Открытый урок Сайыс сабак

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән- биология. Дәстүрлі емес сабақ. 8 -сынып.

Тақырыбы «Күш білімде»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ой - өрісін, белсенділік қабілеттерін қызығушылықтарын арттыру.
2. Дамытушылық: өз ойларын еркін биологиялық тілмен жеткізе білу, ойлау, есте сақтау , танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, бәсекелестікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.

Әдіс- тәсілдер. Сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта.


«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»

Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Күш білімде» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Біздің бүгінгі сайысымыз ІІ топтан, V кезеңнен тұрады.

І топ--- « Алғырлар»

ІІ топ --- «Күштілер»

Психологиялық даярлық. Әрбір топ өз атауындағы сөздің әріптерінен басталатын адамның жақсы қасиеттерін сипаттайтын сөздерді ойлап тауып, айту.



І - кезең « Кім жылдам.»
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бойынша жауап береді.
1-топ. --- «Алғырлар»

  1. Ұсақ қан тамырлар жарақаттанғанда кезде қан кету неше минутта тоқтайды-3-4 минут.

  2. Ауаны жұтқыншақтан кеңірдікке өткізетін муше-көмей.

  3. Көзге жарықты өткізетін көз алмасының қабығы---қасаң қабық.

  4. Жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсететін ми бөлімі---ортаңғы ми

  5. Бейорганикалық заттарға нелер жатады--- су, минералды тұздар.

  6. Тілдің ұшымен қандай дәмді сезесін--- тәттіні.

  7. Адам қаңқасында сүйектер саны---200-ден аса.

  8. Өңештің ұзындығы-25 см.

  9. Тыныштық күйде адам минутына қанаш тыныс алу қозғалыстарын жасайды.---- 16- 18.

ІІ- топ. «Күштілер»



  1. Қанға қызыл түс беретін нәруыз--- гемоглобин.

  2. Ересек адамның жүрегінің массасы---250-300 гр.

  3. Өңештің алдында орналасқан түтік тәрізді мүше---кеңірдек.

  4. Нейрон қандай жүйенің жасушасы---- жүйке жүйесінің.

  5. Тамақ ішуді ,дененің тұрақты температурасын реттейтін ми бөлімі- аралық ми.

  6. Тілдің артқы бөлігімен қандай дәмді сезесін--- ащыны.

  7. Тыныштық күйде жүрек минутына қанша рет жиырылады-60-70 рет.

  8. Ересек адам миының орташа массасы--- 1300-1400 гр.

  9. Асқорыту жолының ұзындығы---8-10 м

  10. Бауырда жинақталатын көмірсулар қоры қалай аталады-гликоген.

ІІ кезең « Ойлы болсаң өзіп көр.»

Суреттермен жұмыс . құрылысын жазу.

  1. топ .Адамның қайқа сүйектерінінің суретін беру , құрылысын жаздыру.



  1. топ. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

ІІІ- кезең «Өзіңді тексер» топта отырған әрбір оқушыға беріледі.

Сұрақтар Жауаптары.

1.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал.

1.Ащыны.

2.Қан қысымын өлшейтін құрал

2.иілгіш, созылғыш.

3. Тілдің ұшымен сезесін

3.спирометрия

4.Тілдің түбімен сезесін

4.нейрондар

5.Бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді.

5. 5-7

6.Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді.

6. тәттіні

7. Жүйке жасушаларын не деп атайды

7. 5

8.Ағзадағы қан мөлшері.

8.қаттылық, беріктік

9. Асқазанға неше литр тамақ сыяды

9.Тонометр.

10.Ащы ішектің ұзындығы.

10. 3

1-3. 2- 9, 3-6, 4- 1, 5- 8, 6- 2, 7- 4, 8- 5. 9- 5, 10-5.

Іү- кезең. «Кім көп біледі».

Адам туралы қызықты фактілер айту.

.-Адамның өмір бойы өсірген шашы шамамен 725 шақырым болады.

- Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.

-. Адам ДНК-сында 80 000-дай ген болады.

-. Адамның әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі.-

-Адам жүрегінің көлемі оның жұдырығындай болады.

- Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 кг болады.

- Адам миында бір секундта 100 000 химиялық реакция өтеді.

- Адам миында туғанынан 14 миллиардтай жасуша болады екен .

- Қолдағы тырнақ аяқтағымен салыстырғанда 4 есе жылдам шығады.

-- Бар өмірінде адам терісі 1000 рет ауысады.

- Ересек адам денесінде 75 км жүйке талшығы бар.

Ү - кезең. «Ойна , ойла» (Логикалық тапсырмалар)

1. Қанның түсі неге қызыл.( Эритроциттерде қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады.

2. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді)

3. Адамдар неге есінейді. ( организмге көбірек оттегі қажет болатындықтан, есіней бастайды. Есінеу қосымша терең тыныс алуды тудырады. Есінеу кезінде миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еттері қимылдап, адамды сергітеді. Ми көп жұмыс істегендіктен ондағы жүйке жүйелері бірден қарсылық танытып, есінеу арқылы мидың демалуына жағдай жасайды. Ауа жетіспегендіктен немесе орта ыстық болғандықтан да адам есінеуі мүмкін. Есінеу мидың ары қарай жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп қана қоймай, жүйкені тыныштандырады.

4. Адам баласы тамақсыз бір апта өмір сүре алады, ал сусыз - тек үш-ақ күн шыдауы мүмкін (осы мерзімде адам денесіндегі судың 10 пайызы жоғалады. Адам организмінің басым бөлігі судан құралған.

5.Иіс газымен ұзақ уақыт тыныс алғанда адам неліктен өліп кетеді. тыныс алғанда қандағы гемоглобинмен оттекке қарағанда иіс газы берік байланыс түзіп оттектің организмге келуін қыиындатады.

Сабақты қорытындылау. Әділқазылар алқасы пән мұғалімімен бірігіп сайысты қорытындылады. Жеңімпаз топты марапаттау.

.















© 2010-2022