Рабочочие программы на тему основа биосферы

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№3 сабақ

Сыныбы: 8а,к

Сабақтың тақырыбы: Биосфера және оның қазіргі экологиялық жағдайы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға биосфера және оның қазіргі экологиялық жағдайы туралы түсіндіре отырып білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге шақыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері?

  2. Табиғатты қорғаудың жолдары?

Жаңа сабақ

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы

Рабочочие программы на тему основа биосферы

Рабочочие программы на тему основа биосферы

Биосфера.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас.

Жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.

Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.Биосфера-экология ғылымының зерттеу облысы болып саналатын жер шарындағы ең ірі экологиялық жүйе. Биосфераның құрайтын атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы қабаты және гидросфераны түгелдей алып жатқан тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орталар. Олардың көлемі кішігірім ін, құс ұясы, құмырсқа илеуінен бастап ірі тау жүйе, дала, биоценоздар мен экожүйелерді алып жатыр.

Географиялық қабат-жерт шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі. Ол бүкіл биосфераның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды. Географиялық қабықтың қалыңдығы 35-40 км көлемді алып жатыр.

Географиялық қабық пен биосфераның құрылымы, сипаты мен зерттеу облыстары ұксас келеді жіне бірін-бірі толықтыратын ұғымдарды құрайды. Биосфера географиялық қабықтың қуаты мен көлемі жағынан кіші болып келгенімен онда барлық тіршілік иелері жинақталған. Екі ірі жүйелерді зерттеу экология ғылымының объектісі болып табылады. Географиялық қабық терминін ғылымға енгізген. А.А. Григорьев (1932) болса, ал биосфера терминін алғаш қолданған Э.Зюсс (1875) атты ғалымдар.

Биосфераны жан-жақты ғылымы тұрғыда толық зертттеп оның толық теориялық негізін салушы академик В.И.Вернадский ( 1863-1945). Оның биосфера туралы ілімі - жаратылыстану ғылымдары бойынша осы күнге дейін маңызын жоймаған теориялық еңбек. В.И. Вернадский 1926 жылы жарық көрген « Биосфера» - деген еңбегінде биосферадағы тіршіліктің дамуын, қалыптасуы мен болашағын зеттей келіп: «Биосферадағы тіршіліктің негізгі, қозғаушы кұші күн энегиясы мен химиялық элементтердің тірі және өлі заттар арасындағы миграциясы жүзеге асатын зат алмасу процесі, яғни организмдердің көбеюі мен дамуы» - деп тұжырым жасайды. Шын мәнінде биосферадағы жалпы тірішіліктің пайда болуы бейорганикалық элементтер негізінде органмкалық заттардың пайда болуы тұрғысынан қаралады. Биосфера- өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар - атмосфера, гидросфера және литосфера жер қабығы.

Сабақты бекіту.

Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Үйге тапсырма: Рабочочие программы на тему основа биосферы 3



© 2010-2022