Разработка по биологии на тему СПИД

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СПИД-ғасыр дерті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өсіп келе жатқан жасөспірімдерге СПИД ауруының адам өміріне қаншалықты зиян екенін түсіндіру, бұл ауру туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: оқытудың интерактивті әдістері арқылы оқушыларға ой тастау, сол арқылы әр оқушының жеке пікір, көзқарас білдіруіне жол ашып, сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. СПИД ауруын қалайша жұқтырмау және одан қалай қорғану жолдарын үйрете отырып, қауіпсіз тәртіпке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың жүрісі:

1 Ұйымдастыру. Балалармен сәлемдесу. Содан соң оларға «Әрқашан осылай аман жүріңдер» деген сөз айту. Мұғалімнен соң балалар бір-біріне жылы лебізді сөз айтып, жымияды.

2 Жоспармен таныстыру

3. Жүргізуші: «Аурудың емін іздегенше ауырмаудың жолын ізде»деп атамыз қазақ айтқандай, СПИД ауруымен ауырмау үшін, оның алдын алу шараларын білуіміз қажет.

Ешкім маскүнем, шылымқор, нашақор болып немесе СПИД ауруымен ауру болып туылмайды. Ондайлар кезінде жаман әдеттердің зияны туралы ескертілмегендіктен, қолды қақпағандықтан болады. Осының дәлелі ретінде «Денсаулық» тобының орындауында «Ақырын жүріп анық бас» атты поэтикалық қойылымды тамашалаңыздар

*Ақырын жүріп,анық бас* поэтикалық қойылым.

Сахнаға басы төмен салбырап, мұңлы жігіт шығады.

Жүргізуші: Ей,жас жігіт

Жан едің сен гүл жүзді.

Солып қапсын тынышынды кім бұзды?

Жігіт: Өмір қатал,

Көңіліне қарай ма?

Душар болдым қайғыға

Енді арылу оңай ма?

Жүргізуші: Не деп кеттің?

Қандай қайғы айтқаның.

Қане отырда түсіндіріп айт бәрін?

Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым

Денсаулықтың барлық алтын, асылын

Пенделіктің орманында тонаттым.

Жастайымнан құлы болдым қайтейін,

*Наша*менен *Арақтың*,

Көрдей қара тұман жапқан көңілін

Наша үшін қиған жастар өмірін

Ең сорлы жан мен боламын

Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім

Жүргузуші: Жоқ,сабыр ет,

Әттең өзін жанбай жатып

Жақын тұрсың сөнуге

Пенделікті шалғайға атып

Тағдырыңмен қол ұстасып көруге,

Жетер ме екен батылың

Сені терең ойға тартар,

Бір әңгімеге шертейін

Тыңда қане жарқыным,

Жігіт: Тыңдап тұрмын айтыңыз

Жүргізуші: Сонау ерте заманда

*Дерт*деген үлкен қамалға

Сырқат атты азулы хан басшы болыпты.

Қатерлі жау адамға

Хан тағына талас екен

Кәрілік те, енжарлық та,

Темекі мен арақ та,

Қатерлі де қатігезсіз Сырқаттың,

Айбарынан сескеніпті бірақ та,

Дүниені Жаулап алу арманы

Хан Сырқатты қолы жетпей қалғаны,

Бір күн халқын жинады да

Сөз бастады байыппен

Сахнаға жүзі суық, қаһарлы Сырқат хан шығады.

Сырхат хан : Уа,халайық

Өз елімнің абыройына,

Қорғанысы,ақыл-ойын,

Қайтсем «биік көтеремін» деп ойлаймын

Бірі болса бірігейі

Хандығыма түбегейлі,

Жаңа өзгеріс енгізуге, белді мықтап байладым

Көп толғанып ойға келдім мынандай

Хандығымның төрт тағандап

Тұруы үшін құламай,

Бар әлемді жаулау керек

Кенде емеспіз күштен де,

Тағдыр біздің даңқымызды

Әлде келте пішкен бе?

Енжарлық Алдияр хан! Қоя тұрғын әлемді жаулап алуды,

Саулық ханның әскері бар қарулы.

Адамдар да аяусыз күреспенен

Жойып салар жаныңды

(Секіріп күліп,сахнаға арақ шығады)

Арақ: Тоқта,тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар, шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-данқы, қолы жеткен мансабы

Себепсіз құр мен алдымен адамдарды жаулаймын.

Осы арқылы мен алдыменен адамдарды жаулаймын

Ақырындап уақыт өте әлемді де қараймын.

(Әдемі киінген темекі жан-жағына жымия күліп келеді)

Темекі: Уа,тақсырым!

Маған сен.

Барлық адам өмірін,

Көк түтінге улатып,

Тәнін жаулап алам мен!

Хан ызаланып : Тағы кім бар?!

Наша: Мына мен бар!

Уа,халайық,қараңдар.

Көз көрмейтін сиқырым бар,

Еліктірер адамды.

Осы өнермен әп-сәтте-ақ,

Жаулап алам ғаламды!

Сырқат хан: Өзің маған ұнап қалдың,

Пері екенсің талапты.

Таң азанмен жолға шыққын,

Қосып берем темекі мен арақты.

Ал,туғандар.

Енді үкім тыңдаңдар!

Серік қосып жіберейік нашаны,

Денесіне еніп алса адамның

Саулық өзі-ақ қашады.

Жүргізуші: Ертесінде жолға шықты үш пері,

Дүниені төңкерердей күштері.

Үш күн,үш түн шарлаған соң ғаламды.

Айналасы бау-бақшаға малынған

Ақ сарай тұр мәрмәр тастан салынған.

Бұл сарайда тұрады екен адамдар

Ашық жүзді жібек шапан жамылған.

Енді үшеуі жақындады сарайға,

Жеңу керек осы өңірді қалай да.

Аралады сарай ішін армансыз,

Ешкім көңіл аудармады,алайда

Кезіккенге тиісті олар еріксіз.

Арақ: Ей адамзат, неге жүрсің серіксіз?

Наша: Танысайық, жақындашы сен бізге.

Жігіт: Бұрын көрген секілдімін бір жерден

Кімсің өзің,жүзің неге түнерген?

Арақ: Бұрын көргем дейсің бе?

Қатал сезім шекпеніне оралған

Білем сенің жүрегіңде налаң бар.

Менің даңқым көп тараған кең жерде

Ізім жатыр, қырқаларда, белдерде.

Мен-Шараппын, жаза бассаң, сүрінсең,

Шақырмай ақ жетіп келем сендерге

Темекі:Жас өмірің атқан кезде болып таң

Талай-талай бірге жүрдің серік боп,

Сонан кейін бір күні әкең өлгенде

Наша қалмай меніменен еріп кеп,

Түнеп алдық сенің балғын кеуденде.

Наша: Иә,мұнан кейін бір күннен соң бір күннен

Есігіңді жиі қағып тұрдым мен

Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым

Кей күндері бірге жүрген досыңның

Баянсызын сезінгенде жолықтым.

Жігіт Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым ғой сендерден

Дәрігердің көмегімен ұзақ уақыт емделгем

Ал, Бүгін ше, бүгін неге келдің сен

Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білсем,

(Сахнаға Саулық хан шығады)

Жүргізуші: Айналаға асыл нұры шашылып,

Жетіп келді Саулық хан да асығып,

Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері

ЖАН-ЖАҒЫНА ҚАРАМАЙ ҚАШЫП КЕТТІ ШАШЫРАП.

Саулық хан ашуланып:

Ей, ақымақ, ақымақ

Жақын болма жаманға

Жалыныңды сөндіріп,

Жастығынды күйдіріп

Сезіміңді қорлатасың оларға.

Жігіт: Алдияр хан

Денсаулықтың басшысы

Жан-тәніңді өз қолыңа беремін

Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы

Айтқаныңа көнемін

Саулық хан (жылы жүзбен):

Жан екенсің жүрегіңнен жалын от лаулаған

Жарқыным-ау, кешірім ет, мен сенің,

Назарыңды басқа жаққа аударсам.

Ал,сен енді қарсы алуға әзірлен

Сен қадірлер қасиетін барлығын,

Осы араға шақырамын барлығын.

(Бір-екі адым кейін шегініп,бар дауысымен)

Достық, немен сұлусың сен өмірде?

Достық тау қойыныан жаңғырып естіледі,

Көтере алсам қайыспай уақыт сынымен

Сәулеттімін,сұлумын,бақытымын

Саулық хан: Спорт сенің адамнан тілегің не?

Спорт: мен үшін денесі болсын таза

Қандай пәле болса да өзім жазам.

Саулық хан:

Талап қайда жүрсің,сен қазір,көрінбейсің мақтаным!

Дау-жанжалдың арасынан іздеп сені таппадым.

Талап:

Оған барсам естілмейді,талаптының сазды үні,

Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі.

Бір жеткіншек кезекті де келбетіне бақ күлген

Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен.

Саулық хан:Ақыл! ақыл!

Қайдасың сен неге ала алмайсың бір тыным

Ұзақ түндер неге сенің айқаспайды кірпігің

Ақыл:Алдиярхан!
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?

Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.

Тыныштықты күзетемін жамандықтан еліңді

Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңде.

Саулық хан адамға қарап

Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,

Кезің келсе қоғам жүгің арқалар

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,

Айта алмаймын ертеңіңе сенем деп.

Ана сүті арамдыққа суарса,

Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.

Темекіден түтін сорсаң улайсың

Өзің-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.

Ақылды болсаң жас жігіт

Саулықтың сөзін тыңдайсың.

Жүргізуші: Хан осылай деді де, кете барды жөніне,

Жігіт қалды ойланып, шамшырақ боп еліне

Осы айтқам әңгімем

Ойға салар сені де

Тек жүзінді төмен салма

Нашақорға жақын болма

Тек көзіңді жасауратпа?

Сенің көзің заман үшін бағалы

Сенің әнің асқақ шықса Қоғам даңқы жоғары.

4. Жүргізуші: Темекінің түтінін бір ғана сорып көрсем, анашаның дәмін бір татып көрсем, шарапты бір ұрттап көрсем не болар екен, менің басқалардан қай жерім кем?- деген сұрақтардан жаман әдеттерге қызығу және әуестену басталады.

Жаман әдеттер: нашақорлық, маскүнемдік, шылымқорлық - СПИД-ке апаратын жол.

Сырқат хан мен Саулық ханның жанындағы серіктері бірге шығып, оқушылар өлеңдерін оқиды:

1 Оқушы:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сау да.

«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да

Денің сау да күштісің бұл әлемде,

Денің сау да сұлусың жер бетіне

Сол мықты денсаулықтың арасында

Жеңерсің ауыр заман тәлкегінде

2-оқушы:

Денің сау жетерсің арманға

Жоспарлап алға қойған мақсаттың

Бар қызық, рақатың,жарығын да,

Сақта халқым,денсаулық Алла берген,

Оң болсын десең егер тірлігің,

Ал, тірлікте болашағың бала деген,

Сақтағын денсаулығын сәбиінің

3-оқушы:

Сақта халқым,саулығын аналардың,

Болсын десең дені сау ұрпақтарың,

Денсаулық-шексіз бақыт,халқым менің,

Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа,

Қолда бар да біл оның қасиетті,

Күтіп,баптап,аяла әр уақытта,

Ауру десе алаңдап асығасың.

Ақ ниет арманың басылмасын.

Өмір, өлім таласып айқасқанда

Жапа шеккен жандардың қасындасың.

5. Спид туралы мәліметтер:

Бүкіл әлемге жан шошытарлықтай көлеммен таралып келе жатқан СПИД індетінің біздің Қазақстанда да етек жайып келе жатқаны байқалып отыр. Осыған байланысты ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық жалпы орта білім беру мекемелерінде аталған мәселенің алдын алу шаралары жүргізілуде. СПИД-ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
1. Біреуге қан құйса
2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
4. Жыныстық қатынас
5. Жұқтырған ананың баласына
Спидтің белгілері;
1. Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күре тамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады. Бездер ісіп, іріңдейді.
СПИДтің соңғы сатысы-өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
1.Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
2.Тамақты бір ыдыстан ішкенде
3.бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
4.Ауа, су, ойыншық арқылы
5.Жәндіктер шаққанда
6.Есік, машина тұтқасын ұстағанда
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
СПИДке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек Сақтансаң сақ боласың дегендей, әр адам өзінің арын таза ұстаса бұл ауруға жоламайды.

Мына кеңестерді естеріңізге сақтаңыздар:
- спортпен шұғылдану керек!

- таза ауада көп жүру керек!

4.Интерактивті тақтадан «Деректер, мерзімдер, оқиғалар» экранда көрсетіледі.

1983 жыл. Мерзімдер, деректер, оқиғалар. Люк Монтанье және Роберт Галло соңында АҚТҚ деп аталған, бір-біріне тәуелсіз қоздырғыш ашады.

1987 жыл. ЖҚТБ бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауқымды бағдарлама бекітті. Қазақстанда алғаш рет АҚТҚ мен жұқпаланған адамдар тіркелген.

1988 жыл. Желтоқсанның бірі күні Дүниежүзілік ЖҚТБ мен күрес күні деп аталды.

1994 жыл. Қазақстанда ЖҚТБ ауруларын алдын алу туралы заң қабылданды.

1998 жыл. Женевада ғылымдағы алға басуға қарамастан, миллиондаған ЖҚТБ-дан дәрі-дәрмектердің қымбаттылығы және қол жетпейтіндігінен өлетіні мойындалған ЖҚТБ бойынша 22-ші халықаралық конференция өтті.

1999 жыл. Қазақстанның Білім және Ғылым министрлігі 31 қаңтарда №12 «Қазақстан Республикасының оқу орындарында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша сабақтар енгізу туралы» бұйрығына қол қойылды.

2001 жыл. Маусымның 25-27 жұлдызында Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясының АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша арнайы сессиясы өтті.

14 қыркүйекте Қазақстан республикасында «АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің алдын алудағы 2002-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы» №1207 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілді.

2002 жыл. Барселон қаласында ЖҚТБ бойынша 14 Халықаралық конференция өтті.

2003 жыл. Қазақстан АҚТҚ/ЖҚТБ індетін және және оның салдарын жеңу бағдарламасын жүзеге асыруға ғаламдық қорынан 22,36 млн. АҚШ доллары көлемінде жәрдем қаржы алды.

5.Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көрелік:

« Пікір дұрыс па бұрыс па?»

1.ЖҚТҚ мен ауырған адамды құшақтау қауіпті.

А) дұрыс. Ә) дұрыс емес.

2. Қоғамдық әжетханада ЖҚТҚ-ны жұқтыруға болады.

А) Дұрыс емес. Ә) Дұрыс.

3.ЖҚТҚ-мен ауырған адамнан қалған бутербродты жеу арқылы ЖҚТҚ-ны жұқтыру мүмкін емес.

А) дұрыс емес. Ә) Дұрыс.

4. Егер ЖҚТҚ-мен ауырған адам сізге қарап түшкірсе, жөтелсе ЖҚТҚ-ны жұқтыруға болады.

А) Дұрыс емес. Ә) Дұрыс

АҚТҚ жұқтыру қаупінің дәрежесі

Жоғары қауіп

Қауіп төмен дәрежеде

Қауіп жоқ

Бетінен сүю

+

Жалпы ыдысты пайдалану

+

Жалпы дәретхананы пайдалану

+

Жөтелу, түшкіру

+

Бөтен адамның тіс щеткасын пайдалану

+

Бассейнде жүзу

+

Қырыну үшін бөтен адамның лезвиесін пайдалану

+

Денеге инемен сурет салғанда залалсыздандырылмаған инструменттерді пайдалану

+

Шприцтер мен инелерді бірлесіп пайдалану

+

Тексерілмеген қанды құю

+

Жәндіктердің шағуы

+

АҚТҚ-жұқтырған адам дайындаған тағамды қолдану

+

5. Ситуациялық жағдайларды шешу.

1. Сіздің қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

2. Сіз -жігітсіз. Досыңыздың туған күнінде Сізге бірінші рет есірткі татып көруді ұсынды. Сіз не сезіндіңіз? Сіз не ойлайсыз? Сіз не істейсіз?

3. Сіздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Оның АҚТҚ-жұқтырғанын біліп қалдыңыз. Сіз не сезіндіңіз, ойладыңыз, не істейсіз?

6. «СПИД-тен өзіңді қорға» көрініс.

7.СПИД туралы өлең оқу.

СПИД -ғасыр обасы, қаупі бар адамға,

Проблема болып тұр бүкіл біздің ғаламда.

Сақтаныңдар дертінен қауіпті бұл обаның,

Өзің үшін, басқа үшін әрқашанда алаңда.

Қайғы жұтар мұңаяр адамдар көп бұл дерттен,

Қызығы мол өмірден, көпті көрмей тез кеткен.

СПИД-пенен ауырып, қиналғандар қаншама?

Қалай ғана шыдаймыз сұмдық еді бұл неткен?

Бірімізді-біріміз сыйлап өтсек өмірден,

Кірбің түспес көңілге, күлкі кетпес езуден.

Қарсы тұрсақ бірігіп обасына ғасырдың,

Жарқын өмір кешеміз! Жасқанамыз біз неден?

СПИД жайлы адамдар біліміңді толықтыр,

СПИД деген біздің басты проблема болып тұр.

Өз-өзіңді сақтандырсаң, қаупінен бұл дерттің,

Күтіп тұр сені болашақта шуақ шашқан жарық күн!

5. Ситуациялық жағдайларды шешу.

1. Сіздің қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

2. Сіз -жігітсіз. Досыңыздың туған күнінде Сізге бірінші рет есірткі татып көруді ұсынды. Сіз не сезіндіңіз? Сіз не ойлайсыз? Сіз не істейсіз?

3. Сіздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Оның АҚТҚ-жұқтырғанын біліп қалдыңыз. Сіз не сезіндіңіз, ойладыңыз, не істейсіз?

6. Жағдаяттарды қорытындылау

7. «Қуыршақ адам» ойыны. Мақсаты: Адамның өзін-өзі басқаруда біреуге тәуелді болу кезіндегі сезімінің жай-күйін бағдарлау.

Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Әр үштікке тапсырма беріледі. Бір ойыншы қуыршақ, қалған екеуі қуыршақты ойнатушы болады. Әр үштікке екі орындық, арақашықтығы 1,5-2 м. қойылады. Қуыршақ ойнатушылардың мақсаты қуыршақты бір орындықтан екінші орындыққа апару, бұл кезде әр қуыршақ еш қарсыласпай бағынышты болуы тиіс. Қуыршақ рөлінде әрбір қатысушы ойнағаны дұрыс.

Қорытынды. Қатысушылардың қуыршақ рөлін ойнағанда сезімдерінің қандай күйде болғанын білу және ол оларға ұнады ма?

8. Шараны бекітіп қорытындылау. Үндеу!

Оқушылардың кеудесіне тағып тұрған қызыл лента ол Бүкіл Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы ұйымдардың «Ынтымақтастық символы» бейнеленген белгі.

Жас ұрпақ!

Ерсі қылық, жаман әдеттерден аулақ болып, өзіңді -өзің ұстай білуге дағдылануың керек. Көптеген аурулардың шығуына кінәлі табиғат, қоғам емес - адамның өзі. Адам көп жағдайда жалқаулық пен сараңдықтан, кейде ойсыздықтан ауруға шалдығады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасының басты мұраты халық, халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берем» - деген екен.

Адам болу, ел болудың жолы да,

Оңай емес ойлау керек оны да.

Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмай,

Бақыт құсын қондыру да қолыңда- деп бүгінгі шарамызды аяқтағым келеді.

























© 2010-2022