Оқытудағы «Кембридждік оқыту» тәсілінің тиімділігі

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытудағы «Кембридждік оқыту» тәсілінің тиімділігі

Ақтау қаласындағы №5 мектептің биология-география пәні мұғалімі Каденова Бақытжан Жаншиевна

«Баланың ынтасын арттыру үшін

оқытылатын нәрседен бір жаңалық болу керек»

Ж.Аймауытов

Қaзіргі кезде білім беру cаласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын, құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде. Барлық ұстаздар қауымы интеллектуалды жастарды қалыптастыруда әрбір оқушының ерекше қабілеттерiн дамытып, өздігінен ізденуге бағыт-бағдар беруде, дені cау, шығармашыл, адамгеpшілік қасиеті мол, терең білімді тұлға қалыптастыpу бағытында жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі басты мақсат болып қойылған.

Мұғалiмдердің кәсiби дамуы деген сөзiнiң өзiнде үлкен мән жатыр, өскелең ұрпаққа саналы бiлiм беру үшін мұғалімдер өзiнің білiмін үздiксіз көтерiп отырулары керек. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген В.А.Сухомлинскийдің ұлағатты сөзiн басшылыққа алып, мен Алматы қаласында өткен екінші деңгей білiктілікті арттыру курсында оқып,өз білімімді жетілдірдім. Мен үшін екінші деңгей бағдарламасының тиімді жақтары өте көп болды. Атап айтсақ :

-Барлық сабақта 7 модуль идеясының бірнешеуін қолдануға болатындығы,

-Әріптестермен тәжірибе алмасудың қолайлылығы,

-Іс-тәжірибені таратуға мүмкіндіктің мол болуы,(семинар,коучинг,тренинг,мастер класс)

-«Lesson Study» әдісінің тиімділігі,

-Тәлімгерлік ету арқылы тәжірибесі аз ұстаздарға үйрету мүмкіншілігінің көптігі.

II деңгей бағдарламасын оқығаннан кейін, Кембридж тәсілінің басты мәселесі -мұғалімдердің оқытуға деген көзқарасын өзгерту екендігін түсіндім. Іс-тәжірибемде көптеген жаңа өзгерістер бастау алды. Мен үнемі өзі-өзімді жетілдіріп, әрбір іс-әрекетіме сыни тұрғысынан қарай бастадым.Сабақ процесін оқушының білімді алуға мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру керек екендігін, қазіргі сабақта оқушыға білімді өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері шегінде,өзі алуға мүмкіндік беру қажеттігін,білім беру емес,тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастырып, оқушыны өмірге дайындау керектігін түсіндім.Білім беру жүйесін қалыпқа келтіру, жаңашылдыққа,шынайылыққа бет бұру,оқушыны еркіндік,дербестік,тәуекелшілдік тұрғысында оқыту-заман талабы болып табылады.

Ол үшін сабақ беру процесіне жаңаша көзқарас қалыптастыруға тырыстым. Сондықтан, Шульманның «бас,қол,жүрек» деп аталатын «үш көмекші» ілімін өзіме негіз етіп алдым.

«Бас»-оқыту мен оқу,жеткілікті білімнің болуы,тәжірибені түсіну, дамыту, қолдану,

«Қол»-оқытуды іске асыру,түзету,бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын,әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуді талап етеді,

«Жүрек»-ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстану.

Осы қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болатынына сенемін және осы қасиеттерді ұстанамын. Жаңа идeяны iскe aсыру үшін өз мeктeбiмдe өзгeрiс eнгiзудe әрiптeстeрiммен жүргiзiлeтін жұмысты ойлaстырдым,оны жоспaрлaдым. Әрiптeстeрiмдi оқыту мен оқудaғы осы Кeмбридждік жетi модуль aясындaғы әдiс-тәсiлдeрiнiң тиiмдiлiгiн мойындaтa отырып, көзқaрaстaрын өзгeртe aламын дeп ойлaймын, сeбeбі коучинг сaбaғынан кeйiн оқытушылaр мeнiмен aқылдaсып, жaңaша әдiс- тәсiлдердi сaбaқтaрындa қолдaну тиiмдiлiгiн түсiне бaстaды. Жeтi модуль бойыншa жұмыс жaсaп, оның элeмeнттeрiн жүйeлi түрдe сaбaқтaрынa eнгiзугe болaтындықтaрын түсiнe отырып, осы бaғдaрлaмa тәсiлiмен жұмыс жaсaудың қaжeттiлiгiнe көз жeткiздi. Мeн коучинг сaбaқтaрын жүргiзу бaрысында жоғaры бiлiмдi шығaрмaшыл тұлғaны жaңa тәсiлдeрдi қолдaнып оқытудa жәнe олaрдың оқыту тәжiрибeлeрiнe тиiмдi тәсiлдeрдi eнгiзу барысында үлкен жaуaпкершiлiктi сeзiндiм. Оқыту кeзiнде өзiмнiң идеялaрым мен тәжiрибeмдi бaрынша тиiмдi пaйдaлaнуды көздeдім.

Екінші деңгей бағдарламасының мақсаттарының бірі - өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру арқылы оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлау, ал бағдарламаның жеті модулі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру үдерісіндегі тәлімгерлік ету- міндетінің бірі болып табылады.

7 модуль идеяларын басшылыққа ала отырып, биология пәнінен «Зәр түзілу механизмі» тақырыбында сабақ өткіздім.

Мақсатым: Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынас дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру».

Күтілетін нәтиже:

  • Топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

  • Ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

  • Ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

  • Мектеп ортасында жеке тұлғаны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызылады.

  • АКТ-мен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады

  • Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

  • Бағалауға машықтанады.

Бағдарламаның қай модулін алсақта күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу кeрек екендiгін үйрeнiп, соның нәтижeсiнде eркiн, өзiндік дәлел-уәждeрiн нанымды жеткізe алатын, ынталы, сенімдi, сыни пiкір-көзқaрастары жүйелi дамыған және сaндық технологиялaрды тиiмді пайдаланa алатын білікті тұлға рeтiнде қалыптасуын көздейді. Тақырыпты өту барысында қарапайымнан күрделіге қарай берілген мұғалім-оқушы арасында диалогті әңгімелесу түрі көрініс тапты:

- Қарапайымдарда зәр шығару қалай жүреді?

- Көпжасушалы жәндіктерде зәр шығару не арқылы реттеледі?

- Омыртқалы жануарлардың зәр шығару мүшелерінің күрделенуін немен түсіндірер едің?- Зат алмасу өнімдерін сыртқа шығарудың маңызы қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақ Блум таксономиясы бойынша жүргізілді.

Білу: Берілген сурет бойынша сыртқа шығару жүйесі мүшелерінің атауын жазды.

Түсіну: Зәрдің түзілуі және шығарылуы механизмін,бүйрек пен қуық жұмысының рефлекстік реттелуін оқып, бір - біріне түсіндіру арқылы ынтымақтастықта жұмыс жасады. Тіл байлығын арттырды, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

Қолдану: «Сәйкестігін келтір» кестесімен, «нефронның құрылысы» суретімен жұмыс жасай отырып, оқыған тақырыбы бойынша түсінгенін қолдана білді.

Талдау: Зәр түзілу процесінің кезеңдеріндегі 1-ші, 2-ші реттік зәрдің құрамын салыстырып, Венн диаграммасына салып, талдау жасады.

Топтау: Синквейн әдісін қолдану арқылы 5 жолды өлең шығарып,сыни тұрғыдан ойланды (топтық жұмыс) СТО бағдарламасының стратегияларының барлығының дерлік тиімділік жақтары бар екені анық. Менің өз іс-тәжірибемде «СИНКВЕЙН» стратегиясының жақсы жақтарының оқушы дамуында көрініс тапқандығына көз жеткіздім.Синквейн - рефлексияның шығармашылық түрі. Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөзбен жеткізу қабілеті - үлкен шеберлік. Ол түсініктік қорға негізделген зерделі рефлексияны қажет етеді. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады.

Бағалау: «Бүйрек- адамның ең кішкентай, әрі нәзік, әрі ең маңызды мүшесі»осы тақырыпта нені бағалар едің? Деген сұраққа оқушылар төмендегідей қорытынды бағалауын айтты.

- Бүйрек - қан құрамын улы заттардан тазартып, ағзадағы суды сыртқа шығарады. Күніне 200 литр қанды сүзгіден өткізеді.

- Бүйрек - қан қысымын реттеп отырады.

- Бүйрек істен шықса, улы заттар адам денесіне таралып, уланады.

- Бүйрек - істен шықса адам диализдік құрылғыға таңылады, яғни ол бүйрек қызметін атқарып, адам қанын тазалап, өзіне қайта құяды. Оның соңы бүйректі ауыстыруға әкеп соғады.

Оқушылар осы тақырып бойынша қандай деңгейде екендігін Рефлексия жазу арқылы білдірді. Бағалау критерийі бойынша топтар өз жұмыстарын бағалады.

Сабақ жоспарын Блум таксономиясы бойынша ойлаудың алты деңгейіне сәйкес құрудың маңызы зор. Сонымен бірге сабақта мүмкіндігінше ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыратындығына, топтық жұмыстың сабаққа қатысу белсенділігін жоғарылататындығына және бағалау түрлерін әр қилы жүргізудің тиімділігіне ықпал етеді. Оқуды табысты ұйымдастырудың бір тетігі - ол оқушыны зерттеу, әрбір оқушының өз ерекшелігін аша білу, сол арқылы оқушыны дамыту. Сөзімді Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру - үйреншікті емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзімен қорытындылағым келеді. Яғни, бұл алда тағы да үздіксіз әрі жүйелі зерттеу жүргізу,іздену керек деген ой туғызады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші(негізгі) деңгей.Үшінші басылым.2012.

2. Биология және адам. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2012.

3. «Биология»Қазақстан мектебінде.2012

4.Жайтапова А.Ә., Исаева З.Ә., Тихомирова В.С. «Кәсіби тұрғыдан өсіру мақсатында оқыту үлгілері»

5. Орақова А.Ш. Интерактивтік модульдік оқыту технологиясы (2011 ж.)

6.»Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте»Республикалық ғылыми әдістемелік,педагогикалық журнал(2013 ж)



© 2010-2022