Урок по биологии для 7 класса «Балықтар сипаттамасы» ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтардың сыртқы, ішкі құрылысы. Сезім мүшелері торсылдағы және оның маңызы Мақсаты Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру. Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету. Күтілетін нәтижелер Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын...
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтардың сыртқы, ішкі құрылысы. Сезім мүшелері торсылдағы және оның маңызы

Мақсаты

Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру. Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер

  • Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

  • Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі.

  • Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.

Керекті жабдықтар

Дидактикалық үлестірме материалдар, АКТ, электрондық оқулық, түрлі-түсті карандаш

Сабақтың барысы

Оң жақтағы бағанадағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімнің есіне

Тренинг. Өз атының бас әріпіне сәйкес сын есім айту. Мыс: Әсел - әдемі. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Желі дегеніміз не?2.Желілер қандай тип тамағына бөлінеді? 3.Ас қорыту және тыныс алу жүйесі қандай бөлімнен тұрады? 4.Қандауыршаның қандай белгілері буылтық құрттарға ұқсастығын білдіреді?

«Көпір» тапсырма - лары өткен тақырып тар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

1. Қандауыршаның қандай белгілері балықтарға ұқсастығын білдіреді?

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а)оқушылардың төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес өздері толтырады (10 минут); ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі марапатталады

Теория бойынша:

«Білу»

«Түсіну»

Сұрақ жазып беру: І топқа: Шеміршекті және сүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы (жаңа кітап)

ІІ топ Сазанның сыртқы құрылысы, қаңқасы, бұлшық еттері(ескі кітап)

ІІІ топ Сазанның ішкі құрылысы(ескі кітап)

Қолдану

Постер қорғау

Теория бойынша:

«Талдау»

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек


Кесте толтыру: І топ. (жұмыс дәптерінен) Берілген тапсырмадан шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасын жаз.

І топ Бекірелер

Берілген тапсырмадан шеміршекті балықтарға жататын белгілерді таңда:

Шеміршекті балықтар















А) негізінен теңіз түрлері з)қабыршақтары

майда,тікенекті

Ә)қабыршақтары ірі жалпақ и)ішегінде бұрамалы қақпақ

Б)желбезекті, қанаттары жоқ к)іштей ұрықтанады

В)тірітуарлар, н/е жұмыртқасын тірі қ)аузы құрсақ жағында

туатындар л)несебі қатпаршақ арқылы

г)алдыңғы ми қабаты үлкен, 2 жарты шығады

шарға бөлінген м)қос торсылдағы көлбеу

орналасқан

д)қаңқасы шеміршекті, сүйек ұлпасы н)сырттай ұрықтанады

жоқ о)аузы басының алдыңғы

жағында

е)дара жынысты п)ұрғашылары ірі

жұмыртқаларын

ж)жүзу торсылдақтары жоқ тығыз мүйізді қабыршаққа

салады

ІІ топ Сазандар (б/с ) 2012/2 32 бет

Сүйекті балықтардың белгілерін жаз:

Сүйекті балықтар

1.Қортпа, пілмай, латимерия, бахтах

2.Скат, тұтабас, акула

3.Тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде оралмалы қатпарлары бар

4.Терісі ірі қабыршақтармен қапталған

5.Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған

6.Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар

7.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады

8.Тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар

9.Тұмсығы алға созылыңқы

10.Торсылдағы болады

11.Торсылдағы болмайды

12.Клоакасы бар

13.Аналь тесігі бар

14.Іштей ұрықтанады

15.Сырттай ұрықтанады

16.Уылдырығының саны көп

17.Уылдырығының саны аз

ІІІ топ Скаттар Шеміршекті және сүйекті балықтар құрылысының салыстырмалы кестесі: тиісті жауабын + , - арқылы белгіле:

р/с

Мүшелер жүйесі

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1

Дене бөліктері

2

Тері жабыны

3

Бұлшықеттері

4

Қаңқасы

5

Ас қорыту

6

Тыныс алу

7

Қанайналым

8

Зәр шығару

9

Жүйке жүйесі

10

Жыныс мүшесі

11

Сезім мүшелері

Практика бойынша: «Қолдану» оқулықпен жұмыс жүргізу бары -сында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі

Балықтардың пайдасы мен зиянын айту

Пайдасы: Адамға аса қажетті амин қышқылдары, трескада - Д,А витаминдері, антибиотик, иод, фосфор ұны, май ; кета балығы терісі - әйнек ретінде, етік, қапшық жасалады. Акула, кета терісі - сумка, туфли, әмиан, белбеу; қылыш балықтың қабыршағын нитролакпен араластырып әйнекке жақса, жасанды меруерт алынады.

Зияны: 1.Жыртқыш балықтар - акула, пиранья, дельфин - жауызкит, теңіз шаянбалығы, теңіз шортаны - баррикуда, құрбақа - балық .

2.Улы балықтар: адам денесіне тиіп кетсе уландыратын балықтар. Шаншарқұй - рық скат, бүркіт - скат, шаншарлы акула, теңіз шортаны барракуда

3.Балық тағамдарынан улану . еті улы - майшабағы, теңіз шортаны. Уылдырығы улы - тунец, айбалық, арқармүйіз, тікенқұрсақ. Бутулинос бактериясы әсерінен бекіретұқымдастарының еті бұзылғанда адамды уландырады.

Деңгейлік тапсырма: Тест:

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:

а)маммология

ә)герпотология

б)ихтиология

в)гельминтология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар:

а)сүйекті балық

ә)шеміршекті балық

б)шортан

в)сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған:

а)акула

ә)скат

б)аратұмсық

в)аққайраң

4.Қызыл кітапқа тіркелген сүйекті балық:

а)Іле шармайы

ә)балқаш алабұғасы

б)бекіре

в)еділ майшабағы

5.Балықтардың бүйір сызығы анықтайды:

а)судың жылылығын

ә)судың тұздылығын

б)су ағысының күшін, бағытын, тербелісін

в)судың қышқылығын

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады:

а)жауынан қорғану

ә)дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту

б)жауынан жасырыну

б)жауынан жасырыну

в)судың астына өту

7.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі:

а)бүйрек

ә)несепағар

б)қуық

в)клоака

8.Балықтың көбеюі қандай қандай сатылардан тұрады:

а)уылдырық - балық

ә)уылдырықты - дернәсіл

б)дернәсіл - балық

в)уылдырық - дернәсіл - балық

9.Су түбінде өмір сүретін балықтардың қандай дене мүшесі болмайды:

а)жүрегі, қантамырлары,

ә)торсылдақ

б)өкпе, желбезек

в)жұтқыншақ, өңеш

10.Қара уылдырық алынатын балықтар:

а)албырттектестер

ә)бекіретектестер

б)майшабақтектестер

в)саусаққанатты балықтар

Терминдерге анықтама бер:

Ихтиология -

Пилакоид -

Циклоид -

Нені білдім?

Не білгім келеді

1.Балықтардың сыртқы -ішкі құрылыс ерекшеліктерін

2.Шеміршекті және сүйекті балықтардың айырмашылықтарын

3.Торсылдақ қызметін

4.Қабыршақ түрлерін

5.Ихтиология

1.Ең үлкен балық

2.Қара және қызыл уылдырық

3.Балық ауада тыныс алмай қанша минут шыдайды?

Практика бойынша:

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады (топтық жұмыс)




© 2010-2022