Адам эволюциясының әлеуметтік және биологиялық бағыттары

Бұл сабақта адамның эволюциялық дамуы, шығу тегі, адам нәсілдері туралы түсінік беріледі. сабақ СТО технологиясының элементтерін пайдалана отырып құрылған. Аралас сабақ түрінде алынған сабақта тірек сызба, кесте, венн диаграммасы енгізілген. сабақ оқушылардың қызығушылығын тудырып, адамның даму тарихын белсене оқиды. қоғамдық тіршіліктің жетекші ролі адамның әлуметтік дамуы болатыны туралы оқушылар түсінік алады. адамның шығу тегі даналық сөздер, нәсілдік, тектік ұғымдармен байланыстырылған. оқу... .
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология 11 - сынып
Сабақтың тақырыбы:. Адам эволюциясының әлеуметтік және биологиялық бағыттары. «Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршіліктің жетекші рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Биология пәнінен «Адамның шығу тегі» тарауын халықтың даналық сөздерімен, нәсілдік, тектілік ұғымдарымен байланыстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды нақыл сөздердің мазмұнын өз ойымен қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау. СТО элементін пайдалану
Сабақтың пән аралық байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, тірек - сызба, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгендеу.

ІІ. Ой сергіту сұрақтары:
1. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін ғылым. (Антропология )
2. Адам пайда болған заман (Кайнозой)
3. Адамның тарихи дамуы ( Антропогенез)
4. Адамның қазып алынған сүйек қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеоантропология)
5. Крамоньондықтар кімдерге жатады? (Саналы адамға)
6. Қандай адамтәрізді маймылдың бас сүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы адамға ұқсас болады? (Гиббон )
7. Қандай адамтәрізді маймылдың 385 анатомиялық белгілері адамға ұқсас? (Горилла)
8. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? (Ч.Дарвин )
9. Өте ертедегі адам - Қытай адамы (Синантроп )
10. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады? (Әлеуметтік )

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Электрондық оқулықпен жұмыс. Адамның түрлі нәсілдері.
2. Қосымша мәліметтер. Жер шарындағы барлық нәсілдер негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас. Миклухо - Маклай Жаңа Гвинея тұрғындарының арасында көп жыл болып, австралоидтық кіші нәсілге жататын папуастардың мәдени дамуы мен ой - өрісі басқа халықтардан бірде - бір кем
еместігін көрсеткен - ді. Адамзаттың ой - өрісі және ойлау қабілеті нәсіліне сәйкес еместігін И. М. Сеченов пен Н. Г. Чернышевский де дәлелдеп берді.
«Жеріне қарай адамы» дейді қазақ.

ІІІ. Сабақты бекіту.
1. Венн диаграммасын құрастыру.

2. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде ортадағы ерекше бөлініп көрсетілген торкөзде бір нәсілдің аты шығады.
1. Ахметов
2. еуропоид
3. Бернье
4. Энгельс
5. еуропоид
6. полицентризм
7. моноцентризм
8. Тимирязев
9. үндіс
1. Қазақ халқы мен үндіс нәсілінің арасында ұқсастық бар екендігін айтқан ғалым.
2. Нәсілдердің бір тобы.
3. Нәсілдер туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалым.
4. Әлеуметтік дарвинизм теориясын сынаған қоғам қайраткері.
5. Нәсілдердің бір тобы.
6. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.
7. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.
8. Әлеуметтік дарвинизм теориясын орыс ғалымы.
9. Нәсілдердің Солтүстік Америкада тараған тобы.

Шешуі: Монголоид.
3. Проблемалық сұрақ: Қазақ халқының салт - дәстүрінде жүзге, руға бөлінушілік бар! Сіз осымен келісесіз бе? (ия, жоқ).
4. «Қол - еңбек мүшесі емес, ол өзі еңбектің өнімі» тақырыбында эссе жазу.
ІV. Үйге тапсырма беру.
VІ. Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022