Поурочный план по биологии на тему Қан құю, қан топтары (8 класс)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№ 2 орта мектебі» КММ











Үздік бейне-сабақ

Тақырыбы: Қан топтары, қан құю. Резус - фактор.

биология пәні ,8- сынып











Наганова Назгуль Сайлаубаевна

Білімі-жоғары, АрМПИ-2004,

биология пәні мұғалімі, өтілі-15 жыл,

І санатты,2011 жыл.



Сабақтың тақырыбы: Қан топтары, қан құю. Резус-фактор.

Мақсаты: Қан топтары,қан құю,қан топтарының тұқым қуалауы жөнінде түсінік беру.

Міндеттері:

Қан топтары,қан құю ерекшеліктері туралы танысады.

Қан топтарын білудің маңызын біледі.

Күтілетін нәтиже:

1.Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

2.Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады

3.Қан топтарының түрлерін біледі,қан құю ерекшеліктерін талдай алады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:СТО элементтері

Көрнекілігі: суреттер, таратпа материалдар ,оқулық, маркер, постер,А 3 форматты қағаздар

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылармен сәлемдесу.

Геометриялық фигуралар мен топқа бөлу.

ә)Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату. Критериймен таныстыру

1Тапсырманы толық орындауы,

2.Сұраққа дұрыс жауап беруі

3.Оқушылардың дәлелді түсіндіруі. Әр тапсырмаға 2 ұпай беріледі.

8-10 ұпайға-5

6-7 ұпайға-4,

4-5 ұпай-3,

1-3 ұпай-2

б)Психологиялық дайындық. «Өрмекші торы» әдісі. Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

1-кезең. «Қалам ұсыну әдісі» (топпен жұмыс)

1.Иммунитет дегеніміз не?

2.Туа біткен иммунитетті сипатта?

3.Жүре пайда болған белсенді иммунитетке сипаттама?

4.Жүре пайда болған енжар иммунитет?

5.Емдік қан сарысуы?

6.ЖИТС-тен қалай сақтануға болады?

2-кезең. «Құпия сан» (топпен жұмыс)

  1. 1 мм куб қанда қанша эритроцит болады?

2. Адамда қанша л қан болады?

3. Қан құрамындағы гемоглабин мөлшері?

4. Лейкоцит саны?

5. Фагоцитоз құбылысы қай жылы ашылды?

6. Ұсақ қан тамырлары жарақаттанғанда неше минутта тоқтайды?

3-кезең.Биологиялық диктант (дәптермен жұмыс)

Организмге енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамау............. деп аталады. Организмге ауру қоздырғыштарының енуіне жауап ретінде ерекше нәруыздар........... түзуге қабілетті. Иммунитет ....... және ....... болып бөлінеді. Қандай да бір жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін пайда болатын иммунитет....................... деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы: Қан топтары, қан құю. Резус-фактор.

Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті дәстүрінің бірі- жеті атадан асқанша бір-бірімен қыз алысып, қыз беріспеу дәстүрі.Аталары туыс,қандары жақын адамдар бір-бірімен үйленсе, олардан туған ұрпақтың өмірге аурушаң, ақыл-есі кем болып туылатынын атам қазақ ежелден-ақ білгенін Бұқар жыраудың мына бір өлең шумағынанда көруге болады:

«Жаманнан жақсы туса да,

Жақсыдан жаман туса да,

Тартпай қоймас тегіне»,-деген.

Қан топтары .1900жылы-бір адамның қанының екінші адамға сәйкес келе бермейтіні анықталды.1901жылы австриялық ғалым К.Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу негізінде адам қанының 4-тобын ашты.Олар:

  • Эритроциттердің бірігіп қалуын аглютинация деп атады.

  • Донор-қан беретін адам.Реципиент-қанды қабылдайтын адам.Егер донор мен реципиенттің қаны сәйкес келмесе қан үйлеспейді.

Қаны 1-топқа жататын адамның қанын барлық топқа аз мөлшерде 200-300мл құюға болады.

Адамда қан топтарын бір ғана ген бақылайды. Осы геннің бір локуста үш түрлі аллелі бар.Олар: IA,IB,IO

Осы аллелдердің бір-бірімен өзара әрекеттесу варианттары қанның тобын көрсетеді.

  • I0 I0 - I-топ

  • I0 IА - IАА - II-топ

  • I0 IВ-IВ IВ- III-топ

  • IA IA-IV-топ

Терминдермен жұмыс.

«Екі жақты күнделік» әдісі

Термин

Анықтама



ІҮ Қорытынды:

Семантикалық карта

Сұрақтар

Рецепиент

Донор

4

2

Қан беретін адам


Қан қабылдайтын адам


Бір адам қанының екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтіні қай жылы ашылды


Иммунитет нешеге бөлінеді


«Кір жаятын сөре» әдісі

Ү. Үйге тапсырма:

«Қан құю, қан топтары» туралы қосымша мәліметтер жинақтау.

ҮІ. Бағалау

Рефлексия





© 2010-2022