Сыныптан тыс іс - шара Биологиялық турнир

Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: биология

Күні 26.11.15.

Сабақтың тақырыбы

Биологиялық турнир

Мақсаты

Жаңа технология элементтерін пайдаланып оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін қолдануға, өз ойларын дұрыс жеткізуге, көшбасшылыққа ұмтылдыру.

Жұмыс нәтижесі

Биология пәнінен алған білімдерін қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды, өз ойын еркін айтуға, нақты жеткізуге дағдыланады, көшбасшылыққа ұмтылады.

Ресурстар

Интерактивті тақта, компьютер, activot құрылғысы, ұялы телефон, бейнежазба, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар, логикалық ойындар

Қолданылған модульдер

Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқытуда АКТ-ны пайдалану, Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың өтілу уақыты

30 минут

Қатысушылар

8 - 9 сынып оқушылары, ойыншылардың жинаған ұпай сандарын есептеуші оқушы

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдас

тыру кезеңі

5 мин








«Ойлы болсаң, озып көр» тест тапсырмалары

(5 мин)

Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал тудыру. «Сәлемдесу түрлері»

  • Армысыздар сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Биологиялық турнир» атты 8 - 9 - сынып оқушылары арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Жақсы адам көңілі - күн,

Жанға сәуле түсірген.

Нашар адам көңілі - түн,

Кеудеден отты өшірген.

Талпын жақсы болуға,

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп, өнер тап,

Түнді күндей ашатын, - деп бүгінгі сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар.

Сайысты бастамас бұрын, ойыншыларымызға әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасын таныстырып өтейін.

Облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің әдіскері

Алтын Молдажанқызы

Б.Бөлтірікова атындағы №4 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Айша Асылханқызы

  • Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

  1. «Ойлы болсаң, озып көр»

II. «Мықты болсаң, тауып көр»

IІІ. «Биологиялық пошта»

ІV. Шешуші кезең - «Бір сұрақ - бір жауап» (бейнесұрақ)

І - кезең. Бұл кезеңде алдын ала дайындалған тест сұрақтары қойылады. Қатысушылар activot құрылғыларын пайдаланып жауап береді.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

1.Жалпақ құрттарды сипаттайтын негізгі белгінің бірі қайсы?

А. Эктодерманың болуы В. Целомның болуы

С. Паренхима түріндегі мезодерманың болуы

2. Саңырауқұлақтың вегетативтік дамуы ненің көмегі арқылы іске асырылады?

А. Зооспора В. Жемісті денесінің бөлігі арқылы

С. Мицелла, бүршіктену және хламидоспора арқылы

3. Үтір тәрізді формалы бактериялар қалай аталады?

А. Спирилла В. Вибрион С. Бацилла

4. Қосмекенділердің омыртқа жотасының мойын бөлігінде неше омыртқа болады?

А. 1 В. 7 С. 8

5. Даму сатысында дернәсілі болмайтын жалпақ құрттар

А. Ақ планария В. Сиыр цепені С. Бауыр сорғыш

6. Түйе жантағы қай тұқымдасқа жатады?

А. Алқа тұқымдасы В. Астық тұқымдасы

С. Бұршақ тұқымдасы

7. Медузаның полиптердің ұрпақтарынан айырмашылығы қандай?

А. Отырықшы форма В. Еркін тіршілік етуші форма С. Колониальды - шоғырлас форма

Егер ұпай сандары тең түскен оқушылар болса, қосымша сұрақтар беріледі.

Мысалы: 1.Үйректұмсық құстар класына жата ма әлде сүтқоректілер класына ма?

2. Құйымшақта жұлын бола ма?

Оқушылар сабаққа дайындалады.




Әр оқушы өзін таныстырып өтеді.

Әділ - қазылар алқасымен, сайыс кезеңдерімен танысады.




activot құрылғыларын пайдалана отырып, жауап береді.

Дұрыс жауаптары:

1 - С

2 - С

3 - В

4 - А

5 - А

6 - С

7 - В




Қосымша сұрақтар жауабы:

Үйректұмсық сүтқоректі жануар.

Жоқ, жұлын І- ші бел омыртқаның тұсында аяқталады.

«Мықты болсаң, тауып көр» деңгейлік тапсырмалар

(8 мин)

ІІ - кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» ұяшықтарды таңдау, деңгейлік тапсырмалар. Бұл кезеңде де ұпай саны аз тағы екі оқушы ойыннан шығады.

Ботаника 10, 20, 30

10 - Теңіз орамжапырағы тағамдық өсімдіктер болып табылатын крестгүлділер тұқымдастарының туысына жата ма?

20 - картоп пен топинамбурдың жерасты өркені күн сәулесінен жасыл түске өзгереді. Ал нарғызгүлдің (георгин) жерасты мүшесі өзгермейтін себебі неде?

30 - қара бидай гүлдеген кезде ауа райының желсіз болуы астықтың түсімін төмендетеді, ал бидайға мұндай ауа райының әсері болмайды. Неліктен?

Зоология 10, 20, 30

10 - «тірі табиғат ескерткіші» деп аталатын жорғалаушыны атаңыз. Ол қандай отрядқа жатады?

20 - «мені тап» бейнежазбадан үзінді

30 - Ақ дегелектер балапанын неге өлтіреді?

Анатомия 10, 20, 30

10 - Шылым шегетін адамның қанын сорған сүлік өліп қалады. Неге?

20 - Мен «емші элементпін». Жарақат болған жерді жазып, залаласыздандырамын. Мен ақыл - ойдың дұрыс дамуына, жадының керемет қалыптасуына жәрдем беремін.

30 - Атақты американдық экономист А.Смит осы зат туралы былай деген екен: «Бұл заттың қажеттілігі соншалықты, онсыз өмір сүру мүмкін емес және ол өте арзан, ал өмірге соншалықты пайда келтірмейтін алмаз өте қымбат бағаланады» Бұл қандай зат?

Ұяшықтарды таңдап, жауап береді.

Ботаника

10 - Теңіз орамжапырағы - ламинария деп аталатын балдыр, ол төменгі сатыдағы өсімдіктер патшалығына, қоңыр балдырлар бөліміне жатады.

20 - картоп пен топинамбурда түрі өзгерген жер асты өркені болады, ал нарғызгүлде түрөзгерген тамыр.

30 - себебі, қара бидай желмен тозаңданады, ал бидай өздігінен тозаңданады.

Зоология

10 - гаттерия, тұмсық бастылар отрядына жатады.

20 - суыртқы, жұмыр құрттар типіне жатады.

30 - Ақ дегелектер жұмыртқадан шыққан әлсіз, ауру балапандарын, жылы жаққа ұшқан кезде кедергі келтірмеу үшін лақтырып тастайды.

Анатомия

10 - шылым шегетін адамның қанында никотин болады.

20 - І элементі

30 - су

Сергіту сәті

2 мин

Көз жітілігін дамытуға арналған жаттығулар

Мұғаліммен бірге жаттығулар жасайды

«Биологиялық пошта» логикалық ойындар

5 мин

ІІІ - кезең. WhatsApp арқылы ұялы телефондарына тапсырма жіберіледі. Бұл кезеңде алдыңғы кезеңдерде алған ұпай сандарыңыз түгелдей жойылады. Сұраққа бірінші дұрыс жауап берген екі оқушы келесі айналымға жолдама алады.

№1 хат. 5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз?

№2 хат. Коллекцияда қоңыздар мен кенелер жинақтамасы теңдей берілген. Олардың барлығының аяқтарының саны 336. Кенелердің саны қанша?

№1хат. 1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен қосып алады.

№2 хат. 336 : (6 + 8)= 24 кене

Бейнесұрақ

«Бір сұрақ - бір жауап»

5 мин

ІV - кезең. Сіздерге бейнесұрақты қоятын

10 сынып оқушысы Нұрқұл Әнел.

Оқушылар сұраққа ойланып, жауап береді.

Сіз білесіз бе? айдары

2 мин

Осы кезеңді пайдалана отырып, көрермендердің де таным қабілетін байқап көрейік. Бейнежазба көрсете отырып, Әлемде адам айтқысыз сасық иісті және керемет дәмді бір ғана жеміс бар. Жергілікті тұрғындар бұл жемісті - «сырты тозақ, іші жұмақ» дейді. Ғажайып, бірақ парадоксальды бұл жеміс жасартушы әсер беретін, иммунитетті нығайтатын, афродизиака қасиетіне ие. Оны жемістер патшасы дейді. Бұл қандай жеміс?

Бейнежазбаны бақылап көреді, сұраққа жауап береді.

Қорытынды:

3 мин

Кері байланыс. «Альпинист»

Сайыстың қорытындысын шығару.

Заман қанша қиын - қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Үздік биолог танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Жеңімпаздарды мадақтау, марапаттау.

Сонымен бүгінгі «Биологиялық турнир» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңіздер, - деп тілек білдіреміз.

Сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жазып суретке іледі.

Жеңімпаз оқушылар мадақталады.





© 2010-2022