Открытый урок по биологии на тему Жасыл мүк және шымтезек мүгі (6 класс)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып

Биология пәні мұғалімі: Жұмабекова Динара Әбіласанқызы

Сабақтың тақырыбы: Жасыл мүк және шымтезек мүгі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жасыл мүк және шымтезек мүгінің құрылысы, ерекшелігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру.

Сабақтың пәнаралық байланысы: экология

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру, кесте толтыру.

Модульдердің кіріктірілуі: СТО, көшбасшылық, дарынды балалармен жұмыс, бағалау

Ресурстар: интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, А-4 парақтары

Болжамданған нәтиже: Мүк туралы жан-жақты мәлімет алады

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау, таныстыру. Санау арқылы топқа бөлу.

Оқу құралдарын дайындау

сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысады

Ой қозғау әрі сергіту сәті

Білу

"Кім? Не? Қашан? Қайда?"

Таудың ұшар басына шығу ойыны

  1. Мүк дегеніміз не?

  2. Мүкті зерттейтін ғылым қалай аталады?

  3. Мүк қандай жерлерде өседі?

  4. Ризоид деген не?

  5. Мүк қалай қоректенеді?

  6. Бриологияның негізін кім қалады?

Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады,

ойларын айтады. Жеңген топ тау басындағы туды алады.

Түсіну

"Неге? Неліктен? Не үшін?"

Тақырыпты 3 - ке бөліп, оқушыларға өздеріне оқуға беріледі.

Оқушылар ЖИГСО әдісі арқылы оқулықтағы материалдармен танысады.

Қолдану

Жаттығу бойынша жұмыс

Салыстыру диаграммалары арқылы

Көкек мүгі мен шымтезек мүгінің ұқсастығы және айырмашылығын анықтайды

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Анализ, синтез

Салыстыру,

айырмашылығын табу.

Алынған ақпарат

негізінде қорытынды

жасау.

  1. Егер мүктер болмаған жағдайда табиғатта қандай өзгерістер болар еді?

  2. Шымтезек мүгін неліктен ақ мүк деп атайды?

  3. Сен тұратын жерде мүктің қандай түрі бар?

  4. Жасыл мүктің екіүйлі екенін қайдан білуге болады?

Оқушыларын сұрақтарға жауап береді, сын тұрғысынан ойлай отырып шешімін табады

Бағалау

"Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?"

Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалайды. Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін айта өтіп, бағалайды.

Оқушылар бағаларымен танысады.

Үйге тапсырма

Жасыл мүк және шымтезек мүк тәрізділердің бір түрі

Рефлексия

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектерін жазады.



© 2010-2022