекіліктер:Теориялық ақпарат, балама ақпарат түрлері, слайдтар, жағдаяттық тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,анықтау, талдау, еске түсіру, талдау, сипаттау, салыстыру, талқылау т.б.

Сабақтың барысы:

Ойға шабуыл:

1.Вирустар қандай ағзалар?

2. Вирустардың қандай түрлері бар?

3. Вирустардың адам өміріне қауіп төндіруінің себебі неде?

ІІ. Жаңа ақпаратты (материалды) талдау.

ІІІ. Вирустар туралы түрлі ақпаратты талдауға ұсыну. Топпен жұмысты ұйымдастыру.

(Әр топ оқушылары өз ойларын ортаға салады. Нақты өзекті мәселе қойып, анықтап, ұсыну керек.)

І топ: Вирустар адам баласының серігі десек қателеспесбіз. Өйткені олар адам туғаннан бастап оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ-ак болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолдармен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар - маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді.

Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некенсаяқ болар. Бүл сырқат өте ертеден белгілі. Бұл жөнінен кейбір мәліметті ерте дүние дәрігері - Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидемиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары түмаумен 500 миллиондай адам ауырьш, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал бұның өзі бірінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп.

ІІ топ: Полиомиелит. Бұл да ертеден бері таралған ауру. Археологтар Египеттегі зираттарды қазғанда қисайып біткен сүйектері бар түрлі скелеттерді тапқан. Әриие, бүл аурудың қоздырғышын табуда оңайға соққан жоқ. Полиомиелит вирусы тұмау вирусынан әлде-қайда майда және оның шапшаң таралып, эпидемияны тез қоздырғыштық іқасиеті бар.

1916 жылы тек Нью-Йоркте осы полиомиелиттен 2 мыңдай адам қаза тастты, 7 мыңдай адамның денесі жансызданып, пара-личке ұшырады. Бүл ауру, әсіресе балалар арасында көп тараған. Организмге қоздырғыш әдетте тағам арқылы таралады, ал кейде ол ауадан да келіп түседі. Одан соң вирустар нерв клеткаларына еніп, әсіресе адам қозғалысын басқаратын нервтерді бүзып, жансыздандырады. Осының нәтижесінде адамның кейбір мүшелері жансызданады, омыртқалары қисайып бітеді және оны емдеуде өте қиынға соғады.

Полиомиелит ауруына тым үқсас вирус 1948 жылы Коксаки каласында тұратын ауру балалардан табылды. Олар жазда және күзде байқалады. Қөбінесе осы вирусты ауру және сау адамдар ішегінен, лас сулардан және шыбындардан кездестіруге болады. Коксаки вирусының қоздыратын ауруы полиомиелитке тым ұқсас және одан өлім-жітім аздау болады.

ІІІ топ: Шешек. Совет елінде балаларға шешекке қарсы вакцина егетіні баршаға аян. Бұлай егу адамдарды аса қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, шешек вакцинасын егу совет елінде міндетті түрде жүргізілді. Осының аркасында бірте-бірте шешек азайып ақыр аяғында мүлде жойылды. Көптеген адамдар бұның не екенін қазір білмейді де. Шешек ауруы ертеден бастап белгілі.

Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Индия және Қытай елдерінде болған. XVI-XVII ғасырларда Европада шешекпен ауырмаған адам ілуде біреу-ақ болды. Шешек ауруы бірқатар адам өмірін жойды да. Сол кездің өзінде Германияда шешектен 70 000 адам қырылды, ал Францияда өлім осының жартысындай болса керек. Тірі қалғанның өзінде олардың беттерінде секпілі, яғни шешек дағы болды.

Ал Америкада қатынас басталысымен шешек солай ауысты. Әрине бұнда да адам өлімі айтарлықтай болды.

Европада соңғы үш ғасыр ішінде шешектен 150 миллиондай адам өлген. Шешекті қоздыратын Пашен денешіктері, олар бактериялық сүзгілерден тез өтіп те кетеді. Сондықтан шешекті қозды-рушы микробтарды сүзгіленуші вирустарға жатқызып жүр. Бұл вирус ауру адамның, әсіресе кеңсірігінде жиналады. Ауру адам жөтелгенде ол вирустар шашырап басқа сау адамдарға жұғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп, іріңдейді де, ол жер ойылып жараға айналады. Кейде шешектен ауырған адамдар саңырау не-месе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандардың 15-30%-тейі мөлшері апат болады.

Жәй шешектен басқа сиыр, қой, есек және қүс шешектері де кездеседі. Бұлар адам үшін аса қауіпті емес. Шала-жансар шешек вирустарын адамға еккенде, аса тұрақты иммунитет пайда болады да, адам шешекпен екінші рет ауырмайды.

ІV топ: Аусыл. Шапшаң таралатын, жүқпалы және ауыр ауру. Аусыл-м<ен мүйізді ірі қара, шошқа, түйе, қой мен ешкі ауырады. Адам-дарда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш - вирус. Жасан-ды қоректік ортада өспейді. Ол көбіпесе тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А. О. С. деген үш типі анықталған. Сондықтан мал осы вирустың бірінен соң бірімен - үш типімен де ауруы мүмкін, +60, -І-70°-та вирус бірнеше минутта, ал 100°-та бірден өліп кетеді. Төменгі температураға ол төзімді. Табиғатта бүл вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тірщілігін жоймай сақталады. 2-3% күйдіргіш сілті ерітіндісі оған жойқын әсер етеді.

Мал аусылмен ауырғанда оларға вакцина енгізеді және каран-тиң ережелері қатаң сақталады.

Құтыру, Жылы канды жануарлардың жүқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақьщдалады да ақыр аяғында жа-нуар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы сауларына таралады. Бұл аурумен, әсіресе иттер және барлық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар (қасқырлар, түлкілер т. б.) жәңе адамдар ауырады. Міне құтырудың бүндай қаупі аурудың белгісі болатындығына байланысты оны зерттеуде ертеде басталған еді. Л. Пастер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды да жасады.

Аурудың қоздырғышы сүзгіленуші вирус, Вирус саңыраулары ірі Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді екен. Құтыру вирусы орга-низмге енгеннен кейін іле-сала аурудың белгілері байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт қажет. Бұны инкубациялық кезең деп атайды. Мәселен, ауру иттердің сілекейіне енгеннен кейін 13 күннен соң біліне бастайды, ал вирус жүққан соң үй қояндары 15-20 күннен кейін ауыра бастайды.

Құтыру вирусы да басқа вирустар сияқты жасанды қоректік ортада өспейді. Ол үшін тауық жұмыртқасы аса қолайлы орта. Вирустар +50°-та бір сағаттан кейін, ал 60°-та бірнеше минуттан кейін жойылады. Құтырумен ікүресу үшін биокомбинаттарда арнаулы антирабиттік вакциналар жасалып таратылады.[3]

АҚТҚ ауруы вирусының ағзаға енуі туралы видео көрсетеу.АҚТҚ/ЖҚТБ Қазастанда таралуы слайды.

ІV. Тапсырмалар: (Топпен жұмыс)

І топ: Алған ақпараттарыңызды пайдаланып, тірі ағзаларда ауру туғызатын вирустарды

Ашық сабақ Вирустар 10 сыныпбелгісімен белгіле


Ашық сабақ Вирустар 10 сыныпАшық сабақ Вирустар 10 сынып

Ашық сабақ Вирустар 10 сыныпАшық сабақ Вирустар 10 сынып

БактерияАшық сабақ Вирустар 10 сыныпАшық сабақ Вирустар 10 сынып

Ашық сабақ Вирустар 10 сыныпАшық сабақ Вирустар 10 сынып

Өсімдік

ЖануарАшық сабақ Вирустар 10 сынып

Ашық сабақ Вирустар 10 сынып

Ашық сабақ Вирустар 10 сынып

АдамАшық сабақ Вирустар 10 сынып

Ашық сабақ Вирустар 10 сынып

Ашық сабақ Вирустар 10 сыныпАшық сабақ Вирустар 10 сынып

ІІ топ: Сергей өзі ұнатқан құрбысы Наташамен отбасын құруға шешім қабылдады. Тек Сергейді мазалайтын бір жағдай бар. Ол үйленбес бұрын екеуінің ЖҚТБ-ға тест тапсыруыларын қалайды. Оның қажеті бар ма?

ІІІ топ: Лораның күнделігінен: Мен уайымдап жүрмін, өйткені біреулер маған ЖҚТБ-ны кейбір нәрселер арқылы жұқтыруға болады дейді, ал басқалар олай емес дейді. Қандай кеңес берер едің?

ІV топ: Бактериофагтар құрғақшылыққа, төменгі температураға және көптеген химиялық уларға төзімді. бірақ 50%-дық глицерин ерітіндісінде, сол сияқты температура +100°С-қа көтерілгенде бактериофагтар тіршілігін жояды. Олар табиғатта өте көп таралған. Кейде фагтар бактерия жасушасында тіршілік етсе де, оның жасушасы ерімейді. Тек көбейген кезде ғана олардың зақымдаушы әрекеттері біліне бастайды.

Мұндай бактериофагтарды бір қалыпты фагтар деп, ал бактерияларды, яғни осы фагтарды тасымалдаушыларды «лизогенді» бактерия лар деп атайды.

Қорыта айтқанда, вирустар ауру қоздырғыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады. Олармен күресудің жолдарын анықта.

Рефлексия: Вирустық аурулар ұлттық деңгейге қалай әсер етеді?

Бұл мәселенің өзектілігі қандай? Шешу жолдарын ұсын. [4]

Үйге: Вирустық аурулардың алдын алу әдістерін, күресу шараларын анықта.

ИТИС ауруының дүние жүзінде таралу динамикасын салыстыр

ИТИС ауруының қазақстанда таралу көрсеткішін талда

Осылайша, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалардың маңызы зор.Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан біздерге ойлануға тура келеді, үнемі ізденіс үстінде болуымыз қажет

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Нұрмашқызы А.Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім.Образование. 2008 №6

  2. Равен Дж.Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002.

  3. referaty-v.kz/вирустық-аурулар

  4. yaneuch.ru/cat_47/



© 2010-2022