Білім беру саласындағы көшбасшының ролі

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Білім беру саласындағы көшбасшының ролі



Елубаева Гулжан Избасаровна

Дауан атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі



Білім беру саласындағы көшбасшының ролі


Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады Барлық істің мақсатын дұрыс айқындай білсек, күтілетін нәтижеге жетуде тығырыққа тірелмесіміз анық. Жалпы курс бағдарламасының идеясы да осы қағиданы басшылыққа алады. Яғни, бірінші деңгей бағдарламасы шеңберінде кәсіби білім алған көшбасшы мұғалімдер тобы өз мектептеріне оң өзгеріс енгізу барысында барынша дұрыс мақсаттар төңірегінде ойларын бір ізге сала білулері керек деп ойлаймын. Бұл орайда Синектің "Көшбасшылықтың конустық метафорасы" бойынша сараптама жасап, НЕГЕ-мектепте өзгеріс енгізу қажеттігін дәйектеп, оны басқару үдерісіне көңіл бөлдім. яғни, балаға дайын білім беруге негізделген "дәстүрлі" стильден арылып, оқыту туралы сындарлы түсінік қалыптастыруға, сол арқылы оқушының алған білімін сыныптан тыс жерде қолдана алу қабілетін дамыту қажеттігін ұғындым. Ендігі кезекте мектеп көшбасшысы ретінде тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектебімдегі мұғалімдерге өз ұстанымын өзгертуге ҚАЛАЙ көмектесуге болатыны жайлы жоспарлап, әріптестеріме мектептегі оқу үдерісіне өзгеріс енгізудің қажеттілігі жайлы таныстырылымдар өткізудім. Ал осы арқылы мектептегі мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін НЕ істеу керек екенін айқындай алады деп ойлаймын. Ал бұл мақсаттың толағай табысқа жетелеуі тікелей менің жұмысымның нәтижесіне байланысты екенін анық білемін. .

Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», -деді.

Бүгінде мектептерде көшбасшылықсыз жұмыс істеу қиын. Қазіргі кезде мектептегі көшбасшылық теория ғана емес, ол ұғым бүгінде іс жүзінде орындалып жатыр.Менің ойымша , мектеп ұжымында басшылықтағы адамдар жанында басқа да көшбасшыларды көруді үйрену керек және оларды түсіну қажет. Көщбасшы мен басқарушының бір - бірінен айырмашылығын біле отырып біз бірлесе жұмыс жасағанда ғана нәтижелі жұмысқа, оқушылардың үлгерім сапасы мен білім сапасының артуына, мектеп ұжымының ынтымақтастық негізінде жұмыс жасауына болады.

Басшылық мектепті басқарса, көшбасшылар мектепке жаңаша әдіс - тәсілдер арқылы жаңашылдық енгізеді.Ұжыммен бірлесе отырып жоспар жасап жақсы нәтижеге жету жолында жұмыстар атқарады.

Қорыта айтқанда мен көшбасшы- мұғалім болып,әріптестерімнің арасында өзара сенімділікті және түсіністікті дамыта білуге және мектепке өзгеріс енгізе отырып, оларды тәжиірбе жүзінде іске асыруға жұмыс жасаймын деп ойлаймын… Осындайда неміс педагогы А.Дистербегтің «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»деген қанатты сөзін әрқашан ұран етіпалғымыз келеді.Балалардың қаблетін кеңінен өрістете дамыту тек мұғалімнің ғана қолынан келе алады деп ойлаймын.








© 2010-2022