Баяндама Оқыту стратегиясын тиімді жоспарлай білу

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің кәсіби дамуы - бідім беру жүйесін жаңартудың негізі.

Қарқынды дамып келе жатқан қазіргі қоғам қазіргі өскелең ұрпаққа жаңашыл талаптарды көптеп қояды. Жаһандану, білім жүйесінің біртіндеп өзгеруі, өмірдің шапшаң ырғағы бүгінгі таңда жеке тұлғаның жаңа қасиеттерінің дамуын талап етеді. Сондықтан, бүгінгі таңда білім берудің сапасын жақсартуға септігін тигізетін әдістердің, жұмыс түрінің және оқыту стратегияларының түрлері орасан зор. Біздің алдымызға қоятын мақсатымыз -солардың ішінен сабақта нақты, тиімді педагогикалық міндеттерді шеше алатын, ең қолайлысын таңда алып және оларды тәжірибе жүзінде пайдаланып, нәтижесін көру. Менің жұмысымның негізгі мақсаты-өз тәжірибемде биология пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегияларының тиімділігін көрсету.

Оқыту стратегияларын таңдау кезінде, ең алдымен, өзім үшін олардың қолданылу критерийлерін айқындап аламын.

  1. Білімнің тиімді игерілуіне көмектесе ме?

  2. Оқыту барысында белсенділік етуге септігін тигізе ме?

  3. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым -қатынасты жақсарта ала ма?

  4. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыта ала ма?

Мен ең алдымен сабақ бастамас бұрын, психологиялық ахуал туғызуды жөн көремін. Оқушылардың көңілін көтеріп, назарын сабаққа аударып, жұмысқа ынталандыру мақсатында сергіту сәттерінің де тиімді екенін аңғардым. Жаңа тақырыпты игеру кезінде «Тек бір минут», «Кластерлер», «Екі қатарлы дөңгелек үстел», «Фишбоун» әдістер өте тиімді болып саналады. Нәтижесінде оқушылар аталмыш сабақта ең маңыздысы әр ақпаратты жинау, талдау және жинақтау, тыңдағандарына және көргендеріне сын тұрғысынан қарау, зерделенетін мәселеге өз қатынасын қалыптастыру деген саналы ұғынуға келеді. Жүргізілген жұмыстың рефлексивті талдауы жұмысымыздың барлық кезеңдерінде ұшырасады, бірақ «Екі қатарлы дөңгелек үстел» стратегиясын қолдану кезеңінде рефлексия оқушылар іс-әрекетінің негізгі мақсатына айналады. Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ «ішкі» шеңберді, ал екінші топ «сыртқы» шеңберді құрайды. «Ішкі» шеңберді құраған оқушылар проблема бойынша өз ойларын еркін білдіреді. Бұл жерде сабақтан алған ақпаратты алуға болады. «Сыртқы» шеңбердің оқушыларының пікірі бойынша, «ішкі» шеңбер оқушыларының маңызды ой пікірлерін тіркейді, дәлелді түсініктемелерін дайындайды, оң сәттерді белгілеп алады және өз тілектерін жазады. Мұғалім тек жұмыс үйлестіруші ретінде қатысады. Ол тікелей үдеріске қатыспайды, тек айтылған проблемаларды, түрлі көзқарастарды ескереді. Жұмысты қорытындылаған кезде мұғалім қатысушылардан ауызша немесе жазбаша түрде тұжырымдар қалыптастыруды өтінеді, содан кейін өз ескертпелерін ұсынады. Нәтижесінде, бұл түрі оқушының танымдық белсенділік құралына айналады. Сын тұрғысына ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Сабақта қолданылатын барлық стратегиялар логикалық тұрғыда өзара байланыста болуы керек. Бір сызықта тұрып, өзара бірін бірі толықтырып отыруы тиіс. Түрлі әдістерді, жұмыс түрлері мен оқыту стратегияларын сәтті ұштастыра білудің түпкілікті нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарының дамуына, жаңа білімнің тиімді игерілуіне және алған ақпаратты сын тұрғысынан ойластыруға септігін тигізеді.

© 2010-2022