«Табиғатты аялайық!»

Күні:   20.01.14ж              Сыныбы:6а,б,в                Пәні:Сыныптан тыс сабақ Тақырыбы:Табиғатты аялайық! Мақсаты: 1.Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы  түсініктерін кеңейту. 2. Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. (Оқушыларға сыныптан тыс тапсырмалар берілген: Жергілікті жердегі суды бақылау, жер бедеріне адамдардың шаруашылық қызметінің әсерін зерттеу, жергілікті жердегі кәсіпорын, ірі көлік торабын бақылау.)   Жүрісі: «Кеше» Экологиялық ластану                «Бүгін» Табиғат тазалығын сақтау                «Ертең»Әсем табиғат көрінісі                                                  «Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» Интерактивті тақтада экологиялық жағынан бүлінген табиғат көріністері: Ағаштар қышқыл жаңбыр әсерінен қурап қалған; Қазіргі заманның қала айналасы күл – қоқысқа толы; Ядролық жарылыс көрінісі; Ауаның ластану зардабы (Н.Өркешбаев тағдыры) Арал және Каспий теңіздері Жергілікті жердегі «НБК» Арайлым кәсіпорының ауаны ластауы арқылы экологиялық апат зардаптарын көзбен көргендей етіп жеткізе отырып, табиғатты қорғамаса нәтижесінде не болатынын…
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.01.14ж

Сыныбы:6а,б,в
Пәні:Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы:Табиғатты аялайық!

Мақсаты: 1.Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. (Оқушыларға сыныптан тыс тапсырмалар берілген:

Жергілікті жердегі суды бақылау, жер бедеріне адамдардың шаруашылық қызметінің әсерін зерттеу, жергілікті жердегі кәсіпорын, ірі көлік торабын бақылау.)

Жүрісі: «Кеше» Экологиялық ластану

«Бүгін» Табиғат тазалығын сақтау

«Ертең»Әсем табиғат көрінісі

«Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ»

Интерактивті тақтада экологиялық жағынан бүлінген табиғат көріністері:

  • Ағаштар қышқыл жаңбыр әсерінен қурап қалған;

  • Қазіргі заманның қала айналасы күл - қоқысқа толы;

  • Ядролық жарылыс көрінісі;

  • Ауаның ластану зардабы (Н.Өркешбаев тағдыры)

  • Арал және Каспий теңіздері

  • Жергілікті жердегі «НБК» Арайлым кәсіпорының ауаны ластауы

арқылы экологиялық апат зардаптарын көзбен көргендей етіп жеткізе отырып, табиғатты қорғамаса нәтижесінде не болатынын…

«Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады» ( Гете)

Ақындар табиғатты анаға теңеген, өйткені, жер-тіршілік көзі, өмір бастауы.Табиғат түп қазығың, ырысың, бар байлығын алдыңа тарту етеді.Тек оған зияныңды тигізбей мәпелеп өзіңе керегіңді ала біл!

Сұрақ: Табиғат тазалығын сақтауда адам рөлі қандай?

Көне үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» аңыз ертегісі оқылады.

Көне үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» аңызы

Ерте кезде бір патшалық мол байлықта өмір сүрген.Оның тұрғындарының да байлығы күннен күнге таси берген.Бір кездерде олар табиғат анадан қол үзе бастаған,тәкапарлық пайда болған.Табиғаттың даналық заңдарын елемеуге шығып,ойына келгенін істеген.Ойланбастан-ақ жануарлар мен өсімдіктерді қуратып,құнарлы жерді аздырып,тоздырған, ең ақыры өзендердің ағысын басқа жаққа бұрған.Найзағай мен түн қараңғысын бағындырып,аспанның биігіне бүркіттен де ары ұшқан.Бірақ осы байлықтың, шат өмірдің көзі табиғат байлығы екенін патшасынан бастап жеке тұрғындарына дейін бірде біреуінің ойына келе қоймаған.Бірде ойламаған жерден аспаннан қанаты жоқ қарақұрым құстар қаптап кетіп,оларды бас салған.Тоғыз күндей патшалықтың қалаларын от пен судың тасқыныменқиратып, төңірегіндегілердің бәрін жойып жіберген.

Оқушылар өз пікірлерін жинақтап,ортаға салып,нәтижесінде:

  • Ядролық қаруларды сынауға жол бермеу!

  • Ауаны таза ұстап, жасыл желек отырғызу, күтіп баптау.

  • Суды, су қоймаларын тазартып ластанбауына бақылау жасау.

  • Жануар мен өсімдіктерді қорғау шараларын ұйымдастыру.

  • Әр жеке адам санитарлық - гигиеналық ережелерді қатаң сақтау.

Қосымша: Көпшіліктің экологиялық сауатсыздығын жою және экологиялық білім беруді, ақпараттандыруды күшейту деген жауаптар берді.

Адам еңбегімен табиғатты аялауға өз үлесін қоса алады. (Тақтада әсем

табиғат көрінісі,суретке қарап оқушының ой толғауы әнмен жалғасады.)

Сұрақ:Жергілікті жерімізде табиғатты қорғауға қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?

Оқушылар жауабы: «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес ауылымызды көркейту мақсатында су жағалауында жасыл желекті саябақтың отырғызылуы, өз мектебімізде«Таңшолпан»тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына «Тәуелсіздік саябағының» қосқан үлесі, «Экоклуб» үйірмесінің жұмысы,сыныптардағы бөлме гүлдерінің түрлерінің көбеюі мысал бола алады.Олай болса, адамзаттың басты міндеті - табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

М.Мақатаев

№262 мектеп-гимназия



Табиғатты аялайық!

(6сыныптар арасында экологиялық кеш)

Пән мұғалімі:Санкаева Ж











Арал қаласы

2014жыл

© 2010-2022