Өсімдіктердің көбею мүшелері

тема урока : Өсімдіктердің көбею мүшелері.цель урока : оценивающие знание у учащихся о растениях.  Воспитательные задачи, быстро реагировать  на данные задание. Развивающие  задачи урока, правильно  сформулировать свою идею и ответить  на данный вопрос. В входе урока  были даны задание самостоятельно создать схемы. были использованы методы критического  мышление, развивающие  обучающие технологии. Итог  урока был в виде национальной игры «Бес асық», «Көкпар», «Бәйге».  В конце урока учащиеся пис...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өсімдіктердің көбею мүшелеріӨсімдіктердің көбею мүшелеріӨсімдіктердің көбею мүшелеріӨсімдіктердің көбею мүшелеріӨсімдіктердің көбею мүшелеріӨсімдіктердің көбею мүшелеріӨсімдіктердің көбею мүшелері

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Тауағаш орта мектебі

Биология - химия пәнінің мұғалімі

Тулебаева Самал Ақмоллақызы


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Өсімдіктердің көбею мүшелері»









Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбею мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылармен өсімдіктердің көбею мүшелері туралы

тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау, тақырыпты

игеру нәтижелерін тексеру.

Өз бетімен еңбектену қабілеттерін дамыту, жеке

оқушылардың білімін арттыру.

Ұлттық ойындар арқылы патриоттық сезімдерін ояту,

ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ұлттық ойындар сабағы.

Көрнекіліктер: Муляждар, суреттер, карточкалар, сызбанұсқалар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ойындарына сүйене отырып өсімдіктердің көбею мүшелері тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? Бүгінгі сабағымызда біз «Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Ақ сүйек» ойындарын ойнаймыз.

Ойындарымызды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырып өтеді.

(топтың аты, ұраны)

Сынып оқушылары екі топқа бөлінген «Өсімдік»және «Табиғат»

Кел балалар, ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қандай сұрақ болса да шешпей оны қоймайық!

Ұлттық сабақ - сын сабақ, сабақты біл, ойна, күл.

Білімдіден мол талап, күтіледі, оны біл!

Ал, сабақтан қалмайық, ұпайсыз мүлде болмайық.

II. «Бәйге» ойыны. (ауызша сұрақтарға жауап беру.)

  1. Өсімдіктердіңгенеративті мүшелеріне не жатады?

  2. Гүлдің негізгі бөліктері қандай?

  3. А және Ж құрылысы, қызметі қандай?

  4. Гүл формуласы дегеніміз не?

  5. Қос жынысты және дара жынысты гүлдердің ерекшелігі неде?

  6. Бір үйлі және екі үйлі өсімдіктердің бір - бірінен айырмашылығы?

  7. Тозаңдану деген не, оның түрлері?

  8. Жеміс гүлдің қай бөлімінде пайда болады, неше топқа бөлінеді?

III. «Көкпар» ойыны.

А) Сәйкестігін тап.

Күріш Дәнек Ә) Мақта Дәнек

Өрік Жидек Шие Жидек

Картоп Қауашақ Жүзім Қауашақ

Бақбақ Бұршаққап Күнбағыс Бұршаққап

Шомыр Бұршаққын Бидай Сүйекті шырынды

Бұршақ Тұқымша Емен жаңғағы Тұқымша

Меңдуана Бұршаққын Асбұршақ Жаңғақ

Ә) Мына жемістерді тиісті бағанаға теріп жаз.

а) Емен жаңғағы, қызанақ, асбұршақ, қияр, күнбағыс, жүгері, шие, таңқурай,

орамжапырақ, апельсин.

ә) Шомыр, қарақат, меңдуана, лимон, алма, үйеңкі, таңқурай, қарбыз, арпа.


Шырынды жемістер

Құрғақ жемістер


IY. «Қыз қуу» ойыны. (карточкамен жұмыс)

Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.

А) Гүлдің сабаққа бекінген бөлімі ............ деп аталады.

Ә) Ұрық ........., ..........., ............ тұрады.

Б) Гүлдің барлық бөлімдері ............. бекінеді.

В) Егер гүлде ............ немесе ........... болмаса ол жай гүлсерікті деп аталады.

Г) Қоректік заттар дәнектің .............. бөлігінде жиналады.

Д) Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары ..........., ...........

болады.

Е) Жәндіктермен айқас тозаңданатын өсімдіктерде тозаңдары ........, гүлдері

........... ............ болады.

Ж) Гүлге түрлі түс беріп жәндіктерді еліктіретін бөлімі .......... деп аталады.

Y. «Теңге алу» ойыны. (деңгейлік тапсырмалар) \карточкамен жұмыс\

500 теңге.

Гүлдің формуласын жазу. Гүлдің құрылысына сипаттамаберу. Муляждармен тапсырма. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар.

1000 теңге.

Гүлшоғыр түрлеріне сипаттама беру. (сурет пайдалану)

Қосжарнақты тұқым құрылысы \сызба толтыру\.

Даражарнақты тұқым құрылысы\сызба толтыру\.

YI . «Ақ сүйек» ойыны \кластер құрастыру\.

Өсімдік адам үшін .......... Өсімдік табиғат үшін .............

YII. Қорытындылау.

Бұл өмірде өсімдіксіз өмір жоқ, өсімдіксіз алынатын өнім жоқ,

Ұн, май, қант, дәруменмен дәрілер, бәрі - бәрі өсімдіксіз келген жоқ.

Өсімдікті қорғайықшы қорғайық! Әдептен біз озбайықшы озбайық!

Оны таптап, өсірмесек егерде, бұл дүниеде, о дүниеде оңбайық!

Бағалау. Үйге тапсырма беру.

«Егер де мен ақын болсам ...... » немесе «Егер де мен суретші болсам ....»

Табиғатты қорғауға өз үлесімді қалай қосар едім тақырыбына шығарма жазу.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Биология 6 - сынып. Қ.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова. Алматы «Атамұра» 2006 жыл.

2. Биология. Оқушы анықтамалығы 6 - 11 сыныптар. М.Қ.Смағұлова. «Арман - ПВ» баспасы 2005 жыл.

3. Зоологияны оқыту. Алматы «Мектеп» 1986 жыл. К.Жүнісова.



Солтүстік Қазақстан облысыӨсімдіктердің көбею мүшелері

Есіл ауданы

Тауағаш орта мектебі

Биология - химия пәнінің мұғалімі

Тикшекеева Самал Ақмоллақызы


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Бунақденелілердің дамуы»









Такырыбы: Бунақденелілердің дамуы.

Максаты: Бунақденелілердің көбейіп дамуы туралы түсінік
ұғымдар қалыптастыру.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын
одан әрі дамыту.

Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, оқулық.
Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы: I. Ұйым кезеңі. II. Материал енгізу. III. Бекіту.

I.Ұйым кезеңі. Сәлемдесу. Сыныптағы оқушылар санын анықтау. Бүгінғі
сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. өткен тақырыпты
бекітуге тапсырмаларын орындау.

А) Диктанттыаяқта.

  1. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды.

  2. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюін бүршіктену деп
    атайды.

  3. Біржасушалылар екіге бөліну арқылы көбейеді.

  4. Шұбалшаң - косжынысты жәндік.

  5. Жаңа жасушаны ұрықтанған жұмыртқа жасуша немесе зигота
    деп атайды.

ә) Мынасызбанұсқаныаяқта.

Өсімдіктердің көбею мүшелері

Б) Жынысты және жыныссыз жолмен көбейетін жануарларды
бөлек теріп жазыңдар:

амеба, шұбалшаң, гидра, эвглена, өрмекші, тауық, балық.

Өткен такырыпты мазмұндап, қайталап, еске түсірдік.
Енді сіздерге мынадай тапсырма.

В) Мына әріптерден бунақденелілердің аттарын құрастыру.

А, К, Л, Р, Е, М, Б, Ө, С, И, Н, Т.

II. Жаңа материал енгізу.

Интерактивті тақтадағы суреттерді, сызбанұсқаларды пайдаланып жаңа
материалды түсіндіру. Электрондық окулықпен жұмыс жүргізу.

Өсімдіктердің көбею мүшелері

Бунақденелілердіңпайдасы мен зиянына Венн диаграммасынтолтыру. Пайдасы зияны

Өсімдіктердің көбею мүшелері

ІІІ.Бекіту.

Қай бунақдене қандай тәсілмен дамиды?
(әріп пен сәйкес сандарды қосып жазу)
А) шала түрленіп даму
ә) толық түрленіп даму

І.инелік(а) 2. шыбын (ә) З.ара(ә) 4. шегіртке (а) 5.маса(ә)

6. тарақан (а) 7. қоңыз (ә)

Сынаманы орындау.

1 .Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады?
а) 3. ә)4. б)5.

  1. Шала түрленіп даму неше сатыдан тұрады?
    а) 5. ә) 4. б) 3.

  2. Көбелектің дернәсілін не деп атайды?

а) имаго. ә) қуыршақ. б) жұлдызқұрт.

  1. Қай бунақдене шала түрленіп дамиды?
    а) инелік. ә) көбелек. б) шыбын.

  2. Қай бунақдене толық түрленіп дамиды?
    а) таракан. ә) инелік. б) қоңыз.



Үй тапсырмасы: Қолданылған әдебиеттер:

1. Биология 6 - сынып. Қ.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова. Алматы «Атамұра» 2006 жыл.

2. Биология. Оқушы анықтамалығы 6 - 11 сыныптар. М.Қ.Смағұлова. «Арман - ПВ» баспасы 2005 жыл.

3. Зоологияны оқыту. Алматы «Мектеп» 1986 жыл. К.Жүнісова.

4. Электрондық оқулық 7 - сынып.



























































































































































































© 2010-2022