Сабақ жоспары Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері (7 сынып)

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің

негізгі ерекшеліктері

К.Елеусизова





Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Құрттардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар екендігі, олардың жалпақ, жұмыр, буылтық болып бөлінетіндігін, құрттардың паразиттік түрлерін жұқтырып алмау үшін адамның жеке басының гигиенасын сақтау.

а) білімділігі: есте сақтау қабілетін дамыту

ә) дамытушылығы: сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелігі: гигиеналық тәрбие беру

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту (2 минут)

Жұмбақтарды шешу

  1. Жас баланың тік ішегі мекені,

Көпке мәлім дара жыныс екені,

Жұмыртқасы дамиды оның далада

Жұқпайды ол таза жүрген балаға. (үшкірқұрт)

  1. Бұл жұмырқұрт ащы ішекте болады,

Өз қорегін жұтқыншақтан сорады,

Үш ернімен көмкерілген аузы бар,

Бұл жұмбақтың шешуін сен тауып ал. (Ішексорғы)

  1. Топырақтың арасында тұрағы,

Топыраққа құнар беріп тұрады,

Жаңбырдан соң жер бетіне шығады,

Ойланган жан оның мәнін ұғады. (шұбалшаң)

Балалар осы жұмбақ арқылы тақырыптарды шығару.

Ой шақыру

  • Сіздер құрттар туралы не білесіздер? Табиғатқа шыққанда құртты көргендерің бар ма? Ой шақырып көрейікші

Топтастыру

Құрттар

  • Жалпақ

  • Жұмыр

  • Қарақұрт

  • Паразиттік

  • Қылқұрттар

  • Буылтық

  • Сорғыш

  • Таспа

Мағынаны тану

Кіріспе сөз

Мәтінмен танысу (8 минут)

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

«Алғырлар»

«Тапқырлар»

«Ізденушілер»

Сұрақтар қою

1-топ. 1.Жұмыр құрттарға сипаттама бер

Жауабы: Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан оларды алғашқы қуыстылар типі деп атайды.

2. Жұмыр құрттардың денесі неше қабаттан тұрады?

Жауабы: Бірінші ең сыртқы қабат - сірқабық. Екінші ортаңғы қабат - гиподерма (тері астындағы қабат)

3. Жұмыр құрттар не себепті денесін қысққарта созыла алмайды?

Жауабы: Көлденең жолақты бұлшық еттері болмағандықтан.

2-топ. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы неде?

Жауабы: Жалпақ құрттар суда , ас қорыту мүшелерінде тіршілік етеді. Денесі созылыңқы, көбінесе пішіні жалпақ, арасынан бауыр жағына қарай жабысқан. Жұмыр құрттар топырақта, ас қорыту мүшелерде тіршілік етеді.

Денесі созылыңқы, ұршық тәрізді , көлденең кесіндісі дөңгелек. Жұмыр құрттарда тыныс алу және қан тарату жүйесі болмайды.

3-топ. Ішексорғы құрттарға сипаттама бер.

Жауабы: Ішексорғы - паразит жәндік. Ішексорғының аузында үш ерін бар. Құрт ол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымданған жерінен қан сорады. Оның қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Дене жасушалары қоректі сіңіріп, қорытылмай қалған қорек қалдығы соңғы бөлігі арқылы сыртқа шығарылады.

Қарама-қарсы элементтер стратегиясы (топтарға ортақ сұрақтар)

Пайдалы құрттар

Шұбалшаң топырақты қопсытып, өсімдіктің тамырына қажет ауа мен ылғалды енгізеді. Топырақты өзінің ішегі арқылы өткізеді. Жердің терең қабатынан біртіндеп үстіне шығарады. Бір жыл ішінде 1кв/м жер ауданынан құрттар құрғақ салмағы 4кг топырақты жер бетіне шығарады. Балықтар мен құстардың қорегі.

Зиянды құрттар

  1. Қант қызылшасының жіпше құрты шаруашылыққа орасан зиян

келтіреді. Бидай дәнінде тіршілік ететін кішкентай құрттар бар (2-2,5 мм) Тұқым сепкенде личинкалар топыраққа түседі, өсіп келе жатқан жас бидай өсімдіктерінің сабағына өрмелеп шығады. Одан масақтағы гүлге өтеді. Сол жерде көбейеді. Личинкалары дәннің ішінде қалады да, егіс түсімін кемітеді.

Негізгі гигиеналық ережелерді қалай орындап отыруымыз қажет.

  1. Тазалық сақтау, тамақтану алдында қолды сабындап жуу

  2. Тырнақты кемірмеу

  3. Жуылмаған көкөністерді жемеу

  4. Қайнамаған суды ішпеу

«Пирамида» ойыны

  1. Ішексорғылардың ортаға түскен жұмыртқалар саны 200.000

  2. Дүние жүзіндегі жұмыр құрттар 20мың

  3. Суыртқының ұзындығы 150см

  4. Аскориданың ұзындығы 15-40см

  5. Кит ішексорғысы 8м

  6. Ішексорғының ұзындығы 18см

  7. Жыланқұрты ұзыдығы 3-12 мм

  8. Суыртқының жуандығы 0,2мм

  9. Үшкірқұрттың аналығының тұрқы 1м

  10. Жұмыр құрт қылқұрт тұрқы 1м

Эссе жазу «Егер сіз паразитолог дәрігер болсаныз не істер едіңіз?»



© 2010-2022