Биология пәні бойынша Сексеуіл тақырыбында сабақ жоспары

Атырау қаласы, Дамбы селосы Амангелді атындағы орта мектеп Биология-экология пәні мұғалімі Утегалиева Болганай СалыховнаТақырыбы: Сексеуіл. Мақсаты: 1.Оқушыларға сексеуіл өсімдігі туралы түсінік беру; 2. Сексеуілдің табиғаттағы пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Семантикалық карта, Венн диаграммасы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру. 3. Өсімдіктерді, сексеуілді қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сексеуіл - алабота тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Сексеуіл - түр...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, Дамбы селосы

Амангелді атындағы орта мектеп

Биология-экология пәні мұғалімі

Утегалиева Болганай Салыховна

Тақырыбы: Сексеуіл.

Мақсаты:

1.Оқушыларға сексеуіл өсімдігі туралы түсінік беру;

2. Сексеуілдің табиғаттағы пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Семантикалық карта, Венн диаграммасы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру.

3. Өсімдіктерді, сексеуілді қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сексеуіл - алабота тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Сексеуіл - түрік сөзі, қазақшаға айдарғанда «аттың құйрығы» деген мағына береді. Ауа райы құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иелген бұтақтары шынымен де аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Орта Азия мен Араб елдерінде 10-ға жуық түрі бар. Соның үшеуі Қазақстанда өседі.

1. Ақ сексеуіл

2. Қара сексеуіл

3. Зайсан сексеуілі

Сексеуілдің құпиясы

Сексеуілдің құпиясы мынада:
Ыстық жерде өсуіне байланысты кәдімгі жасыл жапырақтың қызметін бір жас бұтағы атқарады. Сөйтіп күннің ыстығында жапырақсыз өсуіне бейімделіп алған. Басқа өсімдіктер сияқты гүлдейді, ұсақ реңсіз гүлдері біржылдық бұтаққа сағақсыз орналасқан. Сексеуіл - құмды шөлдің қорғаны болған, ол құмды бекітіп ұстап тұрады. Дүлей соққан желден құм көштерін тоқтатады.

Биология пәні бойынша Сексеуіл тақырыбында сабақ жоспары.

Ілгеріде ата-бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе тамырын үйдің үсіне шығарып қояды екен. Үлкендердің сөзіне қарағанда, бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімділікті білдеретін көрінеді.

Биология пәні бойынша Сексеуіл тақырыбында сабақ жоспары.

Қорытынды

Сексеуіл тұқымын қорғап қалу мәселесіне байланысты 23.08.2002 жылғы № 942 «Алқаптарда сексеуілді қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы қабылданды. Әзірге қолда барды бағалап, сексеуіл алқаптарын браконьерлерден қорғауды күшейтіп, табиғи өсіміне жағдай жасау.

Үйге тапсырма:

Мазмұндау

Реферат жазу



© 2010-2022