Сабақтың тақырыбы: Онтогенез-организмдердің жеке дамуы (11 сынып)

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңғарбаева Салтанат Реджепқызы

Ақтау қаласы.

№21 орта мектептің биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Онтогенез организмдердің жеке дамуы.


Сабақтың мақсаты :


Танымдық : Организмнің қалыптасуы,дамуы ,оның сатылары , маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық : Оқушылардың онтогенез, жеке тұлғалық қасиеттер туралы дүниетанымын кеңейту.


Тәрбиелік : Өз бетінше тұжырым,қортынды жасауға,еркін жауапқа қатуға үйрету.Өз денсаулығын күтіп салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Табиғатты сүюге,оны қорғауға баулу.

Оқыту нәтижесі :
1.Онтогенез туралы ұғымды меңгеру.
2.Онтогенездің кезеңдері,оның жеке ағзаның дамуындағы маңыздылығын түсіну.
3.Жыныстық жетілу ,жеке ағзалардың көбеюі,содан кейін қартаю және тіршіліктің тоқтау процесстері табиғаттың өзгермес заңдылығы екенін ұғыну.
Негізгі идея :

Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп өсіріп,
Өзімді - өзім дегізген.
(Шәкәрім)


Проблемалы сұрақ:
Онтогенез - бұл жеке тірі ағзаның дамуы.

Қамтылған модульдер:

1.АКТ қолдану.
2.СТО-ды диалогтық тұрғыдан дамыту.
3.Оқыту және оқудағы түрлі әдіс тәсілдер.
4.Оқыту үшін және оқуды бағалау.
5.Көш басшылық .
6.Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
7.Дарынды балаларды іздеу.

Тапсырма көздері :
Оқулық.Интернет желісінен алынған бейне көрсетілімдер.Сурет сызбалар.Қосымша дайындалған материалдар.Ұрықтың дамуы (бейнекөрсетілім).

Сабақ барысы.

1.Топқа бөлу (түрлі-түсті фишкаларды пайдалану арқылы .)
2.Сергіту сәті.
3.Өтілген тақырыпты еске түсіру.


Миға шабуыл.
"Тез шапшаң" ойыны.
Сәйкестігін тап.


Митоз

  1. Интерфаза

  2. Редукциялы бөліну

  3. Қосарланған жіпшелер сатысы

  4. Дене жасушаларының бөлінуі

  5. Кроссинговер

  6. Кариокинез

  7. Синтез алдындағы кезең

  8. Бөлінген жасуша ядросында гаплоидты хромосома жиынтығы сақталады

Жынысты көбею

  1. Бүршіктену

  2. Гаметалар

  3. Телу

  4. Зигота

  5. Спора

  6. Овогенез

  7. Вегетативті

  8. Партеногенез

Мейоз

  1. Эквационды бөліну

  2. Жіңішкерген жіпшелер сатысы

  3. Дене жасушаларының бөлінуі

  4. Коньюгация

  5. Жыныс жасуларының бөлінуі

  6. Синтез кезеңі

  7. Бөлінген жасуша ядросында диплоидты хромосома жиынтығы сақталады

  8. Бөлінген жасуша ядросында

гаплоидты хромосома жиынтығы сақталады

Ұрықтану

  1. М.С Навашин

  2. Спора

  3. Интерфаза

  4. Гаметалар

  5. Бүршіктену

  6. Полиспермия

  7. Моноспермия

  8. Зигота

Жаңа тақырып.

1.Ой қозғау .Бейнекөрсетілім. Ұрықтың дамуы.


2.Мағынаны тану
a) тақырыпқа қысқа шолу (слайд)
б) топтық тапсырмалар беру
тақырып мәтінін бөлу.


3. Ой толғаныс.
Өз тақырыптарын постер арқылы қорғау.

Жаңа сабақтың жүргізілу барысы.
1. Бейнекөрсетілім.
Демек,Бейнекөрсетілімнен болжағандарыңыздай бүгінгі тақырып Онтогенез - организмнің жеке дамуы.
2.Мағынаны тану бөлімінде тақырып мазмұнына қысқа шолу жасалады.Әрбір топқа тақырып мәтіні бөліп беріледі.
I топ
Онтогенез түсінігі.Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер.
II топ
Бір қабатты ұрық - бластуланың түзілуі.
Үш қабатты ұрықтың пайда болуы.Гаструла.
III топ
Нейрула.Жеке мүшелердің дамуы.
IV топ
Постэмбриондық даму.Қартаю.

Әрбір топтың тақырыбы өзара талқыланып болған соң мазмұны сұралады.

3.Ой толғаныс .Топтық тапсырмаларды қорғау.


I топ
Топтастыру.Эмбриология.
Венн диаграммасы.Эмбриондық даму
Постэмбриондық даму.

II топ
Ойлау үшбұрышы.Маслоу пирамидасы.
Эмбриондық даму кезеңінің үш сатысы.
III топ
Класстер.Ассосация.
Нейрула.Үш қабаттан дене мүшелерінің дамып жетілуі.
IV топ
Венн диаграммасы
Тура даму.Түрленіп дамуы.

Қорытынды

Бағалау түрі.
1.Топ басшысының топ мүшелерін критериалды бағалау бетшесі бойынша бағалауы.
2.Мұғалімнің топ басшысын бағалауы.




Үйге тапсырма : 37,38 тақырыптарды оқу.Онтогонез - организмдердің жеке дамуы тақырыбына қосымша материалдар дайындап әкелу.

© 2010-2022