Конспект сабақ жүрек қан тамыр аурулар

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 30,01,2016

Сыныбы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары

Мақсаты:

Оқушыларға Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары мен олардың ерекшеліктері, Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары және олардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың қанайналым жүйесі туралы білімдерін толықтыру, дүниетанымдығын арттыру..Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

  • Оқушылар арасынан биология ғылымына қызығушы, талапты оқушыны анықтап,оларды ізденуге , алғырлыққа ,тапқырлыққа баулу;

  • Курстың мақсаты мен бағдарлама құрылымымен танысады;

  • Өз бетімен және топтық жұмыс арқылы сыни ойлауға дағдыланады.

  • Шығармашылық ізденіске талпынады.

Әдіс-тәсілдер:

диалогтық оқыту, әдісі бойынша топтық жұмыс, сыни ойлау, жеке шығармашылық жұмыс, мәтінмен, ақпарат құралдарымен жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру:

Оқушылардың қатысын тексеру.

«жүрек» құрылысы бойынша оқушыларды топқа бөлу:

стикерлер таратылады. Оқушылар ішінен өзіне ұнағанын таңдап алады. Бірдей түстілері бар оқушылар бір топқа біріктіріледі.

Оқушылар таңдаған суреттер бойынша топқа бірігеді.

Жүрек туралы видео


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ағаш ексең терлеп,

Мұның аты - еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты - еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек

Тренинг

Естігенін есте сақтау қабілетін дамыту

1 минут ішінде 9 сөзді есте сақтау

"Ер дәулеті еңбек" үй тапсырмасын сұрау

«Білгенге маржан»

1.Жүрек қайда орналасқан?

2.Қантамырлар нешеге бөлінеді?

3.Жүректің салмағы қанша?

4.Жүрек неше қабаттан тұрады?

5.Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?

6.Жүректі емдейтін маман дәрігер кім?

7.Қанның артериялық қысымы деген не?

Конспект сабақ жүрек қан тамыр аурулар

І- есеп

Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 5литр қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта қанша мөлшерде қан айдайды?

ІІ- есеп.

Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70рет жиырылатын болса,1 сағатта қанша рет соғады?

Миға шабуыл

1.Артериялық қысым қай кезде ең жоғары болады?

А)жүрекше жиырылғандаВ)қарынша жиырылғандаС)қарынша босаңсығандаД)жалпы босаңсығанда

2.Қан қысымы қайсысында жоғары?А)артериядаВ)қолқадаС)капиллярдаД)артериолада

3.Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығын көрсетіңдерА)0,5м/сВ)0,25 м/сС)0,50 м/сД)0,5мм/с

4.Тамырдың соғуы дегеніміз не?

А)жүрекшелердің ырғақты жиырылуыВ)артерия қабырғасының ырғақты тербелісі

С)Қанның венамен қозғалуыД)артериялық қысым1)В2(А3)Д4)В

Жаңа тақырып бойынша іскерлік білік- дағдыларын дамыту:

Жаңа тақырыпқа байланысты презентациялар көмегімен дәріс түрінде оқушыларға қысқаша мағлұмат беріледі:

Дәрісті мұқият тыңдайды.

  • Мәліметтерді талдауға қатысады.

тақырыптық презентациялар

"Білгенге маржан"

  • Гипертония-қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі

  • Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы

  • Атеросклероз - қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің бұылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы.

  • Жүрек ақаулығы -жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар

Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары

Капиллярлық қан кетуде жарақаттан қан тамшылап ағады.

алғашқы көмек көрсеткенде,жарақатты иодтыңспирттегі ерітіндісімен өңдеп,таза дәке таңғышын салып,орап тастау керек.

Веналық қан кету қызыл қою түсті қан (құрамында көмірққышқыл газымен

байланысқан гемоглобиннің мөлшері көп болғандықтан) ағатын веналар

зақымданғанда болады.Аяқ-қол зақымданған жағдайда оларға қан жүруді

азайту үшін көтеріп ұстау керек.Егер қысатын таңғыш көмектеспесе ,

онда міндетті түрде дәрігерге апару керек.Ірі веналардың зақымдануы өте қауіпті

және көп қан кетуі мүмкін.Оларға ауа кірсе,өкпе тамырлары бітеліп,мүшелер

мен ұлпаларға оттектің түсуі бұзылуы мүмкін.

Адам өмірінде артериялық қан кету едәуір қауіпті болып саналады,себебі бұл кездекөп қан кетеді.Артериялық қан кету ашық ал қызыл түсті (қан құрамында оксигемоглобин болуына байланысты) қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшеленеді.Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып,жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып,жгутпен қысу керек.Егер жгут дұрыс салынса, онда қан тоқтайды.қан кетуді сондай-ақ аяқ-қолды барынша бүгіп тоқтатуға болады .Бұл кезде бүгілетін жерге дәкені немесе матаны жұмырлап салып, аяқ-қолды қатты бүгіп,осы күйінде сақтайды.

Бағдаршам кабинеті "Ауырып ем іздегенше..."Сергіту сәтіШАРТЫ:

Артериялық қан кету болса - сол қол көтеру.

Веналық қан кету болса - оң қол көтеру.

Капиллярлық қан кету болса - денені бұру.

  • Ал қызыл қан ағады

  • Қою қызыл түсті қан ағады

  • Қан шапшып ағады

  • Жарақаттанған жердің айналасы қанайды

  • Жгут салу қажет емес

  • Терінің беткі қабаты жарақаттанса

  • Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек

1-топ Жарақаттанған адамның оң жақ иығынан қатты қан кетіп жатыр, қанның түсі алқызыл.

Қан кету түрін анықтап оны тоқтату жолын көрсетіңдер.

2-топЗақымдаушының басы жарылған.Бассүйегі зақымданбаған. Қан қатты ағып жатыр. Зақымданушыға көмек көрсет

3-топБаланың тізесі жарақаттанған.

Қан тамшылап ағуда. Зақымданған жері ластанған. Қан кеті түрін анықтап, алғашқы көмек шараларын жасаКонспект сабақ жүрек қан тамыр аурулар

"Оқу түбі тоқу" үйге тапсырма

Операциялық-орындаушылық кезең

  1. Оқушыларға топ бойынша үй жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді.

  1. Жеке жұмысқа арналған тапсырма :

сұрақтар бойынша тест тапсырмалары беріледі

  1. .

  1. Тест тапсырмаларына жауап береді.

  1. Бірін-бірі тексереді

Оқушылардың презентац иялары, фотосуреттер.

Тест тапсырмалары

Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

сәтті,сәтсіз тұстарым

- түсінген жоқпын;

- әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

- барлығы түсінікті.

Оқушылар рефлексия


Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа қажетті дайындап келуді тапсыру.

Интернет және қосымша әдебиеттер көмегімен суреттер, мәліметтер жинайды. Презентациялар дайындайды.

Мультимедиялық құрылғы



© 2010-2022