7 сынып қосмекенділер классы

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классы7 сынып қосмекенділер классыКүні


Пәні; Биология

Сынып

7


Сабақтың тақырыбы

Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Сілтеме

Оқулық, әдістемелік нұсқаулық, қосымша мәліметтер.

Сабақтың мақсаты

Қосмекенділер класы және олардың отрядтары туралы ұғым қалыптасады Олардың сан алуандығын салыстырып саралайды.Топтық жұмыс істеуге дағдыланады. Табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға үйренеді.

Оқыту нәтижесі

Қосмекенділер класына тән белгілер туралы мағлұмат алады.

Әрбір отрядына тән ерекшелігін сипаттайды.

Қазақстанда кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енген түрлеріне назар аударады.

Түйінді идеялары

1.Көру арқылы қабылданған және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту,өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпал етеді.

2.Бір - бірімен пікірлесуі, ашық диалогке қатысулары балалардың өз идеясын толық сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтың көрнекілігі


Қосмекенділердің ылғалды препараты, қаңқасы,суреттері, слайдтар .

Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру

2- мин

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу

Сәлемдеседі, сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындайды

Оқушылар тыңдайды,өз топтарына барып отырады.

II.Қызығушылығын ояту.

3- мин









Үй тапсырмасын сұрау

10 - мин






"Ой қозғау" Шаттық шеңберіне тұрып; Менің көңіл- күйім көктемнің күніндей шуақты, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай? Өте жақсы. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі топқа бөлініп, топ бойынша жұмыс істейміз.

Сол тұрған күйлерінде 1,2,3.4 сандарын айтқызу арқылы 4- топқа бөлем.

Әрбір топтың алдына топ ережесін қоямын.( 1,7 - модуль)

Ереже:

Бір - біріміздің пікірімізді тыңдаймыз.

Әрқайсымыз өз идеямызды қосамыз

Тақырып жайлы ғана сөйлесеміз

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар беру( 1,2, 3 - модуль )

I- топ. Сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді жазыңыз;

Бір орыннан екінші орынға қоныс аударатын балықтарды .......... балықтар деп атайды.

Асыл тұқымды будан балық ....... деп аталады.

Қазақстанның Қызыл кітабына( 2010 жыл ) мынандай бекіре балықтары тіркелген; ........ Қазақстандағы ...... өзені бекіре балықтарының отаны деп аталады.

2-топ Сөйлемдегі дұрыс жауапты көрсетіңіз;

А. Саусаққанатты балықтарға жататын балық ;

- табан, бекіре, акула, латимерия, жұп балық.

Ә.Тасбекірелер қандай класс тармағына жатады?

- сәулеқанатты, саусаққанатты, шеміршекті - сүйекті, қостынысты.

3- топ.Сөйлемде қалып қойған сөзді тауып жазыңыз.

Сүйекті балықтарда ерекше мүше ...... болады. Іші ауаға толы торсылдақ ....... ........ ...... ішектен бөлінеді.Торсылдақ кейбір балықтарда ...... ......, ...... ....... шығаруға қатысады.

4-топ .Сөйлемде қалып қойған сөздерді тауып жазыңыз.

Сүйекті балықтарда да .... ....., екі ...... ..... өзек болады.Оларда ..... ... зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - ....... пайда болған.Есту мүшесі де тек ..... ....... тұрады.Алдыңғы ... - шағын, екі .... ....... бөлінбеген. ...... ми мен ....... көлемі үлкендеу.

Тапсырма

мен танысады.

Топ бойынша жұмыс істейді.

Оқушылардың іс - әрекетін қадағалайды





.


Балықтың қаңқасына, ылғалды препаратына, алуан түрлі сүйекті балықтардың суретіне қарай отырып нақтылауға арналған сұрақтарға топ болып жұмыс жасап өз ойларын айтады.

III.Мағананы тану

18- мин


Жаңа сабақ ( ой түрткі)

Ең алғаш құрлыққа тіршілік етуге бейімделген қандай омыртқалы жануар ? (сұрақтың астында қомекенділердің суретін жасырып қоямын)


Оқушылар тақырыпты айтқанан кейін, бүгінгі сабақтың мақсатын өздері қояды.



1- тапсырма. ( 1,2,3 - модуль)

1 -топ. Неліктен класс қосмекенділер деп аталған? Құйрықсыздар отрядына сипаттама.

2-топ. Аяқсыз қосмекенділер отрядына сипаттама.

Асқорыту, тыныс алу,қанайналым шеңберлеріжүйесіндегі ерекшеліктері.

3- топ. Жүйке жүйесі, сезім мүшелері, зәр шығару жүйесі және көбею әрекеттеріне тән ерекшеліктерін көрсету.

4-топ.Қосмекенділер қаңқасында қандай ерекшелігі бар?Құйрықты қосмекенділер отядына сипаттама.

Берілген тапсырма бойынша топпен бірлесе отырып ойларын флипчартқа түсіреді..

( Топтық әңгіме)

Топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес өздеріне берілген әдісті қолдана отырып жұмыс жасайды.

.


2- тапсырма. (2- модуль)

"Жұппен жұмыс"

1- жұп.

а) Қосмекенділер - алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануар.

ә) Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады.

б) Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған.

2- жұп

а). Алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған, оны өкпелік шеңбер деп атайды.

ә) Алдыңғы миы шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген.

б) Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған.

1. Үш ұйғарым жазу керек,оның біреуі жалған болуы тиіс

2.Өз ұйғарымын басқа жұпқа беру керек.

3. Екінші жұп ұйғарымды оқидыда, қайсысы дұрыс емес екенін талқылайды.

Жауапта тыңдалып талқыланады.

IV.Қорытынды-

лау

5- мин

4- тапсырма. ( 1, 2- модуль )

Венн диаграммасы" сүйекті балықтар мен қосмекенділерді салыстыру(. дәптерге орындайды

"Ой толғау"

Қосмекенділердің табиғаттағы, адам өміріндегі, ғылымда, медицинада маңызы туралы әңгіме құрастыру

Осы кезде жалпы қомекенділер жайлы таныстырылымды қоямын. АКТ -ны пайдалану: Электронды оқулық .

Әрқайсысы өз бетінше жазады Жұп болып бірінің жұмысын бірі тексереді.



V.Бағалау

3- мин




Бағалау парағы ( 3- модуль)

Критерий

бойынша

ұпайлар


Баға





"5"





"4"





"3"







Оқушылар сабақ барысында жинаған өз фишкалары бойынша есептеп бағаларын біліп отырады

Мұғалім және оқушылар біріге отырып жинаған фишкалары бойынша талқылап бағалайды.

VI.Үйге тапсырма

2- мин

Қосмекенділер жайлы қызықты мәліметтер, қосымша материалдар.

Қосымша мәліметтерді ақпараттық технолгия арқылы немесе кітап арқылы іздеп табуға дағдыланады.

Өздеріне қосымша мәлімет жинақтау арқылы білімі шыңдалады,шығарма

шылық жұмыс істеуге талпынады.

Рефлексия

2- мин

Мен нені білемін ? ( 1,2,3 - модуль ) Мен нені білгім келеді?

Мен нені білдім

Таратылған парақшаларға жауап жазады..







Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылардың дене құрлысы және тіршілік әрекеті.

Сабақтың мақсаттары: Жорғалаушылар класының отрядтары өкілдері туралы түсінік қалыптасады.Қоректенуі, жүйке жүйесі, қанайналым жүйесі, сезім мүшелері туралы білімдерін толықтырады.Жорғалаушылардың адам өміріндегі пайдасы мен зиянын ажырата отырып, оларды қорғауды және олардан қорғануды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: Қосмекенділермен салыстыру арқылы жорғалаушыларға тән негізгі белгілерге көңіл аударады.Қазақстанда кездесетін түрлерімен және қорғауды қажет ететін түрлерімен танысып салыстыра сипаттауға дағдыланады.

Түйінді идеялар: Қосымша сұрақтар, деректер іздеу арқылы ой - өрістері, есте сақтау қабілеттері, сөздік қорлары, тіл байлықтары дамиды.

Сабақ барысы

1 ) Ұйымдастыру ( 5 мин) ( сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:Топтық ереже әрбір сабақ сайын сақталуы керек екенін ескертемін. Шаттық шеңберіне тұрып есімінің бас әрпіне байланысты тілек айттырамын. Мысалы, алғыр - Азамат, әдепті - Әсем т.б. Жақсы көретін түстеріне байланысты топқа бөлемін.Жасыл - тұмсықбастылар, қызыл - қабыршақтылар, сары - тасбақалар, көк - крокодилдер. ( 1,7 -модуль )

2 ) Үйге берілген тапсырманы сұрау( 10 мин )

1- тапсырма " Қызығушылығын ояту "

"Лездік сұрақтар"

1. Класс неліктен қосмекенділер деп аталған?

2.Қосмекенділер класы қандай отрядтарға бөлінеді?

3.Қазіргі кезде қосмекенділердің неше түрі бар?

4.Қазақстанда қосмекенділердің қанша түрі, кездеседі?

5.Қаңқасында қандай ерекшелік байқауға болады?

6.Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?

7.Қосмекенділердің қантарату жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

8.Қосмекенділер қалай көбейіп дамиды?

9.Аяқсыз қосмекенділер қай жерлерде кездеседі?

10.Қазақстанды мекендейтін жетісулық бақатіс қай жерлерде кездеседі?

11.Қосмекенділер қандай ежелгі балықтардан пайда болған?

12.Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған қосмекенді.

2- тапсырма " Тест " оны әрқайсысының алдына берем, жұп болып тексереді.

3 ) Жаңа сабақ. ( 20- мин )

Ой түрткі тастау үшін " Жұмбақтар байқауы"(2,4 - модуль)

1.Ұшында бір тамшы, уы бар сұр қамшы ( жылан)

2. Ши түбінде шұбар кездік. ( кесіртке )

3.Тарпаң - тарпаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған ( тасбақа )

1- тапсырма.Топқа берілген тапсырма бойынша флипчарқа түсіріп жұмыс жасайды.(1,2,5 - модуль )

1- топ. Тұмсықбастылар отрядына және жорғалаушылардың қаңқасы, бұлшық ет ерекшелігіне сипаттама беру.

2 - топ.Қабыршақтылар отрядына және жорғалаушылардың тыныс алу, қанайналым жүйелеріне сипаттама беру.

3 - топ. Тасбақалар отрядына және жорғалаушылардың зәр шығару, жүйке жүйесіне сипаттама беру.

4- топ.Крокодилдер отрядына және жорғалаушылардың сезім мүшелері мен көбеюіне сипаттама беру.

Тапсырманы орындап болғанан кейін әрбір топ өз жұмысын қорғайды.()

4) Қорытындылау ( 5- мин)

2- тапсырма. " Мені жалғастыр " ойыны( 2, 4 - модуль )

Мен мекен етемін .......

Мен қоректенемін .....

Менің тері жабыным ......

Мен( пайда- зияным ) келтіремін....

3- тапсырма. "Зоологтар байқауы" (2, 4 - модуль )

Жорғалаушылар класына жататын жануарлар суреті слайдтан шығады. Солардың қай отрядқа жататынын 2-3 секунд аралығында айтып үлгеру.

5 ) Бағалау.( 2- мин)

Бағалау парақшалары арқылы бағалау. Қолдарына таратылып берілген балдық қағаздардың санына байланысты білімдерін бағалау ( 3 - модуль ).

Лездік сұрақтар

Балл

Тест тапсырмасы

Балл

Топтық жұмысты қорғау

Балл

Мені жалғастыр

Балл

Зоологтар байқауы

Балл

11-12 сұрақ

5

9-10 сұрақ

5

Өте жақсы

5

4 сұрақ

5

4 сұрақ

5

7-10 сұрақ

4

7-8 сұрақ

4

Жақсы

4

3 сұрақ

4

3 сұрақ

4

3-5 сұрақ

3

3-5 сұрақ

3

Орташа

3

2 сұрақ

3

2 сұрақ

3

1-2 сұрақ

0

1-2 сұрақ

0

Үлгермеді

0

Мүлдем жауап бермеді

0

Мүлдем жауап бермеді

0

6) Үйге тапсырма ; ( 1- мин.) Жалпы жорғалаушылар класы, отрядтары туралы оқу, қосымша мәліметтер жинақтау

Рефлексия.( 2- мин ) " Көңіл күй күнделігін" толтыру. (1,2,3 -модуль)











Сабақтың тақырыбы: Қауырсын жабынды жануарлар.

Сабақтың типі: интербелсенді

Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, диолог.

Талантты және дарынды балалар :

Сыни тұрғыдан бағалау үшін зерттеуге алынған оқушылар:

Пәнаралық байланыс: география, тарих.

Негізгі түсініктер:

Құстар класы және олар жайлы жалпы сипаттама

Өткен сабақпен байланысы:

Жорғалаушылар класы және отрядтары

Бағалау:

  • Бақылау

  • Жұмысты бағалау

  • Сапалы білімді бағалау


Өлшемдік ойлау қабілеті 7 "в"

Сабақтың мақсаты: Құстар класына тән белгілер жайлы ұғым қалыптасады, басқа өткен кластармен салыстыра отырып, оларда едәуір күрделі ерекшеліктер бар екенін дәлелдейді.Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын саралап талдайды.Құстарға қамқорлық жасауға үйренеді.Оқушылар өздігінен білім алуға, ізденуге дағдыланып жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Формативті бағалау нормасы

- тапсырманы орташа орындаса ( қанағаттанарлық)

- тапсырманы жақсы орындаса ( жақсы)

- тапсырманы толық, нақты орындаса (өте жақсы)

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, құс қаңқасы, ылғалды препарат, құс тұлыбы, суреттері.

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Басталуы

2- мин

Сынып оқушыларымен амандасу, оқушыларды түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру:Ол үшін алдын - ала дайындалған 4 түрлі геометриялық фигураларды таңдап алып сол бойынша топтарға бөлінеді.

1- топ 3- топ

2-топ 4- топ

Оқушыларға алдын - ала смаликтер беріледі, сабақтың басында өз көңіл - күйлерін смаликтер арқылы белгілейді. Оқушыларға жаңа сабақтың барысын түсіндіреді.

( 2- модуль)

Мұғалім сабақты бастайды. Оқушыларды топқа бөледі.

Оқушылар оқу құралдарын дайындап, топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

8 - мин

Қызығушылығын ояту ( 1,2 -модуль)

" Қосмекенділер мен жорғалаушылар әлемі"

Кім жылдам? , " Дұрыс жауабын беріңіз!" ойын

Оқушылардың іс - әрекетін қадағалайды

Әрқайсысы ізденіп жұмысты орындайды.

Топтық жұмыс

Түсіну

15- мин

Оқушыларға топтастыру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау.( 1,2,3 - модуль)

1- топ. "Қараторғай"

Құстардың сыртқы құрлысы,қауырсын жабыны,қаңқасы бұлшық еттері туралы сипаттау.

2-топ.."Қарлығаш"

Құстардың ас қорыту, тыныс алу,қанайналым жүйесі

3- топ."Бүркіт"

Құстардың сезім мүшелері, зәр шығаруы және көбеюі.

4- топ. "Аққу"

Құс жұмыртқасының құрылысы, балапандардың ерекшелігі.

Кім жылдам " Ағаштар бүршік жарғанда" ойыны.( 2,3-модуль)

Жапырақпен құстарда жазылған сұрақтарға жауап берсек, ағашымыз жапырағын жайып құстарға пана болады.(сұрақтар өтілген сабақ бойынша беріледі)

Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау.

Оқулықтан мәтінді оқып меңгеру, талдау.

Зертеушілік әңгіме





Сұрақтарға жауап беру

Қолдану

8 -мин

№ 20 зертханалық жұмысты орындау. ( 1,2 - модуль)

Мақсаты Құс жұмыртқасының құрылысын анықтау ( піскен және шикі жұмыртқаны салыстыру)

1. Сыртқы құрылысын талдау, зерттеу.

2. Піскен жұмыртқадан ауа қуысы қай ұшында орналасқанын, неше қабаттан тұратынына көңіл аудару.

3.Шикі жұмыртқаның әр бөлімінің орналасуын, түсін, олардың атқаратын қызметін талдау.

Мұғалім жұмыстың мақсатын түсіндіреді.

Оқушылар жұмыс мақсатын айқындайды. Көрнекіліктерді пайдалана отырып берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Қорытынды жазады.

Жұппен, зерттеушілік жұмыс жүргізеді.

Талдау

5- мин

Жалпы сабақта орындалған тапсырмаларды қортындылау.( 4- модуль)

Жұптасып- ойлан - бөліс

Тақырып бойынша сұрақ-жауап талқылау

Мұғалім талдайды,оқушыларды ынталандырады, жақсы жауап берген балаларды мадақтайды

Өздерін бағалайды.

Бағалау

2 - мин

Бағалау парағы( 3- модуль)

Критерий бойынша ұпайлар

баға


"5"


"4"


"3"




Мұғалім оқушылар жинаған фишкалары бойынша баға қояды

Оқушылар сабақ барысында жинаған өз фишкалары бойынша есептеп бағаларын біліп отырады

Қорытынды (жинақтау)

3- мин

Тақырыпқа жалпы шолу жасау.Өздері білетін құстар жайлы мақал - мәтел немесе бес жолдық өлең шығаруға болады.( 1,2 -модуль)

Рефлексия

2- мин

Рефлексия жазу

Оқушыларға сұрақтар жазып қалдыруын ескерту.( 1,2 , 3 - модуль)

Оқушылар сұрақтарын қалдырады.

1.Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгің келеді?

2.Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келе ма?

3. Нені түсінбегенін жазу.





Сабақтың тақырыбы

Құстарды топқа бөлу

Сабақтың мақсаты

Құстардың ерекшеліктері мен тіршілік ету әрекеттері туралы білім қалыптасады. Құстарды топтарға бөлу себептерін зерттеп, сол топтардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелеп қорытындылай отырып білімдерін дамытады.Құстарға қамқорлық жасауға,қорғауға дағдыланады.

Сабақтың типі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Болжамданған нәтиже

Құстарды топқа бөлу дене құрлысына және тіршілік орта жағдайларына байланысты экологиялық топтарға топтастырылатынын анықтай алу.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Бағалау

Ресурс-

Тар

Ұйымдастыру

кезеңі

2- мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін айқындау.Құстардың тіршілік әрекетіне байланысты "жүгіретін құстар","жүзетін құстар","ұшатын құстар"," орман құстары" болып топқа бөлу

( конфет қағазының түсіне қарай) ( 2, 7 - модуль)

Оқу құралдарын дайындау

.Құстардың

тіршілік әрекетіне байланысты топқа бөлінеді.Сабақ

тың мақсатымен кезеңдерімен танысады.

Топ ережесін еске салу.Топқа бөліну.

Формативті

Интер. тақта слайд-

Тар

Үй тапсырма-

сын тексеру

10- мин

Құстардың құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне жалпы шолу( 1,2,3 - модуль)

1-топ.

1.Құстар неліктен жылықандылар деп аталады?

2.Құс мекиендерінің жыныс жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

2- топ.

1. Құстардың денесінде қандай без бар және ол қандай қызмет атқарады? 2.Құстарда қосарлы тынысалу деген не?

3- топ.

1.Құс терісінің қосалқы бөлімдерін ата.

2.Құс жұмыртқа-

сындағы нәруыз қабаты қандай қызмет атқарады?

4- топ

1.Құстардың қан тарату жүйесіндегі өздеріне тән белгісін атап көрсету.

2.Құстың етті қарнының ерекшелігі неде және ол қандай қызмет атқарады?

Жұппен, топпен ой бөлісе отырып жауап береді.Қосымша өздері алып келген мәліметтерді талқылайды.

Бірінің пікірін бірі тыңдайды, сұрақтар қояды.

Интерактивті тақта, рефераттар

"Ой - қозғау"

Білу

5 - мин

"Құстар тіршілігі" жайлы мәліметтер көрсету. ( 4- модуль)

Көреді, ой түйіндейді

Электронды оқулық

Түсіну

15 -мин

Оқушыларды сабақ мазмұнын меңгеруге бағыттау( 1,2 - модуль)

Оқулықтағы мәтінмен танысып талдайды

Жұппен жұмыс

( мәтін барысында бір- біріне сұрақ дайындай

ды)

Оқушылар өздері мәтінді қанша меңгергенін бақылай алады.

Анализ, синтез

8 мин

Құстардың топқа бөлудің себебін талдауды ұсыну

(2,5 - модуль)

"Құстарға қамқорлық" шағын эссе жазу

Әрқайсысы өздерінің тобының атына сәйкес құс тобына сипаттама береді ( Өкіл әдісі)

Топпен жұмыс.Диа-лог. Флипчартқа жазып қорғайды.

Өзін-өзі және өзара бағалау

Құстард

ың суреттері, оқулық,оқушы дәптері.

Бағалау

1-2 мин

Топтың және жұптың жұмысын, кейбір сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау

( 3- модуль)

Өзінің іс-әрекетін бақылай алатын болады.

Жиынтық бағалау

Рефлек-

сия

3- мин

.

7 сынып қосмекенділер классы



© 2010-2022