Гендердің өзара әрекеттесуі. (10 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Гендердің өзара әрекеттесуіСабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі белгілердің тұқым қуалауы туралы білім беру.2.Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейте отырып, генетикалық есептер шығаруға машыөтандыру.3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.Сабақ типі: аралас сабақ.Сабақ әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, әңгімелеу, семантикалық карта, тест.Сабақ көрнекілігі: 1.Интерактивті тақта 2.Элек...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Гендердің өзара әрекеттесуі

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі белгілердің тұқым қуалауы туралы білім беру.

2.Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейте отырып, генетикалық есептер шығаруға машыөтандыру.

3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, әңгімелеу, семантикалық карта, тест.

Сабақ көрнекілігі: 1.Интерактивті тақта 2.Электрондық оқулық

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру:.

2.Үй тапсырмасын тексеру: А) «Миға шабуыл» кезеңі.

  1. Моногибридті будандастыру дегеніміз не? Мендель тәжірибесі.

  2. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?

  3. Одан туындайтын Г.Мендель заңы қандай?

  4. Пеннет торы дегеніміз не?

  5. Полигибридті будандастыру дегеніміз не?

  6. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз не?

  7. Пластидтік және митохондриялық тұқым қуалау деп нені атаймыз?

  8. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашқан кім?

  9. Генетикалық карталар дененіміз не?

  10. Тіркестік топтар дегеніміз не?

В) Сызбаны сөйлет.

ІІІ. Жаңа тақырып. Гендердің өзара әрекеттесуі.



Комплементарлы жағдайда доминантты гендер бір генотипте болса (AaBb; ААВВ), олар бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Ал гендер әр генотипте (ААbb және ааВВ) жеке болатын болса, жаңа белгінің түзілуі жүрмейді. Сонымен гендердің комплементарлық әсері деп өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгінің дамуын қамтамасыз ететін доминантты гендердің әсерін айтады. Бұл құбылыс өсімдіктер мен жануарларда жиі кездеседі.

Эпистаз. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір геннің әсерінен екінші ген тұншығады. Мысалы, А>В және В>А; а>В немесе b>А, т.б. Осындай құбылыс эпистаз деп аталады. Тұншықтырушы гендерді супрессор немесе басытқы (ингибитор) деп атайды. Оны S немесе I әрпімен белгілейді. Эпистаз екі типке белінеді: доминантты және рецессивті.

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір ген екінші геннің көріну әсерін басады. Оны эпистаз деп атайды.

Полимерия. Қандай да болсын бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендерді полимерлі гендер деп атайды. Ал бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысын полимерия дейді. Мысалы, генотипі А1А1А2А2 - қою қызыл дәнді; А1А1А2а2 - қызыл дәнді; А1А1а2а2 - қызғылт дәнді; А1а1а2а2 - солғын қызыл; а1а1а2а2 - бірде-бір доминантты гені болмаса бидай дәнінің түсі ақ болады.

Полимерия құбылысын 1909 жылы швед генетигі әрі селекционері Н.Г.Нильсон-Эле ашты.

Адамның қан топтары көптік аллельділікке жатады.

ҮІ .Жаңа сабақты пысықтау. А) Семантикалық карта.

эпистаз

комплементарлы

полимерия

Гендердің көпжақты әсері

бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысын

\

Гендердің көп жақты әсері деп бір геннің бір белгінің дамуына ғана емес, бір мезгілде бірнеше белгінің фенотиптік көрінуіне әсерін айтады

\

өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгінің дамуын қамтамасыз ететін доминантты гендердің әсерін айтады

\

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір геннің әсерінен екінші ген тұншығады. Оны ........ деп атайды.

\



В) Есептер шығару. №1 .

Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін , гүлі сарымен будандастырғанда , бірінші ұрпақта барлық гүлі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда , белгілер екінші ұрпақта ажыраған. 169 жасыл гүл, 64 күлгін, 67сары, және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды.

№2. Жемісі ақ түсті екі асқабақ өсімдігін өзара будандастырғанда , екінші ұрпақта 67 өсімдік ақ жемісті, 19 сары және 6 өсімдік жасыл жемісті болған . ата анасының және өсімдіктердің генотипін анықта.

№12 . Егер негр қыз A1A1A2A2 ақшыл жігітке a1a1a2a2 тұрмысқа шықса , олардың болашақ балаларының қаншасы негр, мулат, ақ түсті болады.

Егер екі мулат A1a1A2a2 үйленсе олардың балалары қандай болмақ?

№ 2, 4, 6, 10 есептерді шығару. Есептер жинағы. №45 бет.

5.Үйге тапсырма: . Гендердің өзара әрекеттесуі. 11 есеп. 72 бет.



© 2010-2022