Мақала Биологияны оқытудың замануи мәселелері

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биологияны оқытудың замануи мәселелері

Білім берудің замануи жүйесі, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу педагогика қызметкерлерінің тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігіне, білім беру мазмұнына жоғары талаптар қояды.

Биология - вирустардан бастап адамға дейін барлық тіршілік иелерін, олардың қоршаған ортамен қарым - қатынасын оқытып - үйретеді. Биология басқа ғылымдармен тығыз байланыста және кейде олардың арасындағы айырманы бөліп көрсету қиынға соғады.

Биология құрылымды - бағдарлы пән ретінде оқушының кеңістіктегі әрекеті негізіндегі тұлғалық бағдарын жүзеге асыратын дағдылар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биология сабағында оқытылатын объектілер мен үрдістердің әр түрлілігі жалпыбілімдік ақпараттық және оқушының ойлау дағдыларының дамуы үшін орасан зор мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Бұл даму қазіргі уақытта кез келген бейінді мектепте жүзеге асырылуда. Гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін биология табиғатқа, өмірге жақындығымен құнды. Математикалық бағыттағы сыныптар үшін бұл пән популяция генетикасы формулалары бойынша есептеу, нәруыздардың әр түрлілік формулаларын, т.б. қорыту сияқты әрекеттердің үлкен аумағын көрсетеді.

Орта мектептерде биологияны оқытуды талдау, ҰБТ нәтижелері оқушылардың биологиялық білім сапасын жылдан - жылға төмендеп келе жатқандығын, олардың таяз және формальды сипат алатындығын көрсетеді. Пединститут, университеттердің биология факультетіне түсетін жалпы орта білім беретін мектеп түлектерінің белгілі бір материалды жеткілікті жоғары деңгейде білгенімен, жалпыбиологиялық сұрақтарды, жалпы теориялық мәселені нақты материалмен байланыстыруды білмеуі оларға үлкен қиындықтар әкеледі. Абитуриенттердің басым бөлігінде теориялық ойлау әлсіз дамыған, бұны қазіргі уақытта мектептегі биология сипаттау материалын көп береді, фактілік ақпараттың көптігінен, теориялардың бекітілмеуінен деп түсіндіруге болады. Мектеп оқушыларының естеріне жүк түсіретін және қажет деңгейде дәлелдеуді қамтамасыз етуге мұрша бермейтін түрлі ағзалар құрылысының анатомды - морфологиялық бөліктерін есте сақтауы қажет деп қабылданған.

Биологияны оқытуда әлі де 11 - 13 жастағы оқушылардың ойлау ерекшеліктері жеткіліксіз ескерілген. Олардың бойында фактілерге деген қызығушылықпен қатар білгенін жалпылау және абстрактілеу, өз пікрін нақтылау, қорытынды жасау, білімді синтездеу сипаты да жоғары болып келеді.

Сондықтан биологияны алғаш оқыта бастағанда негізгі биологиялық ұғымдарды (эволюциялық, экологиялық, цитологиялық, морфофункциялық және т.б.) енгізген дұрыс. Және олар оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қолжетімді есептеліп, сыныптан сыныпқа өткен сайын біртіндеп жаңа мәліметтермен кеңейтіліп, тереңдетіліп және толықтырылып отырса, жөн болар еді.

Биология материалдарын тізбектей беру мәселесінде оқушылардың білімді меңгеруі мен теориялық материалды логикалық тұрғыда қабылдауын жақсарту үшін келесі бөлімдер мен тақырыптардың орындарын алмастыру қажет:

  1. «Сезім мүшелері» бөлімі барлық мүшелер жүйесін оқып болғаннан кейін өтілуі керек, «Ішкі секреция бездері» бөлімі «Зат алмасу» тақырыбының алдында өтілгені дұрыс;

  2. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы» бөлімі «Жер бетіндегі тіршіліктің дамуы» бөлімінен бұрын оқытылуы қажет;

  3. «Тірі ағзалардың химиялық ұйымдастырылуы» бөліміндегі «Нәруыздар биосинтезі» тақырыбын «Жасушадағы зат алмасу және энергияның пайда болуы» бөліміне ауыстыру керек;

  4. «Жасушадағы зат алмасу және энергияның пайда болуы» бөліміне «Фотосинтезді» қосу қажет;

  5. «Ч.Дарвиннің түрлердің пайда болу теориясы» бөліміндегі «Биологиялық прогресс пен регресс», «Биологиялық прогрестің өрлеу жолдары» тақырыптарын «Макроэволюция» бөліміне ауыстыру керек;

  6. «Экологияға кіріспе» бөліміндегі «Әлемде және Қазақстанда экологияның мәселелері» тақырыбын «Биосфера және адам» бөліміне ауыстыру қажет.

Сонымен, бүгінгі күнде кездесетін түйінді мәселелер мектептегі биологиялық білім берудің, биологияны оқыту бағдарламалары тұжырымдамасын қайта қарау қажеттігі бар екендігін көрсетеді.

Биология пәні арқылы ғылыми - жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың бір тәсілі практикалық бөлікті жүзеге асыру болып табылады. Бұл негізінен жоғары сыныптарда зертханалық жұмысты оқушылардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бірақ көнерген материалды - техникалық база мен зертхана құрал - жабдығы сабақ үстінде сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Практикалық бөлікті өткізу бағдарламасы қайта қарауды қажет етеді, өйткені бағдарламадағы зертханалық жұмыстардың көбі орындалу мерзіміне сәйкес емес, практикалық жұмыстың және экскурсияның күндері көрсетілмеген, мазмұны түсініксіз берілген. Бұл жұмыстарды ертерек немесе кешірек мерзімдерге қойған дұрыс болар еді деп ойлаймыз:

№11 жұмыс. Бөлме өсімдіктердің өркенімен көбейту

«Жануарлар» бөліміндегі:

№1 жұмыс. Микроскоп немесе үлкейткіш шыны арқылы біржасушалыларды (кірпікшелі кебісше) бақылау: сыртқы құрылысы, денесінің тұрқы, қозғалысы, тітіркенгіштігі.

№2 жұмыс. Тұшы су гидрасының сыртқы құрылысын, қозғалысын, қоректенуін және тітіркенгіштігін оқып - үйрену.

№3 жұмыс. Шұбалшаңның, ұлудың сыртқы құрылысын оқып - үйрену (мүшелері, денесінің сілеймелі жабыны, қозғалысы). Былқылдақденелілерді су бетіне көтерілуі кезінде бақылау. Бақалшақтарының, тыныс алу тесігінің ашылуы. Бақалшақ пен тыныс алу тесігінің құрылысын оқып - үйрену.

№4 жұмыс. Аквариум балықтарын бақылау: сыртқы құрылысы, желбезектерінің орналасуы, қорегі, шартты рефлекстері.

7 сынып курсы бағдарламасынан төмендегі зертханалық жұмыстарды алып тастау қажет:

№1. Сүт қышқыл өнімдердегі, қияр мен қырыққабат тұзды сөліндегі күні бұрын даярланған шөп таяқшасының бактерияларды қарастыру (айран, қаймақ).

№4. Біржасушалы және жіп тәрізді балдырларды микроскоппен бақылау. Қынаның сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

№10. Бірүйлі және екіүйлі өсімдіктердің құрылысын салыстыру

№11. Жайылымда және шабындықтарда өсетін өсімдіктердің түрлерін анықтау.

№12. Дәрілік өсімдіктерді анықтау.

№13. Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен тіршілігі

№14. Тұшы су гидрасының құрылысы. Гидраның тітіркенгіштігі, қозғалысы

№15. Шұбалшаңның сыртқы құрылысы

№16. Былқылдақденелілердің сыртқы құрылысы

6 сынып курсындағы фенологиялық бақылаулардың маңызы жоқ, өйткені ондай жұмыс бастауыш мектептегі дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қарастырылады.

Қала бойынша №15, 16, 83, 68 орта мектептер мен №92 гимназия, № 57 мектеп - лицейі мұғалімдерінің жасаған нұсқаулық карта мен зертханалық жұмыс дәптері бойынша жұмыс жүргізу тәжірибесі қолға алынған.

«Жаратылыстану» курсы оқытуды жүйелі жүргізуге, оның мазмұны білім берудің гумандылық идеясын іске асыруға мүмкіндік береді. Табиғат туралы толық білуге құштарлық, жаратылыс ғылымдарына деген танымдық қызығушылық қалыптасады.

Материал жаратылыстану пәндерін кіріктіру принциптері негізінде құрылған: физика, химия, география, биология пәндерінен бір мезетте дайындалған кадрларды талап етеді, сондықтан жаратылыстану факультеті мамандарын дайындау тәжірибесіне қайта оралуға тура келеді. Қарағанды қаласының көптеген мектептері үшін оқытудың орта басқышында кіріктілген курстар өткізу және жоғары сыныптарға барғанда білімді дифференциациялау тән.

Түлектердің биологиялық дайындығы сапасын көтеру курсты кеңейту және тереңдетуді негізгі мектеп түлектерінің білім алуды аяқтаумен, ал бейінді мектепте болашақ мамандығын таңдау және ЖОО - да білім алуды жалғастырумен сәйкестікте жүргізуді қамтамасыз етеді.

Оқулықтар мазмұнының жүтемесі ауыр және аяқтауды, оның ішінде дидактикалық материалды аяқтауды талап етеді. Оқулықтарда дамыту сипаттындағы жаттығулар жоқ. Құзыретті - бағдарлы тапсырмалар да жоқ. Тақырыптарға берілген сұрақтар түзетуді қажет етеді және негізінен формулаларды, түсініктерді ғана жаттауға бағытталған.

ҚР БҒМ бекіткен кейбір авторлардың биология оқулықтарында, биологияға бөлінген оқу уақытының қысқаруы мазмұнның бұрынғы көлемі сақталғандықтан оқушылардың оқу жүктемесінің ұлғаюына алып келді.

Л.Н.Саменова ҚББ әдіскері, биология пәні мұғалімі

К.С.Балапанова №92 гимназия биология пәні мұғалімі

Қарағанды қаласы

© 2010-2022