СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінгі күн жаңа технологиялар білім саласына елеулі жаңалықтар әкелуде және жаңа ғасыр, білімділер ғасыры болғандықтан, ой-өрісі дамыған, дұрыс шешім қабылдай білетін, ел ертеңі үшін аянбай өз үлесін қосатын және әлемдік дамыған ел- мен тең дәрежеде болуға, болашақтың туын биік көтеретін азаматтар тәрбиелеуге өте тиімді. Сондықтан әрбір ұстаз өз білімін жетілдіріп, жаңа ақпараттық жүйелермен  жұмыс істеуі қажет.Биология пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, білімдерін толықтыру ба...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінгі күн жаңа технологиялар білім саласына елеулі жаңалықтар әкелуде және

жаңа ғасыр, білімділер ғасыры болғандықтан, ой-өрісі дамыған, дұрыс шешім

қабылдай білетін, ел ертеңі үшін аянбай өз үлесін қосатын және әлемдік дамыған ел-

мен тең дәрежеде болуға, болашақтың туын биік көтеретін азаматтар тәрбиелеуге өте

тиімді. Сондықтан әрбір ұстаз өз білімін жетілдіріп, жаңа ақпараттық жүйелермен

жұмыс істеуі қажет.

Биология пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, білімдерін

толықтыру барысында 8-сыныпта «Тыныс алу мүшелері қызметінің бұзылуы. Таза

ауаның маңызы» тақырыбында сабақ өткіздім.

Сабақтың тақырыбы:

«Тыныс алу мүшелері қызметінің бұзылуы. Таза ауаның маңызы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің

қызметінің бұзылуы туралы түсіндіру және ол кезде кездесетін ауруларды атап

көрсету;

Дамытушылық: Оқушыларды мұрын арқылы дұрыс тыныс алуға үйрету,

дауыстың бұзылуына жол бермеуге үйрету және шығармашылықпен шұғылдану

арқылы ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Тыныс мүшелерінің гигиенасын сақтауға, тазалақ және жеке бас ги-

гиенасын ұстануға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, баяндау,

сұрақ-жауап,демонстрациялау әдісі, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакат «Тыныс алу мүшелері», топтамалар,

кубик, темекі, стакан, мақта, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: (2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасы:

А) Ой қозғау: - Оқушылар, бәріміз біраз уақыт мұрын қуысымызды қысып

көрелік. Қандай құбылыстар болады? Қанша уақытқа созылады?

Б) Мағынаны ашу: Кластер құру:

Жұтқыншақ таңдай тесігі

Мұрын қуысы Кеңірдек

Көмекей Бронхы

Кеңсірік Өкпе

В) Кубизм әдісі:

1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не?

2. Тыныс алу көлемі дегеніміз не?

3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын немен өлшейді?

4. Тыныс шығарған ауада азот, оттегі, көмірқышқыл газы қанша көлемде бола-

ды?

5. Адамдар оттегін атмосферадан басқа қайдан алады? Қандай процесс?

6. Бронхылар неден тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ: «Тыныс алу мүшелері қызметінің бұзылуы. Таза ауаның

маңызы»

3 топқа бөлемін: - Тыныс алу мүшелерінің біреуі бұзылса, адамда қандай өзгеріс

болады?

Олар бір-бірімен байланыссыз қызмет атқара ала ма?

ДЖИГСО әдісі: Мұғалімдер тобы: «Сасық тұмау, Кішкене полип, Кеңсіріктің ау-

рулары»

Дәрігерлер тобы: «Катаральдық баспа, Тонзилит, Лорингит»

Экологтар тобы: «Таза ауаның маңызы»

(Оқушыларға өз беттерімен әзірленуге 7-10 минут уақыт беріледі. Дайын топтар

ортаға шығып басқаларға түсіндіреді. 3 топ тапсырмаларын орындап болған соң,

мұғалім қорытындылайды.)

Демонстрациялау әдісі: Тәжірибе көрсету (мұғалім)

Таза мақтаны стаканға салып, үстіне жанған темекіні салып, қақпаған жауып

қоямыз. 2-3 минуттан соң мақтадағы өзгерісті көреміз. Мақтаны өкпеміз деп еле-

стетсек, қаншалықты бұзылатындығына көз жеткіземіз.

Қорытындылау: - Сонымен, бүгін біздер тыныс алу мүшелерінің қызметі

бұзылғанда болатын ауру түрлерімен таныстық. Сондай-ақ, алдын алу шаралары-

мен, гигиенасымен таныстыңдар.

Бекіту: 1. Тест сұрақтары.

2. Пресс-конференция ( топтар бір-біріне сұрақ қояды, тез-тез жауап беруі керек.)

«Мұғалімдер» тобы

«Дәрігерлер» тобы

«Экологтар» тобы

1.

2.

3.

4.

5.



Бағалау: - Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ бойынша белсене араласқан

оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: - Қосымша әдебиеттер мен БАҚ - нан тыныс алу жолдарының

аурулары туралы мәлімет жинау



© 2010-2022