Открытый урок по казахскому языку на тему Өсімдіктің тыныс алуы (6 сынып)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің тыныс алуы

Сабақтың мақсаты: а) Оттегінің сіңірілуі, көмірқышқыл газының бөлінуі туралы

бақылау.

ә)Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту.

б)Ұқыптылыққа, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіруі, тірек-сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен амандасу;

  • оқушыларды түгендеу;

  • оқушыларды 2 топқа бөлу;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Тұқым»

Сұрақ-жауап

  1. Тұқым дегеніміз не?

  2. Қос жарнақты тұқымның құрылысы

  3. Тұқым қабығы

  4. Ұрық деген не?

  5. Дара жарнақты тұқымның құрылысы

  6. Эндосперм дегеніміз не?

  7. Дара жарнақты өсімдіктерді ата?

  8. Қос жарнақты өсімдіктерді ата?

Кестемен жұмыс 1,2

Сөзжұмбақты шешу

Т

Ұ

Қ

Ы

М

Қ

А

У

Ы

З

Ы

Қ

А

У

Ы

Н

Қ

А

Т

Т

Ы

Ж

Е

М

І

С

К

Е

А

У

А

Ж

Ы

Л

У


С

У


Жаңа сабақ: « Өсімдіктердің тыныс алуы»

Тынысалу дегеніміз - органикалық қосылыстардың тотығуы

Барлық жасушалар және тірі ағзалар тыныс алады. Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарады. Өсімдіктерде арнайы тыныс алу мүшелері болмайды. Өсімдік мүшелерінде жиналған заттардың біраз бөлігі - жасушаларды, мүшелерді құруға, тыныс алуға жұмсалады, тыныс алуда негізгі рөлді органикалық заттар атқарады. Жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдратып, тотықтырады.

Тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады, өсімдіктің салмағы кемиді. Мысалы, тұқым өну кезінде құрғақ затының 3-10 % - ы кемиді. Өну үшін сыртқы орта жағдайы неғұрлым қолайсыз болса, соғұрлым тыныс алуға қоректік зат көбірек жұмсалады.

Тынысалу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Тұқым өнген кезде энергия жылу ретінде бөлінеді. Өніп келе жатқан тұқым оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады.

Тыныс алуға әр түрлі жағдайлардың әсері

1. Судың әсері. Тұқым кебу болса, баяу тыныс алады. Егер тұқымда судың мөлшері 33 пайызға жетсе, 2 г көмірқышқыл газын бөледі. Сондықтан да тұқымды қоймада сақтағанда оның ылғалдылығы 12-14 пайыздан аспауы керек. Сонда ол ұзақ сақталып, шығымдылығын жоймайды.

2.Температураның әсері. Температура неғұрлым жоғары болса, тыныс алу соғұрлым жиілейді. Қыстың - 20-25С аязында да өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамайды., тек баяулайды. Тұқымдардың тыныс алуы +50С - та тоқтайды. Жасуша цитоплазмасындағы нәруыз ұйып қалады.

Қыста төмен температурада сақталған картоп түйнектерінің тыныс алуы баяцлайды. Қанттың қорға жиналуы тоқталмайды. Көп сақтаған картоптың дәмі тәтті болатыны сондықтан.

3. Жарықтың әсері. Өсімдікке жарық жеткілікті болса, тыныс алу жылдамдайды. Тыныс алуға қарама - қарсы фотосинтез процесі да қатар жүреді. Ал өсімдікті қараңғы жерге қойса оның процесі күрт төмендейді.

Фотосинтез бен тыныс алудың салыстырмалы кестесі


Фотосинтез кезінде

Тыныс алу кезінде

1.Көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады.

2.Нәтижесінде органикалық зат түзіліп, судың ыдырауынан оттегі бос күйінді бөлінеді.

3.Жарық энергиясы сіңіріледі.

4.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында жүреді.

6.Өсімдіктің салмағы артады.

1.Органикалық зат пен оттегін пайдаланады.

2.Органикалық зат ыдырап, көмірқышқыл газы мен су бөлінеді.

3.Органикалық заттың энергиясы босап шығады.

4.Барлық тірі жасушаларда жүреді.

5.Күндіз түні ұдайы болады.

6.Өсімдіктің салмағы кемиді.


4. Улы заттардың әсері. Улы заттар атмосферада көбейіп кетсе, өсімдіктерді уландырады. Тыныс алуы бәсеңдейді.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақтар беру арқылы жаңа тақырыпты беіту.

Не білдім?

Не білгім келеді?


Бағалау: Көп фишка жинаған оқушы және топ мүшелеріне жақсы баға

қойылады.

Үйге тапсырма: 29 оқып, түсіну.

© 2010-2022