Табиғатты қорғау

Оқушылар табиғатты қорғау мәтінін өз бетімен оқып, негізгі мазмұнын түсініп бір-бірімен сөйлесе білу. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталап, берілген тапсырмалар бойынша сөйлем құрай білуге, түрлерін ажыратуға синтаксистік талдау жасауға және сауатты жазуға дағдыландыру.   Сөздік қорды молайту, ауыз екі сөйлеу тілін, ақпараттық құзыреттілікті, жылдамдықты, логикалық және сыни ойлауды дамыту.   Пәнге деген қызығушылықты арттыру, табиғатты сүюге, қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу. Балаларды табиғат әсе...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғатты қорғауТабиғатты қорғауТабиғатты қорғауТабиғатты қорғауТабиғатты қорғауТабиғатты қорғауТабиғатты қорғау

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем



Жер - ана - ортақ үйіміз

Табиғатты қорғауТабиғатты қорғауТабиғатты қорғау

СУСЫЗ ТІРШІЛІК ЖОҚ

Су - баға жетпес байлық. Жер бетіндегі барлық тіршілік суға

байланысты. Суды адамдар тек ішу үшін ғана емес, егін суаруда, мал шаруашылығында, өнеркәсіптің әр түрлі салаларында пайдаланады. Сумен күнделікті жуынамыз. Тазалық сақтау үшін су қажет.

Дүниежүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен, көл, бұлақ, әсіресе құдық суының тазалығына қатты көніл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, суды былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата - анасы «суды сабама - балығын шошытасың», «бұлақты лайлама - құсын кетіресің», - деп тоқтау сөз айтып, тарбиелеген. «Бұлақ қөрсең - көзін аш» деп өсиет айтқан. Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп, қорғайтынын көреміз. Өзен, көл - табиғат көркі. Ондай жерде жайқалған өсімдік, қаптаған жануарлар тіршілік етеді. Өзенді, көлді жерде құс көп ұшып жүреді.

(«Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту» журналынан)

Сөздік:

Мал шаруашылығында-в скотоводстве

өнеркәсіп-промышленность

қажет-необходима

өсиет-завещание,наставление

лайлама-не загрязняй

қастерлеу-ценить



СУ

Тіршілік

негізі

Байлық

...

Мұхит, теңіз ...

...



1.Тапсырма

«Тірек сызба әзірлеу және оны қорғау» ойыны.

Ойынның шарты: «Сусыз тіршілік жоқ» мәтіні бойынша сынып 4 топқа бөлініп, «А», «Ә», «Б», «В» әріптерімен белгіленген үстелдерге жайғасады. Әр топты мұғалім өзі тексереді.Әрбір топ оқулықта берілген сызбалар негізінде мәтін бойынша өзінің тірек сызбасын дайындайды.

Топтар жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім олардың жұмысын бағалайды, көмек береді (15 минут).

Тірек сызбалар қорғауға дайын болғанда , әр топтың өкілі шығып

(15 минут ішінде) істелген шығармашылық жұмыстың нәтижесін көрсетеді.



Мұғалім әр топты бағалайды. Бағалау үлгісі мынадай болуы мұмкін:



Үстел

Топ құрамы (қанша оқушы)

өкіл (оқушының аты - жөні)

(1-3 балл)

Тақырыпқа сәйкестігі

( 1-4 балл)

Мазмұндылығы

(1-4 балл)

Шығармашылы

ғы (1-5 балл)

әдемілігі

(1-4 балл)

Сызбаны қорғауы

(1-5 балл)

Жалпы қорытынды

А

4








Ә

4








Б

4








В

4








Топтардың алған барлық ұпайларын есептеу негізінде жеңген команда анықталады. Ұпайларды тақтаға жазып көрсетіп ойын жеңімпазын анықтауға болады.

2.Тапсырма

Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

А. Ондай жерде жайқалған өсімдік, қапталған жануарлар тіршілік етіп

жатса да, оларды қамқорлыққа алу керек.

Ә. Өзенді, көлді жерде құс көп ұшып жүргенмен, бұл жер үнемі балыққа толы.



© 2010-2022